|
|
|
Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлердi Мемлекеттік тiзiлiмге тiркеу ережесін бекіту туралы (2008.18.11. берілген өзгерістемен )
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 125 Қаулысымен күші жойылды
«Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлердi Мемлекеттік тiзiлiмге тiркеу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1346 қаулысымен бекітілген Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлердi Мемлекеттік тiзiлiмге тiркеу ережесi 1. Жалпы ережелер Осы Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлердi Мемлекеттік тiзiлiмге тiркеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi Заңының (бұдан әрi Заң) 5-бабы негiзiнде әзiрлендi және қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектілердi Мемлекеттік тiзiлiмге (бұдан әрi - Мемлекеттік тiзiлiм) тiркеу шарттары мен тәртібін белгiлейдi. 1. Мемлекеттік тiзiлiм: Қазақстан Республикасының қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлерiнiң бiрыңғай тiзбесiн жасау; қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндеттi орындауын және олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады. 2. Мемлекеттік тiзiлiм кәсiпорындардың және (немесе) олардың цехтарының, учаскелерiнiң, алаңдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты өзге де объектілерiнiң бiрыңғай, мерзiмдi анықталып отыратын және олар туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы барлық қажеттi мәлiметтердi құрайтын тiзбесiн бiлдiредi. ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік тiзілiмге тiркеудi табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) оның аумақтық органдарының ұсынылған ақпаратына сай жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік тiзiлiмдi жүргiзу ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттік тiзiлiм жүргiзудi Қазақстан Республикасының қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлерi туралы мәлiметтердi орталықтандырылған жинау жүктелетiн уәкілетті орган жүзеге асырады. 5. Мемлекеттік тiзiлiм осы Ережеге 1-қосымшаға сай Қазақстан Республикасының қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлерiнiң тiзiлiм-журналын бiдiредi. 3. Мемлекеттік тiзiлiмге тiркеу шарттары 6. Мемлекеттік тiзiлiмге тiркелуге Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес: 1) оларда мынадай қауiптi заттар (ең жоғары бiржолғы мөлшерде): тұтанғыш заттар - қалыпты атмосфералық қысымда және ауамен қосылғанда тұтанатын, қалыпты қысымда қайнау температурасы 20оC немесе одан төмен, мөлшерi 200 тоннаға тең немесе одан асатын газдар; тотықтандырғыш заттар - жануды қалыпты күйде ұстайтын, тұтануды туғызатын және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтiргiш экзотермиялық реакциялардың нәтижесiнде басқа заттардың жануына ықпал ететiн мөлшерi 200 тоннаға тең немесе одан асатын заттар; жанғыш заттар - технологиялық процесте пайдаланылатын немесе магистральдық құбырмен тасымалданатын мөлшерi 200 тоннаға тең немесе одан асатын сұйықтар, өзiнен-өзi тұтанып жануға, сондай-ақ тұтану көзiнен от алуға және ол көздi жойғаннан кейiн де жаңа беруге бейiм газдар, тозаң; жұмсалатын, тауар-шикiзат қоймалары мен мұнай өнiмдерi базаларындағы мөлшерi 3500 тоннаға тең немесе одан асатын жанғыш сұйықтар; жарылғыш заттар - сыртқы әсердiң белгiлi бiр түрлерiнен жылу бөле және газ түзе отырып, өзiнен-өзi өте тез таралатын химиялық өзгерiске бейiм мөлшерi 25 тоннаға тең немесе одан асатын заттар; уытты және жоғары уытты заттар - тiрi организмдерге әсер ету кезiнде олардың өлiмiне әкеп соқтыруға бейiм және мынадай сипаттамасы бар заттар: асқазанға енгiзiлген кезде бiр килограмм салмаққа, қоса алғанда, 200 миллиграмнан аз келетiн өлтiретiн орташа доза; терiге енгiзген кезде бiр килограмм салмаққа, қоса алғанда,400 миллиграмнан аз келетiн өлтiретiн орташа доза; ауадағы өлтiретiн орташа шоғырлануы бiр литрге, қоса алғанда, 2 миллиграмнан аз келетiн, 1 тоннадан астам хлорға баламалы мөлшердегi; биологиялық қауiптi заттар алынатын, өндiрiлетiн, пайдаланылатын, өңделетiн, пайда болатын, сақталатын, тасымалданатын (оның iшiнде магистральдық немесе технологиялық құбырлармен), қоймаға салынатын, түсiрiлетiн (тиелетiн), сатылатын, бейтараптандырылатын немесе жойылатын; 2) энергетикалық жабдықтар мен электр және жылу станцияларының электр қондырғыларын пайдаланатын; 3) газ толтырушы станциялар мен сұйытылған газ пункттерi өндiрiстiк аймағының негізгі ғимараттары (үй-жайлары) және құрылыстары пайдаланылатын; 4) қара немесе түстi металдардың балқытпасы және осы балқытпа негiзiнде қорытпалар өндiрiлетiн; 5) тұрақты, жылжымалы, қалқымалы бұрғылау қондырғылары және ұңғымаларды жер астында жөндеуге арналған көтергiш агрегаттар пайдаланылатын; 6) көмiрсутегi кен орындарын игеру: мұнайдың, газдың және мұнай өнiмдерiнiң ұңғымаларын бұрғылау, оларды өндiру, жинау, дайындау, сақтау, өңдеу, тасымалдау жүргiзiлетiн; 7) пайдалы қазбаларды өндiру мен байыту бойынша кен жұмыстары (кең таралған пайдалы қазбаларды өндiруден басқа), сондай-ақ жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргiзілетiн; 8) гидротехникалық құрылыстар, қалдықтар қоймалары, І, II және ІІІ сыныпты күл төгу орындары мен шлам жинау орындары пайдаланылатын; 9) атом энергиясы пайдаланылатын кәсiпорындар және (немесе) олардың цехтары, учаскелерi, алаңдары, сондай-ақ өзге де объектiлер жатады. 7. Аумақтық органдардың Мемлекеттік тiзiлiмге тiркеудiң қажеттiлiгi туралы ақпаратын бiрiншi басшы не оның мiндетiн атқарушы тұлға бекiтедi және мыналарды құрауы тиiс: қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты кәсiпорындардың және (немесе) олардың цехтарының, учаскелерiнiң, алаңдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң (облыстың, Астана, Алматы қалаларының) өзге де объектiлерiнiң толық тiзбесi. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлердiң тiзбесi осы Ережеге 2-қосымшаға сай Заңның 5-бабының талаптарына толық сәйкестiкпен қалыптастырылады; көрсетiлген кәсiпорындардың және (немесе) олардың цехтарының, учаскелерiнiң, алаңдарының, сондай-ақ өзге де объектiлердiң қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлердiң санатына жататынын, сондай-ақ оларды Мемлекеттік тiзiлiмге тiркеу қажеттiлiгiн растайтын негiздемелiк анықтама. 8. Мемлекеттік тiзiлiмге тiркеу аумақтық органдардың Мемлекеттік тiзiлiмге тiркеу қажеттiлiгi туралы ақпаратты ұсынған сәттен бастап 30 күн iшiнде жүргізiледi. Заңның 5-бабының талаптарына сәйкес келмейтiн объектiлер Мемлекеттік тiзiлiмге тiркелуге жатпайды. 4. Мемлекеттік тiзiлiмге тiркеу тәртібі ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. Мемлекеттік тiзiлiмге тiркеу өзiне: 1) Осы Ереженiң 7-бабына сәйкес Мемлекеттік тiзiлiмге тiркеу қажеттiлiгi туралы аумақтық органдардың ақпаратын уәкілетті органға ұсынуын; 2) уәкілетті органның оның аумақтық органдарының ұсынылған ақпаратына сай Мемлекеттік тiзiлiмге тiркеу туралы шешiмдi қарауын және қабылдауын; 3) объектiге тиiстi тiркеу нөмiрiн бере отырып, оны Мемлекеттік тiзiлiмге енгізудi қамтиды. ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Мемлекеттік тiзiлiм уәкілетті органның бiрiншi басшысының бұйрығымен бекітіледi, қажеттiлiгiне қарай жаңартылып отырады және қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндетті орындауын және олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшiн оның аумақтық органдарына жеткiзiледi. ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Мемлекеттік тiзiлiмге өзгерістер мен толықтыруларды оның аумақтық органдарының ақпаратына сай уәкілетті орган енгiзедi. Аумақтық органдардың Мемлекеттік тiзiлiмге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпараты қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлердiң бұрын тапсырылған тiзбелерiне өзгерістер мен толықтырулар түрiнде ресiмделедi. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектілердi Мемлекеттік тізілімге тiркеу ережесіне 1-қосымша Қазақстан Республикасының қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлерi тiзiлiм-журналының нысаны
Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектілердi Мемлекеттік тізілімге тiркеу ережесіне 2-қосымша Қызметi үшінші тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты кәсiпорындар және (немесе) олардың цехтары, учаскелерi, алаңдары, сондай-ақ өзге де объектілер тiзбесiнiң нысаны
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |