|
|
|
“Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары” (ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70 (өте құпия), 71, 71-1-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 63-қосымша
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған "Сыртқы саяси қызметтi қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 8500548 мың теңге (сегiз миллиард бес жүз миллион бес жүз қырық сегiз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексi, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы "Ақпараттандыру туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шiлдедегі "Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 16 шiлдедегi "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" № 173 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" № 217 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 19 наурыздағы "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" атты Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 574 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы "Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiмiн бекіту туралы" № 1282 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджетi) есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбек ақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" № 1284 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы "Қазақстан Республикасының Дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ереженi бекіту туралы" № 1287 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн!" Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 мамырдағы "Шетелдердегi Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң еңбек жағдайлары туралы ереженi бекіту туралы" № 577 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 21 қарашадағы "?кіметтiк және дипломатиялық хат-хабарларды жеткізу туралы" № 1581 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 19 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шетелдегi мекемелерiнiң жылжымайтын мүлiктi сатып алуының және жалдауының, үй-жайлар мен ғимараттардың күрделi құрылысын салу және жөндеу туралы" № 1144 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 мамырдағы "Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдiгіндегі Елшiлiгiн орналастыру үшiн Қазақстан Республикасының меншiгiне Брюссельде ғимарат сатып алу туралы" № 893 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 9 қазандағы "Қазақстан Республикасының меншiгiне Вашингтонда (Колумбия округi, АҚШ) жылжымайтын мүлiк объектілерін сатып алу туралы" № 1431a қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi" № 136 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 ақпандағы "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге көлiктiк қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердi пайдалануды реттеу туралы" № 288 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 9 тамыздағы № 1222-73 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 тамыздағы "Бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға арналған қаражат есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгiлеу ережесін бекіту туралы" № 1127 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" № 41 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 16 маусымдағы № 906-55 с қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 11 ақпандағы "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен шетелдiк iссапарларға арналған валюталық қаражатты жұмсауды ретке келтiру жөніндегі шаралар туралы" № 148 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 наурыздағы "Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесi мен өкiлдiк шығындардың нормаларын бекіту туралы" № 281 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 9 сәуірдегі "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2003-2004 жылдарға арналған жоспары туралы" № 344 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 және 2003 жылғы 20 наурыздағы № 281 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 152 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 30 сәуірдегі "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" № 495 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 19 тамыздағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" № 867 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 7 қазандағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" № 1040 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 20 қазандағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 наурыздағы № 281 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" № 1080 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң мәселелерi" № 1118 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 3 қарашадағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 ақпандағы № 148 қаулысына толықтырулар және өзгерістер енгізу туралы" № 1140 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты ведомствосының және Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету, министрлiк қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының сыртқы саясат бағытын дамыту, сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыруға қолдау көрсету жөніндегі жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi орындауға қол жеткізу үшiн Сыртқы iстер министрлігін және Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерiн ағымдағы ұстау; министрлiк қызметкерлерiнiң біліктiлiктерiн арттыру; министрлiктi және шетелдердегi мекемелердi сапалы, жедел түрдегi және қорғалған ақпаратты (оның iшiнде дипломатиялық хат-хабарларды) алмасу үшiн байланыстың телекоммуникациялық түрлерiмен қамтамасыз ету; халықаралық сахнада Қазақстан Республикасының оң сипаттағы беделiн арттыру үшiн жағдайлар жасайтын шаралар кешенiн жүзеге асыру; қазiргi заманғы халықаралық стандарттарға сай келетiн қорғалу деңгейi жоғары визалық жапсырмаларды әзiрлеу; Мемлекеттік протоколдың орындалуына және жедел жұмыс iстеуiне жағдайлар жасау; Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiне үкiметтiк және дипломатиялық хат-хабарлардың жедел түрде жеткiзiлуi мен қайтарылуын және олардың кепiлдi түрде сақталуын қамтамасыз ету; материалдық-техникалық қамтамасыз ету, автокөлiкпен, есептегіш және ұйымдастыру техникасымен, қазiргi заманғы бағдарламалық өнiмдермен, бірiңғай ақпараттық-қаржылық жүйемен қамтамасыз ету; СIМ жүйесiн ақпараттандыру; шетелдегi дипломатиялық қызмет персоналын және олардың отбасы мүшелерiн тұрғын және қызметтiк үй-жайлармен, медициналық қызметпен қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының меншiгiне жататын шетелдегi жылжымайтын мүлiк объектілерін ұстау, қызмет көрсету және ағымдық жөндеуден өткізу, ұзақ мерзiмдiк жалға алу және АҚШ-та, Англияда, Бельгияда Қазақстан Республикасының меншiгiне жылжымайтын мүлiктi сатып алу бойынша өткен жылдың мiндеттемелерiн тепе-теңдiк негiзде орындау. ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. ____________________________________________________________________ 2 001 Орталық Қазақстан Республи- жыл Қазақстан 3 007 Мемлекеттік Бекiтілген білiкті- жыл Қазақстан
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |