|
|
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң жекелеген мәселелерi (2022.19.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетi» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге ұсынсын; 2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2022.19.08. № 581 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 829 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 29, 386-құжат): 3-тармақ алынып тасталсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |