|
|
|
Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiне қызметтік мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен күші жойылды
«Әдiлет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы 29-2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Үкіметінiң 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 299 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiне (бұдан әрi - қызметкерлер) қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға заңнамаға сәйкес бiржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындайды. 2. Қызметкерлер мен оны алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу жүргiзілетiн жағдайлар, сондай-ақ оның көлемi «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 29-2-бабында көрсетiлген. 3. Қызметкерлердiң мертiгу немесе қаза табу (қайтыс болу) себептерi мен мән-жайларын тергеу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 3 наурыздағы № 326 қаулысымен бекітілген Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесінде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Бiржолғы өтемақы төлеу тәртібі
4. Жазатайым оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссия қызметкердiң қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде жарақат алу немесе қаза табу (қайтыс болу) фактiсiн растайтын қорытынды қабылдаған сәттен бастап, Қазақстан Республикасының әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiнiң кадр қызметi (бұдан әрi - кадр қызметi) қызметкердi немесе біржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамды 7 күн iшiнде мынадай құжаттарды ұсына отырып, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiржолғы өтемақы төлеуге өтiнiш беру қажеттiгi туралы жазбаша хабардар етедi. 1) қызметкер мүгедектiкке әкеп соқтырмайтын ауыр мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған), орташа немесе жеңiл мертiккен, науқастанған жағдайда: мертiгуiнiң ауырлығы туралы әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (анықтамасы) (көшiрмесi); 2) қызметкерге жарақаты, жаралануы (контузия алуы), мертiгуi, науқастануы нәтижесiнде болған мүгедектiк белгiленген кезде: денсаулығына зақым келу фактiсiн растайтын әскери-дәрiгерлiк комиссия берген қорытынды (көшiрмесi); халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiк тобын белгiлеу туралы анықтамасы (нотариалды расталған көшiрмесi); 3) қызметкер қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде не қызметтен босатылғаннан кейiнгі бiр жыл iшiнде қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақат салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда: бiржолғы өтемақыны алуға құқығы бар адамның жеке басын куәландыратын құжат (көшiрмесi); қайтыс болуы туралы куәлiк (нотариалды расталған көшiрмесi); неке туралы куәлiк не сот органдарының алимент туралы орындау парағы (қамқоршылық туралы құжат) не мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк (нотариалды расталған көшiрмесi); әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қызметкер қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақат салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда ұсынылады). 5. Қызметкер немесе бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар адам өтiнiш берген кезде кадр қызметi осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген құжаттардың толықтығы мен ресiмделуiнiң дұрыстығын тексередi және оны 2-қосымшаға сәйкес тиiстi журналға тiркейдi. Талап етiлетiн құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтiнiш тiркеуге жатпайды. Бұл ретте, өтiнiш берушiге жетiспейтiн құжаттар көрсетiле отырып, тиiстi түсiндiрме жасалады. 6. Кадр қызметi өтiнiштi тiркеп әрi оған жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия қорытындысының көшiрмесiн қоса тігіп, қысқа мерзiмде құжаттарды Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң қаржы қызметiне (бұдан әрi - қаржы қызметi) жiбередi. 7. Қаржы қызметi құжаттарды алған сәттен бастап 7 күннен аспайтын мерзiмде қызметкердiң немесе қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өтiнiш берген немесе қаза тапқан (қайтыс болған) күнiне ақшалай үлесi туралы анықтаманы құжаттарға қоса тігiп, iстi жинақтайды және Қазақстан Республикасының әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысына (бұдан әрi - басшы) оны тағайындау күнiн көрсете отырып, бiржолғы өтемақы төлеу туралы шешiм қабылдау үшiн ұсынады. 8. Бiржолғы өтемақы төлеудi қаржы қызметi басшы бұйрығының негізiнде республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасының шегiндегі алушының екiншi деңгейдегi банктегі ағымдағы шотына немесе карт-шотына аудару жолымен өтiнiш берген сәттен бастап екi ай iшiнде жүргiзедi. 9. Егер алушы кәмелетке толмаған жағдайда, онда бiржолғы өтемақыны төлеу тұрғылықты жеріндегі оның екiншi деңгейдегi банктегi ағымдағы шотына немесе карт-шотына аудару жолымен бұл туралы қамқоршылық және қорғаншылық органдарын, сондай-ақ оның заңды өкiлдерiн бiр мезгiлде хабардар ете отырып, өтiнiш берген сәттен бастап екi ай iшiнде жүргiзiледi. 10. Алушыға бiржолғы өтемақыны аударғаннан кейiн тиiстi журналда бiржолғы өтемақының сомасы, төлем тапсырмасының күнi мен нөмiрi көрсетiле отырып жазба жасалады.
органдарының қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу ережесіне 1-қосымша
Кiмге _________________________________ (мекеме (ұйым) басшысының лауазымы, арнайы атағы, тегi және инициалдары) ___________________________________ (өтiніш берушінiң тегi, аты, әкесiнiң аты) _______________ мекен-жайда тұратын өтiнiш берушiнiң СТН ______________
Бiржолғы өтемақы төлеуге өтiнiш
Сiздiң маған ________________________________________________ (біржолғы өтемақы төленуге тиiс жазатайым оқиғаның сипаты көрсетiледi) ___________________________________________________________________
байланысты бiржолғы өтемақы төлеуiңiздi сұраймын.
Маған тиесiлi соманы ________________________________________ (банктiң атауы, банк СТН, банк ҚОО, алушының жеке шотының ___________________________________________________________________ № немесе байланыс бөлімшесi арқылы аударылған жағдайда оның
________________________________________ аударуыңызды өтiнемiн. мекен-жайы көрсетіледi) Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын: 1. _______________________________________________ 2. _______________________________________________ 3. _______________________________________________ 200_ж. "___" ___________ ________________________ (өтiнiш берушiнiң қолы) Құжаттар 200_ж. "___" ___________ қабылданды. Қолы ____________________________ (қабылдаған адамның қолы)
органдарының қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу ережесіне 2-қосымша
Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық- атқару жүйесi қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |