|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен (2006.15.09. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлік қоғамы қызметiнiң тиiмділігiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 21 мамырдағы № 570 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулар 1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiк түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: "Алматы қаласы" деген бөлiмiнде: реттiк нөмiрi 116-шы жол мынадай редакцияда жазылсын: "116. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" АҚ". 2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне" деген бөлiмiнде: реттiк нөмiрi 236-8-шi жол мынадай редакцияда жазылсын: "236-8. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" АҚ". ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 873 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы директорларының Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175 қаулысына: атауындағы және мәтiніндегі "жабық" деген сөз алынып тасталсын; 4. ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 1237 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 5. ҚР Үкіметінің 2005.26.05. № 514 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |