|
|
|
2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы) (2005.26.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың: 401, 402, 402-1-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 401-қосымша
690 - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған "Сайлау өткізудi ұйымдастыру" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 932168 мың теңге (тоғыз үш жүз отыз екi миллион бiр жүз алпыс сегiз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы 28 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңы, 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексi, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 21, 22, 23, 24 және 25-баптары, Қазақстан Республикасының "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы, Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы, 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереже", Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмiн бекіту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiнiң сметасы бюджеттiң есебiнен қамтылған органдар қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы 1284 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты штатының саны туралы" 1998 жылғы 29 қазандағы 1108 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппаратының, жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi атқаруына қол жеткізуi үшiн, қызметiн қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлердiң, қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес, өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiби шеберлiктерiн жетiлдiру үшiн кәсiби қызмет саласындағы оқыту бағдарламалары бойынша біліктiлiгiн көтеру, теориялық және практикалық білімдерiн, икемдiлiгi мен ептiлiгiн жаңарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппаратын қамту, Парламент депутаттарының және мәслихаттар депутаттарының сайлауларын әзiрлеу мен өткізудi ұйымдастыру, комиссияны материалдық-техникалық жарақтандыру, оқулық семинар өткізу, мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктiлiгiн көтеру, "Сайлау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн және "Лука-бюджет" бағдарламаларын сүйемелдеу. ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 ; 2005.26.09. № 509б (бұр.ред.қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары. __________________________________________________________________ 2 001 Орталық Қазақстан Жыл Қазақстан 3 007 Мемлекеттік Бекiтiлген біліктi- Жыл Қазақстан 4 009 Мемлекеттік Жабдықтарды сатып Жыл Қазақстан офистiк жиһаз креслолар - 25 дана, кiлем бұйымдары - 20 дана; бір залға конференц-жүйесін сатып алу және орнату; саны 4 бірлік автокөлік құралдарын сатып алу 5 007 Ақпараттық Бiр жүрмелi компью- Жыл Қазақстан мемлекеттік шiлендiру, жүйелiк Комиссиясы органдарды қызмет көрсету, ақпараттық- желiлердi әкiм- техникалық шілендiру, жабдық қамтамасыз орнату және ету реттеу, жергілiктi есептеу желiсiн жобалау, жедел және техникалық қызмет көрсету, СКС монтаждау, инженерлiк- техникалық персоналды оқыту "Сайлау" 6 100 Сайлау өткізу Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан Парламентi бойы Республи- (селолық) округтер, ауылдар (селолар), кенттер әкiмдерiнiң, аудандар әкiмдерiнiң сайлауын әзiрлеу және өткізудi ұйымдастыру. Сайлау комис- сияларының мүшелерiмен семинарлар өткізу. ___________________________________________________________________ 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Орталық сайлау комиссиясына жүктелген мiндеттердi сапалы және уақтылы орындау, мемлекеттік қызметшiлердiң, осы заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес, кәсiби мемлекеттік қызметтiң талаптарына сай біліктiлiк деңгейiн көтеру.
Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 402-қосымша
690 - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған "Сайлау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құру" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 1328048 мың теңге (бiр миллиард үш жүз жиырма сегiз миллион қырық сегiз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы, "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сайлау процесiн жетiлдiру және сайлауларды өткізудiң мөлдiрлiгiн қамтамасыз ету мақсатымен "Сайлау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн жасау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Сайлау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн жасау, енгізу және техникалық жабдықты. ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. __________________________________________________________________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |