Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесін бекіту туралы (2011.26.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 196 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 49-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қаржы рыногын мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Заңының 13-бабының 3-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесі бекітілсін (осы қаулының 1-қосымшасы). 2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер күшін жойды деп танылсын. 3. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы (Жұрынова С.Р.): 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын; 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|