|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен қаражат бөлу туралы (2006.02.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың «Ресей Федерациясының Беслан қаласындағы лаңкестiк әрекет құрбандарын еске алу және лаңкестік әрекет салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы» 2004 жылғы 6 қыркүйектегі № 495 өкімінiң 3-тармағын icке асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2006.02.11. № 1044 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне Ресей Федерациясының Үкіметіне Беслан қаласында перзентхана салуға көмек көрсету үшiн 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен 131160000 (бip жүз отыз бір миллион бір жүз алпыс мың) теңге сомасында қаражат бөлiнсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен бiрлесiп, көрсетiлген қаражатты айырбастасын және оларды белгіленген тәртiппен Ресей федерациясының Үкіметі белгiлеген шотқа аударсын. 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі: 1) дипломатиялық арналар арқылы Ресей Федерациясының Үкіметін Қазақстан Республикасы Үкiметінiң көмек көрсеткені туралы хабардар етсiн; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметін бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы туралы хабардар етсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |