|
|
|
2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 61, 62-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 61-қосымша
203 - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған "Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi, бақылауды қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 961 376 мың теңге (тоғыз жүз алпыс бiр миллион үш жүз жетпiс алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Нормативтiк құқықтық кесiмдер туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 46-бабы; "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 13, 14, 17, 18-баптары; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 1-30-баптары; "Бәсеке және мемлекеттік қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 8-бабы; "Қазақстан Республикасының кейбір заң кесiмдерiне табиғи монополиялар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiм бекіту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджет) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функцияларды тиiмдi орындау үшiн Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң орталық аппараты мен аумақтық органдар аппараттарының қызметін қамтамасыз ету, кәсiптiк қызмет саласында білім беру бағдарламасы бойынша өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау үшiн қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес теориялық және практикалық білімдерiн, машықтары мен дағдыларын жаңарту және кәсiптiк шеберлiгiн жетiлдiру, табиғи монополия субъектілерiнiң қызметiн реттеу сапасын жақсарту, уәкiлеттi орган бекiтетiн тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметалардың негiздiлігін көтеру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгінiң аппаратын ұстау; Агенттіктiң, табиғи монополия субъектiлерiнiң тиiмдi қызметiне, тұтынушылардың заңды мүдделерiн қорғауға жәрдемдесетiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық және нормативтiк кесiмдердi жетiлдiру және жаңасын әзiрлеу; табиғи монополия субъектiлерiнiң техникалық және қаржылық жай-күйiн бағалау; уәкiлетті орган бекiткен тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметалардың деңгейiне сараптама жасау; жария тыңдаулар өткізу; мемлекеттік қызметшiлердiң біліктiлiгiн арттыру; Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi аппаратының материалдық-базасын нығайту, ақпараттық жүйелердiң қызмет етуiн қамтамасыз ету және ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. ____________________________________________________________________ 2 001 Орталық Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан 3 002 Аумақтық Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан 4 007 Мемлекеттік Біліктіліктi көте- Жыл Қазақстан 5 009 Мемлекеттік Қазақстан Респуб- Жыл Қазақстан 6 017 Ақпараттық Есептеу техникасын Жыл Қазақстан
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |