|
|
|
2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы) (2005.25.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 356, 357, 358-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 356-қосымша
502 - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған "Қазақстан Республикасында заңдардың және заңға тәуелдi актiлердiң дәлме-дәл және бірiздi қолданылуына жоғары қадағалауды iске асыру" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 6136486 мың теңге (алты миллиард бір жүз отыз алты миллион төрт жүз сексен алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы; "Еңбек қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 22 қаңтардағы Заңы; "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 1-30-баптары; "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы; "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсi мемлекеттік бюджет және смета (бюджет) есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбек ақы төлеудiң бірыңғай жүйесі туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн мемлекеттік жеңіл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 31 қазандағы № 1641 қаулысы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 529, 534, 537-541-баптары. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының өздерiне жүктелген функциялардың тиiмдi орындалуына қол жеткiзу қызметiн қамтамасыз ету, қылмыстық қудалау саласында алынған халықаралық мiндеттемелердi жедел орындау және қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейiн арттыру, мамандардың кәсiби білімiн тереңдету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орталық аппаратын, облыстық және оған теңестiрiлген прокуратураларды, Қазақстан Республикасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетiн және оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстау. Прокуратура органдарының қызметкерлерiн қажеттi еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету, шетелде ұсталған Қазақстан Республикасының азаматтарын экстрадициялау саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту. Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру жөніндегі iс шаралардың уақытылы және сапалы өткiзiлуiн қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. ____________________________________________________________________ 2 001 Орталық Қазақстан Республи- Бір Қазақстан 3 001 002 Аумақтық Облыстық және Бір Қазақстан 4 007 Мемлекеттік Қазақстан Республи- Бір Қазақстан 5 008 Мемлекеттік Прокуратура аумақ- Бір Қазақстан 6 009 Мемлекеттік Жазу столдарын - Бір Қазақстан 7 017 Ақпараттық ҚБ жинақтайтын Бір Қазақстан 8 001 100 Қазақстан Қазақстан Республи- Бір Қазақстан
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |