|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi № 1235 және 2002 жылғы 27 ақпандағы № 254 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2007.02.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 653 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн: 1) «Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi № 1235 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 33, 433-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесінде: 2-тармақта: екiншi абзац «судьялар болып жұмыс iстеген адамдар» деген сөздерден кейiн «, сондай-ақ мемлекеттік нотариалдық кеңселерде жұмыс iстейтiн нотариустар (мемлекеттік нотариустар)» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын: «Сондай-ақ терiс себептер бойынша жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда, прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемiнде он жыл жұмыс iстеген, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға ниет білдiрген прокурорлар, тергеушiлер және анықтаушылар аттестациялауға жатпайды.«; екiншi абзацта: 2) және 4) тармақшалар алынып тасталсын; 8) тармақшада «адвокаттық қызметпен айналысу құқығына» деген сөздер алынып тасталсын; үшiншi абзацта «2), 4)» деген сандар алынып тасталсын; 10-тармақта «ай сайын» деген сөздер «қажеттілiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiне бiр рет» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулыға 1, 2-қосымшаларда: «Заңгерлiк мамандығы бойынша жұмыс өтілі _______» деген жол алынып тасталсын; 2) ҚР Үкіметінің 2007.02.06. № 454 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |