Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауылдық аумақтар Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Ауылдық аумақтар iстерi жөніндегі комитетi құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Ауылдық аумақтар iстерi жөніндегі комитетi туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауылдық аумақтар iстерi жөніндегі комитетiнiң құрылымы бекітілсiн. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесiп, тиiстi қажеттi материалдық-техникалық құралдардың және өзге де мүлiктiң Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Ауылдық аумақтар iстерi жөніндегі комитетiне берiлуiн қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 33, 357-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 1-тармақ "аясында," деген сөзден кейiн "ауылдық аумақтар," деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтың екiншi абзацы ", Ауылдық аумақтар iстерi жөніндегі комитет" деген сөздермен толықтырылсын; 1) тармақша "аумақтар мен" деген сөздерден кейiн ", ауылдық аумақтар iстерi жөніндегі және" деген сөздермен толықтырылсын; 7) тармақша "ауыл," деген сөздiң алдынан "ауылдық аумақтарды," деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын: "20) ауылдық аумақтарды дамытудың құқықтық және әлеуметтiк-экономикалық шарттарын жетілдiру."; 1) тармақша "мемлекеттік бағдарламаларды," деген сөздерден кейiн "ауыл халқын оңтайлы қоныстандыру мәселелерi жөніндегі iс-шараларды" деген сөздермен толықтырылсын; 8) тармақша "өнеркәсiп саласына" деген сөздерден кейiн "және ауылдық аумақтарға" деген сөздермен толықтырылсын; 27) тармақша "мелиорацияны," деген сөздiң алдынан "ауылдық аумақтар iстерi бойынша," деген сөздермен толықтырылсын; 39) тармақша "елдi мекендердiң" деген сөздердiң алдынан "ауылдық аудандарға және елдi мекендерге инвестициялар жiберуге" деген сөздермен толықтырылсын; 66) тармақша "мемлекеттік бағдарламаларды" деген сөздердiң алдынан "және ауылдық жерлердегi шағын кредит беру бағдарламаларын" деген сөздермен толықтырылсын; 80) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "80) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы халықаралық бағдарламаларды iске асыруға қатысады;"; мынадай мазмұндағы 81), 82), 83), 84), 85), 86) тармақшалармен толықтырылсын: "81) ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асырудың мониторингiн жүргiзедi; 82) ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiмен қамтамасыз етiлуiнiң нормативтерiн әзiрлеуге қатысады; 83) ауылдық елдi мекендердiң ауыл тұрғындарының тiршiлiгiн қамтамасыз ету нормативтерiне сәйкестiгiн бағалауды жүргiзеді; 84) ауылдық аумақтарды дамыту жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 85) ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiредi; 86) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды."; 11-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын: "13) Ауылдық аумақтарды дамыту жөнiнде ақпарат жинауды жүргiзуге әрi талдауға және ауылдық елдi мекендердi паспорттауды жүргізуге."; 2) ҚР Үкіметінің 2004.26.11. № 1240 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 16 маусымдағы № 662 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Ауылдық аумақтар iстерi жөніндегі комитетi туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Ауылдық аумақтар iстерi жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретiнiң шегiнде ауылдық аумақтар iстерi жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыратын уәкілеттi орган болып табылады. 2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдерді, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгіленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде және банктерде шоттары болады. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi. Комитет, егер ол бұған заңнамаға сәйкес өкiлеттi болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 49. 6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Ауылдық аумақтар iстерi жөніндегі комитетi" мемлекеттік мекемесi. 7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттемелердi орындау мәнiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастар жасауға Комитетке тыйым салынады. Заңнамалық кесiмдермен Комитетке оған кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлген жағдайда, мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 2. Комитеттің негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары 9. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi: 1) ауылдық аумақтар iстерi жөніндегі мемлекеттік саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 2) ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік және өзге де бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыруға қатысу; 3) ауылдық аумақтарды дамытудың құқықтық және әлеуметтiк-экономикалық шарттарын жетiлдiру болып табылады. 10. Комитет өз құзыретiнiң шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) ауылдық аумақтар мәселелерi бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiредi; 2) ауылдық аумақтар iстерi жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге қатысады, әзiрлейдi және қабылдайды; 3) мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын пысықтауға қатысады, ауылдық аумақтарды дамытуға инвестициялар тартуға және оларды пайдалануға ықпал етедi; 4) ауыл халқын оңтайлы қоныстандыру мәселелерi бойынша iс-шараларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысады; 5) ауылдық жерлерде шағын кредит беру бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады; 6) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы халықаралық бағдарламаларды iске асыруға қатысады; 7) өз құзыретiнiң шегiнде облыстарды, Астана және Алматы қалаларын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарларын келiседi; 8) ауылдық аудандарға және елдi мекендерге инвестициялар жiберуге негiзгi өлшемдердi әзiрлейдi; 9) ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асырудың мониторингiн жүргiзедi; 10) ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiмен қамтамасыз етілуiнiң нормативтерiн әзiрлеуге қатысады; 11) ауылдық елдi мекендердiң ауыл тұрғындарының тiршiлiгiн қамтамасыз ету нормативтерiне сәйкестiгiн бағалауды жүргiзедi; 12) ауылдық аумақтарды дамыту жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. 11. Негiзгi мiндеттер мен өз функцияларын жүзеге асыру үшiн Комитеттiң өз құзыретiнiң шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi бойынша құқықтық кесiмдер шығаруға; 2) Комитетке жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажеттi ақпарат сұратуға және алуға; 3) ауылдық аумақтарды дамыту жөнiнде ақпарат жинауды жүргiзуге әрi талдауға және ауылдық елдi мекендердi паспорттауды жүргiзуге; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен құралады және негiзгi әрi айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады. 13. Комитетке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 14. Комитет өзiне бекітіп берiлген мүлiктi өз бетінше иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру 15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi, оның iшiнде бір бірiншi орынбасары болады. 16. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады әрi Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапкершiлiк жүктейдi. 1) Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 2) өз орынбасарларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн анықтайды; 3) бұйрықтарға қол қояды; 4) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi; 5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi; 6) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiмен келісім бойынша Комитеттiң штат кестесiн бекiтедi; 7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 18. Комитет қабылдайтын шешімдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделеді. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 16 маусымдағы № 662 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Ауылдық аумақтар iстерi жөніндегі комитетiнiң құрылымы Басшылық Үйлестiру және мониторинг басқармасы: әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру бөлiмi, ауылдық елдi мекендердiң мониторингi бөлiмi Шағын кредит беру бөлiмi Iшкi көшi-қон және ауыл халқын оңтайлы қоныстандыру бөлiмi |