|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және (2023.17.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер бекітілсiн. 2. «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамының 2004 - 2006 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 19 наурыздағы № 344 қаулысының күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 5 наурыздағы № 215 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетін өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2023.17.07. № 602 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 27 шiлдедегi № 837 қаулысында: «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «МЖЗҚ» ЖАҚ)»деген сөздер «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2, 3-тармақтар алынып тасталсын. 3. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 4. ҚР Үкіметінің 2007.26.07. № 633 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 377 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |