|
|
|
Ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы (2013.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығын қараңыз
ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Үкіметінiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысымен бекітiлген
ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы Ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Автомобиль жолдары туралы» 2002 жылғы 17 шілдедегі Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелеріне, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттеріне, «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік және құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді. ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Ереже автокөлік құралының көлемі мен салмағын ескере отырып, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары арқылы және елді мекендердің көшелері арқылы жүріп өту үшін Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген көлемдік және салмақтық өлшемдерінен асатын жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін реттейді. ҚР Үкіметінің 2009.16.06. № 913 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.03.08. № 902 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер: 1) бүркемелеу автомобилi - iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралына барлық жүру бағыты бойынша iлесiп жүру үшiн тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi бөлген автомобиль; 2) ілесіп жүру автомобилі - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралына автомобиль жолдарымен ілесіп жүретін, тиісті тану белгілері бар Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөлімшелерінің (бұдан әрі - әкімшілік полиция) ақысыз негізде ұсынатын патрульдік автомобилі; 3) бақылаушы органдар - көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары, әкімшілік полиция және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден органдары (бұдан әрі - кеден органдары); 4) Арнайы рұқсатқа бақылау талоны - ірі көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі үшін төленген алым сомасын растайтын құжат; 5) iрi көлемдi автокөлiк құралы - автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерi асып түсетiн жүгімен немесе жүксіз автокөлiк құралы; 6) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүк - автокөлiк құралдарымен тасымалдау кезiнде рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерден асатын және (немесе) жүгi бар автокөлiк құралының толық салмағы немесе оське түсетін жүктемелерi автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгiленген рұқсат етiлген салмақтың өлшемдерден асып түсетiн жүк; 7) халықаралық тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өтетiн тасымал; 8) өңiраралық тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының екi және одан да көп облысы арқылы өтетiн тасымал; 9) жергiлiктi тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының бір әкiмшiлiк-аумақтық бірлiгі шегiнде өтетiн тасымал; 10) ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11) көліктік бақылау посты - арнайы лайықталған ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған, техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырылған стационарлық немесе жылжымалы бақылау-өткізу пункті; 12) отандық және шетелдік ірі көлемді және (немесе) салмағы ауыр автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіппен алынатын ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі салдарынан автомобиль жолдарына және жол құрылыстарына келтірілген залалды ақшалай өтеу (бұдан әрі - автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым; 13) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдау бағытын келiсу - келiсушi ұйымдардың iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының белгiленген бағыт бойынша жүру шарттарын белгiлеуi; 14) келісуші ұйымдар - автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүру бағытында автомобиль жолдары, жол құрылыстары және коммуникациялық объектілері (көпірлері, жолөткелдері, темір жол өтпелері, электр желілері, байланыс кабелдері және т.б.) теңгерімінде бар, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында автомобиль жолдарына иелік ету немесе басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар; 15) Арнайы рұқсат - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлік құралдарының жол беретін параметрлерінен көлемі, салмағы және (немесе) осьтік жүктемелері бойынша артық, жүгі бар немесе жүксіз, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдік ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне құқық беретін рұқсат беру құжаты (бұдан әрі - Арнайы рұқсат); 16) ауыр салмақты автокөлiк құралы - толық салмағы немесе оське түсетiн жүктемесi Қазақстан Республикасы аумағында автомобиль жолдарымен жүру үшін белгiленген рұқсат етілген салмақтық өлшемдерден асатын жүгi бар немесе жүксіз автокөлiк құралы; 17) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көліктiк бақылау комитетi немесе аумақтық көліктiк бақылау органдары. ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5. ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда 6. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автокөлік құралымен автомобиль жолдары арқылы тасымалдауға осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Арнайы рұқсат пен оның бақылау талоны болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 6-1. Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша рұқсат етілген ең ауыр салмағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, автокөлік құралының жол берілген жалпы салмағынан асатын өзі аударғыш автомобильмен жүктерді тасымалдауға жол берілмейді. 7. Ipi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автомобиль көлiгiмен автомобиль жолдары арқылы тасымалдау Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесінің және осы Ереженің талаптарына, сондай-ақ iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердің тасымалына оларды өндiрушi немесе жүк жөнелтуші (жүк алушы) белгiлеген қосымша талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Арнайы рұқсатты алуға берiлетiн өтініштi беру, қарау және келiсу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 508 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда 8. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуіне Арнайы рұқсат алу үшін отандық тасымалдаушы: 1) Халыққа қызмет көрсету орталығына; 2) www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы; 3) кеден органдарына осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішпен жүгінеді. Шетелдік тасымалдаушы рейске шыққанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға немесе кеден органдарына осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішпен жүгінеді. ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. Өңіраралық және халықаралық тасымалдау бағытын келісу жүргізілетін келісуші ұйымдардың тізбесі автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган басшысының шешімімен бекітіледі. Жергілікті тасымалдау бағытын келісу жүргізілетін келісуші ұйымдардың тізбесін жергілікті атқарушы органдар көрсетеді. 10. Ұсынылған тасымалдау маршрутын келiсу кезiнде тасымалдау қауiпсіздiгiн, жолдардың, жол құрылысы мен өзге де инженерлiк құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету, жол жүру бағытындағы қозғалыс қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде қосымша шаралар қабылдау қажеттілігi бөлiгiнде жүру жолы бойынша автомобиль жолдарының, жол құрылысы мен өзге де инженерлiк құрылыстардың көтерушілік қабiлетi және өткізу қабiлеті бағаланады. 11. Автомобиль жолдарының жол құрылыстары мен өзге де инженерлiк құрылыстардың көтерушілік қабілетiн бағалау үшiн есептеудiң сынақтан өткiзiлген әдiстерiн, жолдардың жол құрылыстары мен өзге де инженерлiк құрылыстардың жай-күйi туралы ақпаратты, сондай-ақ қосымша зерттеулердің материалдарын пайдалануға рұқсат етiледi. ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және жергілікті атқарушы органдармен тасымалдау бағытын келісу, егер: 1) ірі көлемді автокөлік құралының ені 3,5 метрден асқан; 2) ірі көлемді автокөлік құралының биіктігі жол бетінен 4,5 метрден асқан; 3) ірі көлемді автокөлік құралының, оның ішінде автопоездың ұзындығы 25 метрден асқан; 4) жалпы салмағы жасанды инженерлік құрылыстардың жүккөтергіштігінен асатын ауыр салмақты көлік құралының жол жүруі жүзеге асырылған; 5) ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының қозғалу жылдамдығы 8 км/сағатты кем болған жағдайларда жүргізіледі. Тасымалдаудың бағыты темір жол өтпелерімен, жолөткелдерімен, көпірлермен, құбырлармен, электр және байланыстың әуе желілерімен қиылысқан жағдайларда егер: 1) ірі көлемді автокөлік құралының ені 5 метрден асатын болса; 2) ірі көлемді автокөлік құралының биіктігі жол бетінен 4,5 метрден асатын болса; 3) ірі көлемді автокөлік құралының, оның ішінде автопоездың ұзындығы 25 метрден асатын болса; 4) ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының қозғалу жылдамдығы 8 км/сағаттан кем болса, тиісті келісуші ұйымдармен тасымалдауды келісу жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ жаңа редакцияда 13. Келісуші ұйым мәлімделген бағытқа келісуді жүргізеді немесе мынадай мерзімдерде: 1) жергілікті тасымалға бір жұмыс күні ішінде; 2) өңіраралық және халықаралық тасымалға үш жұмыс күні ішінде негізді бас тартуды жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында ұсынады. ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралын өткізудің теріс көрсеткіштері болмаса, онда келісуші ұйым отандық тасымалдаушының өтінішінде портал арқылы, ал шетелдік тасымалдаушының өтінішінде мөрмен куәландыра отырып, жазбаша түрде өз шешімін растайды. ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ жаңа редакцияда 15. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша ipi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі мүмкін болмаса немесе егер оны жүзеге асыру үшін жол жамылғысын немесе жол құрылыстарын нығайту бойынша қосымша шаралар жүргізу талап етілетін болса, келісуші ұйым бұл туралы уәкілетті органды немесе кеден органдарын жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында хабардар етеді және жүрудің басқа бағытын ұсынады немесе тасымалдау жүзеге асырылғанға дейін күшейту жұмыстарының қажетті кешенін орындайды. 16. Өтінiште онда барлық осьтер мен дөңгелектердi, ондағы осьтердің өзара орналасуын және дөңгелектердiң (жалғыз немесе қосарланған) санын, автокөлiк құралына немесе оның құрамдас бөліктерiне жүктің біркелкi тиелмеуi мүмкіндігін ескере отырып, жүктеменiң осьтер бойынша бөлiнуiн көрсете отырып, автокөлiк құралының дөңгелектiк өрнегi беріледi. ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 17. Уәкілетті органға өтініш түскен кезде оны тіркеу және ондағы мәліметтерді: 1) ұсынылған ақпараттың толықтығы не нақтылығы; 2) жүкті тасымалдауға қойылатын автокөлік құралының техникалық сипаттамаларының сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізіледі. Арнайы рұқсатты алу үшін өтінішті уәкілетті орган немесе кеден органдары, ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, ал осы Ереженің 12-тармағында көзделген тасымалдау маршрутын келісу талап етілмеген жағдайларда, бір жұмыс күні ішінде қарайды. ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 17-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 17-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 17-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 17-1. Уәкілетті орган немесе кеден органдары осы Ереженің 12-тармағында көзделген жағдайларда өтінішті қарау барысында тасымалдаушының өтінішін келісуші ұйымдармен келісуді жүргізеді. Келісуші ұйымнан белгіленген мерзімде жауап болмаған жағдайда, тасымалдаушының өтініші келісілген болып есептеледі. ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 508 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 18-тармақ жаңа редакцияда 18. Егер өтініште ақпарат толық болмаса және (немесе) нақтылы болмаса, уәкілетті орган немесе кеден органдары өтініш тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында өтініш қабылдамағаны туралы хабарлайды. ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 19-тармақ жаңа редакцияда 19. Уәкілетті орган немесе кеден органдары осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген мерзім ішінде тасымалдаушыны Арнайы рұқсатты беру және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген ставкалар бойынша және тәртіппен ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені үшін төленуі қажет алым сомасы туралы тасымалдаушыға хабарлайды немесе Арнайы рұқсат беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуды береді. 20. Егер автокөлiк құралының жасаушы зауыт белгілеген техникалық сипаттамалары тасымалдауға мәлiмделген iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бермесе тасымалдаушыға Арнайы рұқсат беруден дәлелдi бас тарту берiледi. ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 508 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 21-тармақ жаңа редакцияда 21. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуіне Арнайы рұқсатты алуға өтініш: 1) автокөлік құралы табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жұмысқа тартылған; 2) бұрын алынған Арнайы рұқсатта көрсетілген автокөлік құралының техникалық сипаттамалары және салмақтық-көлемдік параметрлері сәйкес болған кезде, көлік құралын ауыстырған (сынған жағдайларда) және жаңа Арнайы рұқсатты ресімдеу қажет болған; 3) Арнайы рұқсатты алғаннан кейін жүк жөнелтуші не жүк алушы тасымалдау бағытын өзгерткен және жаңа Арнайы рұқсатты осы Ережеде белгіленген тәртіппен ресімдеу қажет болған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде қаралады. 22. ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 23. Өтiнiште көрсетiлген мәлiметтер мен деректемелер: 1) егер тасымалдаушы заңды тұлға болып табылса, бірiншi басшының (оның орынбасарының немесе сенiмдi адамының) қолымен және мөрмен; 2) егер тасымалдаушы жеке тұлға болып табылса, қолымен және жеке басын куәландыратын құжат деректері; 3) егер тасымалдаушы дара кәсіпкер болып табылса, қолымен және дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы куәлігінде қамтылған деректер көрсетіле отырып расталады. ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 24-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 24. ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Арнайы рұқсатты беру және келiсу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 25-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 25. Арнайы рұқсатты уәкілетті органмен ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралы Қазақстан Республикасының аумағымен немесе Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан, автокөлік құралдарын өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кірген кезде кеден органдары қозғалыс маршрутын белгілегеннен және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде беріледі. Бұл ретте, Арнайы рұқсатты уәкілетті орган не кеден органдары толтырады және мөрмен куәландырады. 26. Арнайы рұқсаттардың бланкiлерi мен оның бақылау талондары қатаң есептегі құжаттар болып табылады және тiркелуге жатады. ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 27. Тасымалданатын жүктердiң санатына, тасымалдардың түрi мен сипатына байланысты Арнайы рұқсат біржолғы немесе келісілген мерзім iшiнде жарамды болуы мүмкiн: 1) біржолғы Арнайы рұқсат iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты бір автокөлiк құралына белгiленген мерзiмде келісілген бағыт бойынша бір сапарға берiледi; 2) көрсетілген мерзім ішінде жарамды болатын Арнайы рұқсат белгіленген тәртіппен бекітілген бағыт бойынша бір тұрпатты ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдайтын бір автокөлік құралына беріледі. Арнайы рұқсат алты айға дейінгі мерзімге беріледі. ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 508 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 28-тармақ жаңа редакцияда 28. ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 29-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 855 Қаулысымен 29-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 29-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 29. Ілесіп жүру автомобилінің болуы қажет болған кезде oсы Ереженің 42-тармағында көзделген жағдайларда уәкілетті орган немесе кеден органдары әкімшілік полицияға Арнайы рұқсатта көрсетілген бағыт бойынша ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралына ілесіп жүру қажеттілігі туралы тиісті хабарламаны жолдайды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті халықаралық және өңіраралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның немесе кеден органдарының хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы уәкілетті органды хабардар етеді. Облыстың, қаланың немесе ауданның әкімшілік полициясы жергілікті тасымалдауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы уәкілетті органды немесе кеден органдарын хабардар етеді. 30. ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының автомобиль жолдары арқылы жүріп өтуiн ұйымдастыру және оның тәртібі
31. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптар жасасқан тасымалдау шарты негізінде жүргiзiледi. Ipi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдаудың, соның iшiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүріп өтуiне Арнайы рұқсат алу бөлiгіндегi жалпы шарттары халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңнамасында белгіленедi. 32. Тасымалға және Арнайы рұқсатқа қойылатын талаптардан туындайтын қажеттілік жағдайында тасымалдау шарты iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкке қосалқы автокөлiк құралдарының (отын құюшы, автошеберхана, қосымша персоналға арналған автобус, тапқыш немесе итергiш қосымша автомобиль және т.с.с.), бүркемелеу автомобилiнiң және (немесе) ілесіп жүретiн автомобильдiң ерiп жүруiн көздейдi. 33. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдауға тиiстi санаттағы автокөлiк құралын басқару құқығы бар жүргiзушiге рұқсат етiледi. 34. Тасымалдаушының және (немесе) жүк жөнелтушiнiң жауапты өкiлi iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдаумен айналысатын жүргізушi(лер)мен және жүк жинаушылармен қауiпсіздiк техникасы жөнiнде арнайы нұсқаулық өткiзедi. 35. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүк бекiтілген автокөлiк құралын жүру басталмас бұрын жүргiзушi, тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінiң жауапты өкілдерi қарап шығады. Жүк Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесінiң талаптарына, сондай-ақ жүк жөнелтушiнiң талаптарына сәйкес бекiтіледi және таңбаланады. 36. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдары, сондай-ақ бүркемелеу автомобильдерi қызғылт немесе сары түстi арнайы жарық беру сигналдарымен (жарқылдауық маяктармен) жабдықталады. Қозғалыс кезiнде жарқылдауық маяктардың жұмысы жол қозғалысының басқа қатысушыларына қосымша хабар беру құралы болып табылады және артықшылықпен жүрiп өту құқығын бермейдi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |