|
|
|
2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылайтын есеп комитетi) (ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 348, 349-қосымшаларға сәйкес Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылайтын есеп комитетiнiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 348-қосымша
406 - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 195914 мың теңге (бiр жүз тоқсан бес миллион тоғыз жүз он төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексi 2004 жыл 24 сәуiр; "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдeдегi Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасының "Электрондық құжат пен электронды цифрлы қол туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; Қазақстан Республикасының "Информатизациялау туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 "Мемлекетік әкiмшiлiк қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмiн бекіту туралы"; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы және "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң орталық аппаратына жүктелген мiндеттердiң неғұрлым тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн оның қызметiн қамтамасыз ету. Өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласындағы оқыту бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерiн, дағдысы мен машығын жаңғырту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республикалық бюджеттiң атқарылуы мәселелерiн реттейтiн бюджет туралы заңнаманың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының орындалуын бақылау, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң орталық аппаратын ұстау, мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктiлiгiн арттыру, есептеу техникасына жүйелi-техникалық қызмет көрсету, активтер сатып алуды қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. ____________________________________________________________________ Есептеу техникасын сатып алу: желілік принтер - 1 бiрлiк, лазерлiк принтер - 30 бiрлiк, қолданушылардың жұмыс станциялары - 35 бiрлiк, ноутбуктер - 20 бiрлiк. ____________________________________________________________________ 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: республикалық бюджет атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiне жүктелген функциялардың сапалы және уақытылы орындалуы, қазiргi кезеңдегi экономикалық жағдайға сәйкес, кәсiби мемлекеттік қызмет талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердiң кәсiби деңгейiн арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 349-қосымша
406 - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған "Қаржы бақылау объектiлерi бойынша деректердiң ақпараттық базасын құру және дамыту" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 9677 мың теңге (тоғыз миллион алты жүз жетпiс жетi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексi 24 сәуір 2004 жыл; Қазақстан Республикасының "Электрондық құжат пен электронды цифрлы қол туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; Қазақстан Республикасының "Информатизациялау туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қаржылық бақылау объектiлерi бойынша ақпараттық деректер базасын жетiлдiру және дамыту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетiнiң жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру, республикалық және жергілiктi бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзу әдiстерiн жетiлдiру, Комитет қызметкерлерiн, бақылау объектiлерiн қаржылық есебiне талдау жасаған кезде аудитордың жұмысын iшінара автоматтандыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикалық процестерiн болжау және үлгiге салу, республикалық және жергiлiктi бюджет қаражатын жұмсаудың тиiмдiлiгiн арттыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Yкіметіне ұсыныс әзiрлеу жөніндегі мiндеттердi орындауға мүмкiндiк беретiн құрал-сайманмен жабдықтау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. ____________________________________________________________________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |