|
|
|
“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы”
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 205 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметiнің күшi жойылған кейбір шешімдерінің тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасының Арал өңіріндегі экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 17 желтоқсандағы № 1057 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 49, 716-құжат). 2. "Қазақстан Республикасының Жекелеген мемлекеттік наградтарымен наградталған азаматтарға берiлетiн жеңiлдiктер туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 қыркүйектегi № 783 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 34, 401-құжат). 3. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 1996 жылғы 9 тамыздағы № 987 қаулысымен бекітiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердiң 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 33, 313-құжат). 4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 2 сәуірдегі № 465 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдеріне енгізілетін өзгерістердiң 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 14, 107-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |