Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 175 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының үш, оның iшiнде бір бірiншi орынбасары болады деп белгiленсiн. 3. "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 7 шiлдедегi № 743 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 27, 350-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi (бұдан әрi - Агенттік) Қазақстан Республикасы Үкiметінің құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi табиғи монополия субъектілерінің қызметiн бақылау мен реттеу, табиғи монополия субъектілерiнiң қызметiн жүзеге асыру саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау, табиғи және мемлекеттік монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ақылы қызметтер көрсетуiнiң тәртiбін бақылау, өз қызметiн мемлекеттік монополияға жатқызылған салада жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындардың қызметін реттеу мен бақылау салаларында мемлекеттік саясатты iске асыру болып табылады. Агенттiктiң аумақтық органдары - заңды тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша департаменттерi бар. 2. Агенттiк өзiнiң қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, ?кіметінің кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Агенттiк туралы Ереженi, жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 4. Агенттiк заңды тұлға - ұйымдық-құқықтық нысандағы мемлекеттік мекеме болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің қазынашылық органдарында ашылатын шоты, өзiнiң атауы мемлекеттік және орыс тілдерiнде жазылған бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi болады. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 5. Агенттiк өзiнiң мемлекеттік өкiлеттiктерінің шеңберiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзiнiң құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар нысанында Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндетті күші бар кесімдер шығарады. 6. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бөкейхан көшесi, 14. 7. Толық атауы - "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi" мемлекеттік мекемесi. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады. 8. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Агенттiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсіпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен кiрiстер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы бepiлce, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер белгiленген тәртiппен мемлекеттік бюджеттің кiрiсiне жiберiледi. 2. Агенттiктiң негiзгi функциялары мен құқықтары 9. Агенттiктiң стратегиялық функциялары: 1) табиғи монополия саласындағы мемлекеттік саясатты пысықтауды; 2) мемлекеттік монополия саласындағы мемлекеттік саясатты пысықтауды; 3) табиғи монополиялар туралы заңнаманы жетілдiру жөнiнде нормативтік құқықтық кесiмдер мен ұсыныстар әзiрлеудi; 4) табиғи монополия субъектілерiн қайта ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. 10. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен мынадай функцияларды: мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласында: 1) табиғи монополия саласында тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) белгілеудiң кемсiтпеушілік әдіснамаларын әзiрлеудi және бекітудi; 2) мемлекеттік мекемелер монополиялық түрде жүзеге асыратын қызметтерге бағалар есептеу әдіснамасы мен белгілеу ережелерiн әзiрлеудi; мемлекеттік саясатты iске асыру саласында: 1) өз құзыретiнiң шегінде табиғи монополиялардың, тауар рыногының жұмыс iстеуiне, баға түзу мен тұтынушылардың мүдделерiн қорғау мәселелерiне қатысты заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердің жобаларына сараптама жасауды жүзеге асыруды; 2) Қазақстан Республикасы ?кіметінің шешiмдерi бойынша акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыруды; 3) өз құзыретiнің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы iстердi қарауды және олар бойынша шешiмдер қабылдауды; 4) Табиғи монополия субъектiлерінің мемлекеттік тiркелiмiн, Мемлекеттік органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттік тiркелiмiн қалыптастыруды және жүргiзудi; 5) тұтынушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтерi барынан басқа, табиғи монополия субъектілерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша қабылданған шешiмдермен таныстыруды; 6) Табиғи монополия субъектілерi мемлекеттік тiркелiмiнiң республикалық бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополия субъектілерінің тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) өзгертуге арналған өтiнімдерiн қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзудi; мемлекеттік саясатты iске асыруды бақылау саласында: 1) өз құзыретiнiң шегінде жұмыстарды жүргiзудi және мемлекеттік құпияларды қорғауды; 2) мыналарға: табиғи монополия субъектiсінің акцияларды (үлестердi) сатып алуына, сондай-ақ өзiне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы Заңымен рұқсат етілген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен оның қатысуына; табиғи монополия субъектiсінің негiзгi құралдарына жататын мүлiкті иелiктен айыруға және онымен өзге де мәмiлелер жасасуына; табиғи монополия субъектiсінің оларға тасымалданатын немесе берiлетiн тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өзiнiң тұтынуы үшін емес сатып алуына; табиғи монополия субъектiсінің негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына жатқызылған өзге қызметтi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасында белгiленген қызметтi жүзеге асыруына; табиғи монополия субъектiсi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзетiн сатып алуға; шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін қолдануы сәйкес табиғи монополия субъектiлерiнiң iс жүзiндегі шығындарына; табиғи монополия субъектілерiнің қайта ұйымдастырылуына және таратылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды; 3) табиғи монополия субъектiлерiнің шығындарын қалыптастырудың ерекше тәртібін қолдануды; 4) табиғи монополия саласында тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) белгілеудiң кемсiтпеушілік әдiстемелерiн қолдануды; 5) табиғи монополия субъектiсiнің тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) заңсыз көтерумен және (немесе) iс жүзiнде орындалмаған жұмыс құнын тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгізумен келтiрiлген залалды тұтынушыларға өтeу үшін уақытша өтемдiк тарифтi бекіту туралы шешiм қабылдауды; 6) табиғи монополия субъектiсiнің тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекітуге немесе өзгертуге арналған өтiнімдерiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негiздеудi; 7) Табиғи монополия субъектiлерi мемлекеттік тiркелiмiнің жергiлiктi бөлiмдерiне енгiзiлген табиғи монополия субъектілерiнің тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекітуге немесе өзгертуге арналған өтiнімдерiн қарау кезiнде тұтынушылардың немесе табиғи монополия субъектiсінің жазбаша өтiніші бойынша жария тыңдаулар өткізу қажеттiлiгiн анықтауды; 8) табиғи монополия субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтерiне) және мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелер көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекітудi; 9) уақытша төмендету коэффициентін белгiлеудi; 10) өз құзыретiнiң шегiнде реттелетiн салалардағы бәсекелес ортаның дамуына жәрдем көрсетудi жүзеге асырады. 11. Агенттiк өз құзыретiнің шегiнде міндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен: 1) табиғи монополия саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілердi Табиғи монополиялар субъектілерiнің мемлекеттік тiркелімiне енгізу туралы не одан шығару туралы шешім қабылдауға; 2) табиғи монополия субъектілерiнің қызметiн заңнамалық кесiмдерге сәйкес реттейтiн шешiм қабылдауға; 3) табиғи монополия субъектілерi үшін мiндеттi мемлекеттік реттеуді жүргiзу, өзгерту немесе тоқтату туралы шешім қабылдауға; 4) өз құзыретiнің шегiнде табиғи және мемлекеттік монополиялар саласындағы тәртіп бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарларын жою туралы заңнаманы бұзу фактілерi бойынша шешім қабылдауға; 5) табиғи монополия субъектiлеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерiнде белгiленген жағдайларда табиғи монополия субъектілерінің қызметтерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындауға мiндетті нұсқамалар енгізуге; 6) табиғи монополия субъектiсiне орындау үшiн мiндеттi табиғи монополиялар болып табылмайтын технологиялық байланысты өндiрiстердi иеліктен айыру туралы нұсқамалар енгізуге; 7) өз құзыретiнің шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою мақсатында талаппен сотқа жүгiнуге, оларды қарауға қатысуға; 8) жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттік органдардан, жергіліктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларынан Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария ету талаптарын сақтай отырып, өзiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға; 9) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерiн өзiнiң бастамашылығы бойынша, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары мен олардың билiгiндегі өзге де материалдардың негiзiнде, мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың, азаматтардың, мүдделi тұлғалардың жазбаша мәлiмдемелерi мен хабарламаларының және табиғи монополия субъектiлерiнiң өтiнiштерi негiзiнде қарауға; 10) табиғи монополия субъектiлерi тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарды әзірлеуге және оларды Қазақстан Республикасының Yкіметіне бекітуге ұсынуға; 11) табиғи монополия субъектілерiнiң қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) өзгертуге бастамашылық жасауға; 12) Табиғи монополия субъектiлерi мемлекеттік тiркелiмiнің жергілiктi бөлiмдерiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерінің тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) өзгертуге арналған өтінiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзуге; 13) табиғи монополия субъектiсінің тарифтік сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыруға; 14) табиғи монополия субъектiсiнің қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) қолданысын алты айдан кем емес мерзiмге белгiлеуге; 15) өз құзыретiнiң шегiнде орындау үшiн мiндетті шешiмдер беруге және нормативтiк құқықтық кесiмдер шығаруға; 16) тарифтердi тiкелей немесе уақытша төмендету арқылы зиянды және (немесе) залалдарды өтеу туралы өз құзыретiнiң шегінде шешiм қабылдауға; 17) Агенттiктiң мәжілістерiнде мемлекеттік органдардың және мемлекеттік монополияға жатқызылған саладағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындардың лауазымды тұлғаларын тыңдауға; 18) Агенттiктiң құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсiнiктемелер беруге; 19) ғалымдар мен мамандардың, Агенттiк қызметкерлерінің, мемлекеттік органдар мен табиғи монополиялар субъектiлерi өкілдерiнің арасынан сараптамалық кеңес құруға; 20) тексерiстер мен сараптамалар өткiзуге басқа ұйымдардан мамандар тартуға; 21) өзiнiң өкiлеттіктерi мен функцияларының бір бөлiгiн аумақтық органдарға беруге; 22) мемлекеттік органдарға өз құзыретiнің шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын, олар қабылдаған кесiмдердiң күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге; 23) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн материалдар мен нормативтік құқықтық кесiмдердi прокуратура органдарына жіберуге; 24) өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың қызметiне тексерулер жүргізуге құқылы. 12. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Агенттiктiң мүлкi өзiне мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Агенттiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүліктен тұрады. 13. Агенттiкке бекітіп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 14. Агенттiктiң өзiне бекітіп берiлген мүлiктi өз бетінше иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Агенттiкке Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Агенттiктің қызметiн ұйымдастыру 15. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. 16. Агенттiк төрағасының төрағаның ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметтерге тағайындайтын және қызметтерден босататын орынбасарлары болады. 17. Агенттiктiң төрағасы Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады және Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапкершілікте болады. 18. Осы мақсатта Агенттiктiң төрағасы: 1) бұйрықтар шығарады; 2) өзiнiң орынбасарлары мен Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн айқындайды; 3) Агенттіктің орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары туралы ереженi бекiтедi; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Агенттiктiң орталық аппаратының қызметкерлерi мен аумақтық органдардың басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады; 5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Агенттiктiң атынан өкiлдiк етедi; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктiң қызметкерлерiне және аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарларына тәртіптiк жазалар қолданады және оларды көтермелейдi; 7) сараптамалық кеңестердiң жеке құрамын бекiтедi; 8) Агенттiктiң құзыретiне кiретін басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. 19. Агенттiк төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. 5. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату 20. Агенттікті ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң аумақтың органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тізбесі 1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнің Ақмола облысы бойынша департаментi 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Ақтөбе облысы бойынша департаментi 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгінiң Алматы облысы бойынша департаментi 4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігiнiң Атырау облысы бойынша департаментi 5. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгінiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 6. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігiнің Жамбыл облысы бойынша департаментi 7. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментi 8. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігiнің Қарағанды облысы бойынша департаменті 9. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінiң Қостанай облысы бойынша департаментi 10. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігiнiң Қызылорда облысы бойынша департаментi 11. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Маңғыстау облысы бойынша департаментi 12. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігiнiң Павлодар облысы бойынша департаменті 13. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаменті 14. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгінiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi 15. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Астана қаласы бойынша департаментi 16. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігiнiң Алматы қаласы бойынша департаменті |