Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 98 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын бухгалтерлік есепке алуды жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді. 3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне жіберсін. 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны жеті күндік мерзімде почта байланысының уәкілетті ұйымына және қызметінің жалғыз түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын барлық уәкілетті ұйымдарға жіберсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|