|
|
|
2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпараттандыру агенттігі) (2005.25.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 359, 360, 361, 362, 363, 364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 371-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпараттандыру агенттiгiнiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 359-қосымша
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған "Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 169536 мың теңге (бір жүз алпыс тоғыз миллион бес жүз отыз алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 9-бабы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 8 , 18, 21-24-баптары; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 2 желтоқсанындағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкiмшiлiк мемлекеттік қызметкерлердiң лауазым Реестрiн категория бойынша бекіту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сметасынан қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiнiң еңбек ақысының бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және біліктiлігін арттыруды жетілдіру жөнiнде одан әрi жүргiзiлетiн шаралар туралы" 1998 жылғы 18 қыркүйектегi № 4075 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 22 шiлдедегi № 724 қаулысы; "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылға 3 қазандағы № 1217 қаулысы; Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; Мемлекеттік қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi атқаруға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi мен оның аумақтық органдарының қызметiн қамтамасыз ету. Өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi атқару және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес кәсiби қызметi саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерiн, дағды шеберлiктерiн жаңарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппараты мен оның аумақтық органдарын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiби мамандану деңгейiн көтеру; Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi мен оның аумақтық органдарының жергiлiктi-есептеу желiлерiне жүйелi-техникалық қызмет көрсету; компьютерлiк және ұйымдастыру техникасына техникалық қызмет көрсету; Агенттiк пен оның аумақтық органдарының деректер беру желiлерiне қол жеткізу жөніндегі қызметтер үшiн абоненттiк және жалдық төлемдердi қамтитын ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерiн қамтамасыз eту; лицензиялар мен өзге де рұқсат ету құжаттарын беру және лицензиаттардың лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын талаптарды сақтауына бақылау жасау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. ____________________________________________________________________ 2 001 Орталық 66 бiрлiк мөлшерiн- Жыл Қазақстан 3 002 Аумақтық 113 бiрлiк мөлше- Жыл Қазақстан 4 007 Мемлекеттік Бекiтілген білікті- Жыл Қазақстан 5 017 Ақпараттық Компьютерлiк есептеу Жыл Қазақстан
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен оның аумақтық органдарының жүктелген функциялар мен мiндеттердi сапалы және уақтылы орындауы; мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби мемлекеттік қызметтiң талаптарына сай, қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес кәсiби деңгейiн көтеру; ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердiң кiдiрiссiз, тоқтаусыз жұмысын ұйымдастыру; жабдықтар мен ұйымдастыру техникасының мерзiмiнен бұрын тозуын алдын алу; лицензиялық заңнаманы бұзушылықтарды жедел анықтау және жолын кесу.
Yкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 360-қосымша
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған "Радиожиiлiк өрiсiнiң және радиоэлектрондық құралдардың мониторинг жүйесiн құру" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 110000 мың теңге (бip жүз он миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 9-бабының 5-тармағы; "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңының 9 , 11-баптары; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 2 желтоқсанындағы Заңы; "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тiркеудiң, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 6 қазандағы № 1293 қаулысы; "Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн радиосәуле шығаратын құралдардың деректерiн есепке алудың бiрыңғай жүйесiн құру бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 114 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегі агенттiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 22 шiлдедегi қаулысының 10, 11-тармақтары. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында радиожиiлiк спектрiн пайдаланудың peттeлуiн қамтамасыз етуге, жұмыс iстеп тұрған радиоэлектрондық құралдарды қадағалауға, Радиобөгеуiлдердiң көздерiн анықтауға, радиоэлектрондық құралдардың мәлiмделген параметрлерiнiң нақтыларына сәйкестiгiн тексеруге, заңсыз жұмыс iстейтiн радиоэлектрондық құралдардың ең көп санын анықтау салдарынан радиожиілік спектрiн пайдаланғаны үшiн мемлекеттік бюджетке түсiмдердi ұлғайтуға, басқарудың әртүрлi деңгейлерiнiң арасында ақпаратпен жедел алмасу үшiн деректер базасын жасауға, радиобөгеуiл көзiн торуылдау процесiн автоматтандыруға, мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қорғау жөнiнде тиiмдi шаралар қабылдауға мүмкiндiк беретiн техникалық радиобақылау жүйесiн құру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң аумақтық органдары үшiн қажеттi радиобақылау жабдықтарын сатып алу, техникалық радиобақылаудың стационарлық пункттерi мен жылжымалы станцияларын құру және жабдықтау, Қазақстан Республикасының электрондық санды картасы үшiн деректер қорының картографиялық iшкi жүйесiн жасау. ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. ____________________________________________________________________ Қазақстан облысы үшiн спектр талдағышына арналған антенналар жиынтығы - 1 дана, оның iшiнде: 1 кГц - 30 МГц диапазонына тармақтау антеннасы, 30 мГц - 1 мГц диапазонына дипольдық антенналар жиыны; 1 ГГц - 18 ГГц диапазонына екiгорнды антенна; 18 ГГц - 26,5 ГГц рупорлық антенна; Ақтөбе және
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |