Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауіпті түрлерiнiң тiзбесiн және Оларды
Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 340 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерінің тiзбесi; 2) Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн мiндеттi мемлекеттік лицензиялау ережесi бекітілсiн. 2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: 3-бағандағы "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі" деген реттiк нөмiрi 43-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерi"; көрсетiлген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзбесiнде: "Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзбесi" деген І бөлiм мынадай мазмұндағы 27-тармақпен толықтырылсын: "27. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері"; "Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізбесі" деген ІІІ бөлім мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын: "11. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері (мұнай операциялары мен минералдық шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыру бөлігінде)". 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 19 қаулысымен бекiтілген Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiнiң ТIЗБЕСI Жер пайдалану 1. Улы, радиоактивтi және басқа да қауiптi зиянды ластанған жерлердi қайта өңдеу. Су ресурстарын пайдалану 2. Су объектiлерiнiң ластануы мен қоқысталуына әкеп соғатын ықтимал қауiптi химиялық әрi биологиялық заттарды және радиоактивтi материалдарды өндiрiстiк мақсатта пайдаланатын су жинау алаңдарында кәсiпорындар мен құрылыстар салу әрi орналастыру. 3. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде объектiлер және құрылыстар салу әрi орналастыру. Мұнай операцияларын жүзеге асыру және техногендік минералдық құралымдарды пайдалану 4. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн (мұнайға бұрғылау жұмыстарынан басқа) мұнай операцияларын жүзеге асыру. 5. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн техногендiк минералдық құралымдарды орналастыру, орналастыру, сақтау, әрi пайдалану. 6. Iлеспе немесе табиғи газды қолшырақтарда және өзге де тәсілдермен өртеу. Атмосфералық ауаға, Жердiң климаты мен озон қабатына әсер ету 7. Шығарындылардың стационарлық көздерiне, технологиялық процестер мен жабдықтарға арналған үлестiк нормативтерден асқан қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн зиянды (ластаушы) заттарды атмосфераға шығару. 8. Құрамында озон қабатын бүлдiретiн заттарды пайдаланып жұмыстар жүргiзу, сондай-ақ құрамында озон қабатын бүлдiретiн заттар бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету. 9. Экологиялық талаптар мен нормативтердi сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы және Озон қабатын бүлдiретiн заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы бойынша мiндеттемелерiн орындауға байланысты озон қабатын бүлдiретiн заттар мен құрамында сондай заттар бар өнiмдердi Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету. Өндiрiс қалдықтарын өңдеу, сақтау және жою 10. Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясы бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындаумен байланысты қауіптi өндiрiс қалдықтарын өртеу, химиялық өңдеу, сақтау және көму, трансшекаралық тасымалдау. Шаруашылық қызметтiң басқа да экологиялық қауiптi түрлерi 11. Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгінің жағалаулық аумағында кәсiпорындар, құрылыстар мен өзге де объектілердi орналастыру, салу және қайта жаңарту, Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң теңiз аумағындағы кеме жүзуi мен түбiн тереңдету жұмыстары, мұнай операциялары, ұлутас өндiру, қамыс дайындау, балық аулау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану. 12. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн ықтимал қауiптi биологиялық заттар өндiру және оларды қолдану, биологиялық объекттердi қоршаған ортада өсiру әрi орналастыру. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 19 қаулысымен бекітілген Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiн мiндетті мемлекеттік лицензиялау ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн мiндеттi мемлекеттік лицензиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңдарына сәйкес әзiрлендi, шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыру құқығына заңды және жеке тұлғаларға лицензиялар берудің тәртібі мен шарттарын айқындайды. 2. Олар белгiленген талаптарды сақтаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына лицензия берiледi. Егер заңнамалық кесiмдерде өзгеше көзделмесе, шетелдiк заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына белгiленген сондай шарттармен әрi сондай тәртiппен лицензия алады. 3. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензия басты болып табылады әрi иелiктен айырылмайды. Лицензия мерзiмi белгiленбей берiледi және оның күшi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына қолданылады. Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы мен Озон қабатын бүлдiретiн заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындауға байланысты озон қабатын бүлдiретiн заттар мен олардың құрамындағы өнiмдердi Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге біржолғы лицензия беріледi. 2. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлерiн лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптары 4. Лицензиат оған сай болуы тиiс шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптары мыналарды қамтиды: 1) заңды тұлға үшiн - басшыда (орынбасарында) жоғары кәсiптiк немесе арнаулы орта кәсiптiк білім болуын; жеке тұлға үшiн - мамандығы бойынша тиiстi жоғары білімi мен кемiнде бір жыл стажы болуын, техникалық пайдалану және қауiпсiздiк ережелерiн бiлуден тексеруден өтуiн және қауiптi өндiрiсте жұмыс iстеу құқығына рұқсаты болуын; тиiстi жоғары кәсiптiк және арнаулы орта кәсiптiк білімі бар инженер-техник қызметкерлер мамандардың болуын; 2) тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстiк базасында: зиянды (ластаушы) заттарды, қауiптi өндiрiстiк және тұтыну қалдықтарын орналастыру, тасымалдау, тазалау және зиянсыздандыру жөніндегі объектілер мен құрылғылардың, сондай-ақ табиғи ресурстарды молайту жөніндегі арнайы объектiлердiң болуын; қоршаған ортаның өндiрiстің мониторингі деректерi өңдеудi қоса алғанда, есеп беру материалдарын жасау мен ресімдеу үшін қажеттi ұйымдастыру техникасы мен электронды техниканың болуын; қоршаған ортаны ластауға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн, аварияларға қарсы iс-шаралар кешенi мен аварияларды жою жоспарларының кешенi; шаруашылық қызметке қойылатын бекітілген салалық экологиялық талаптар мен экологиялық нормативтердiң, персоналды қауiпсiздiк техникасына үйрету нұсқаулығының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламалардың, iс-шаралардың, басқа да нормативтiк құқықтық кесімдердiң, жоспарлы және техникалық құжаттаманың, ғылыми-анықтамалық әдебиеттің; санитарлық және тау-кен қадағалау органдары қорытындысының; мыналарды: жабдықтарды, механизмдердi, технологиялық желілердi пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудi; қоршаған ортаны қорғау қауіпсiздігін бақылауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң; стандарттау мен метрология талаптарына сай өлшеу құралдарымен және аспаптармен әрi жабдықтармен жабдықталған, аккредиттелген арнайы зертханалары бар қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингiнің не көрсетілген зертханасы бар ұйымдармен талдау жұмыстарын (қызметтер көрсету) туралы шарттарының болуын; қауiптi заттардың есепке алынуын; қауiптi жүктердiң тасымалдануы болуын қамтиды. 5. Озон қабатын бүлдiретiн заттар пайдаланылып, жүргiзiлетiн жұмыстарды, сондай-ақ озон қабатын бүлдiретiн заттармен жұмыс iстейтiн жабдықтарды жөндеуді, монтаждауды, орнатуды, оларға қызмет көрсетудi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қойылатын біліктiлiк талаптары мыналарды: 1) заңды тұлға үшiн - басшыда (орынбасарында) жоғары кәсiптiк немесе арнаулы орта кәсiптiк білім болуын; жеке тұлға үшiн - мамандығы бойынша тиiстi жоғары білімi мен мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi болуын, техникалық пайдалану ережелерiн және қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiне біліктiлiк тексеруден өтуiн және озон қабатын бүлдiретiн заттармен жұмыс iстеу құқығына рұқсаты болуын; техникалық пайдалану және қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiне біліктiлiк тексеруден өткен және озон қабатын бүлдiретiн заттармен жұмыс iстеу құқығына рұқсаты бар тиiстi жоғары кәсiптiк және арнаулы орта кәсiптiк білімi бар инженер-техник қызметкер мамандардың болуын; 2) еңбек қорғау мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы тиiстi нормативтiк талаптарға сәйкес озон қабатын бүлдiретiн заттармен жұмыс iстейтiн технологиялық регламенттер мен жабдықтардың техникалық жобалары; 3) өндiрiстiк-техникалық базасында: мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттардың, инженерлiк құрылыстардың (озон қабатын бүлдiретiн заттарды табу әрi қайта өңдеу жөніндегі машиналар, газ анализаторлары), технологиялық регламенттерге сай ысырапты бақылау аспаптары; 4) құрамында озон қабатын бүлдiретiн заттар бар өнiмдердi сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалар, үй-жайлар мен сыйымдылықтар; 5) озон қабатын бүлдiретiн заттарды табу әрi қайта өңдеу, озон қабатын бүлдiретiн заттарды есепке алу мен тасымалдау жөніндегі жұмыста жабдықтарды, механизмдердi, сыйымдылықтар мен баллондарды (баллондардың қалдығын шығару, булау, баллондарды куәландыру әрi бояу және т.б.) пайдалану мен оларға техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн қызметтердiң; 6) сақтандыру полисiнің болуын қамтиды. 3. Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыруға арналған лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар 6. Лицензия алу үшiн өтiнiш берушi лицензиарға: 1) нысанын Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн белгiленген үлгiдегi өтiнiштi; 2) заңды немесе жеке тұлға туралы мәлiметтер - заңды тұлға үшiн мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктің немесе заңды тұлға құрмай жұмыс iстеушi жеке кәсіпкердің мемлекеттік тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн; 3) өтiнiш берушінің біліктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды; 4) бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжатты тапсырады. 7. Егер заңнамалық кесiмдерде өзгеше белгiленбесе, барлық құжаттармен бірге өтiнiш берілген күннен бастап лицензия бір ай мерзiмнен кешiктiрiлмей, ал шағын кәсіпкерлiк субъектiлерi үшiн он күн мерзiмнен кешіктiрілмей беріледi. 8. Қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеудiң ставкаларын, есептеу мен төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес айқындалады. 4. Лицензиялар беру тәртібі мен шарттары 9. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияны қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган бiліктілiк деңгейi осы қызмет түрiне қойылатын талаптарға сай субъектiге бередi. 10. Лицензия қатаң есеп беру құжаты болып табылады әрi мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада ресімделедi. 11. Жеке тұлғаның тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi өзгерген жағдайда ол бұл туралы көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса беріп, бір ай мерзімде лицензиарға жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi. 12. Атауы (Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның ішiнде ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерсе) өзгерген, заңды тұлғаның орналасқан жерi өзгерген (егер ол лицензияда көрсетiлсе) жағдайда ол бір ай iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса берiп, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтініш бередi. Лицензияны қайта ресімдеу лицензиат өтiнiшi тiркелген күннен бастап он күн iшiнде жүргiзiледi. Лицензияны қайта ресiмдегенi үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртiппен және мөлшерде лицензиялық алым алынады. 13. Лицензия жоғалған жағдайда лицензиат оның телнұсқасын алуға құқылы. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензия телнұсқасын берудi он күн iшiнде жүргiзедi. Бұл ретте лицензиат қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төлейдi. 1) субъектiлердiң осы санаты үшiн заңнамалық кесiмдермен қызметтiң белгiлi бір түрiн жүзеге асыруға тыйым салынса; 2) осы Ереженiң 6-тармағына сәйкес талап етiлетiн құжаттар түгел тапсырылмаса. Өтiнiш беруші көрсетiлген кедергiлердi жойса, өтiнiшi жалпы негiздерде қаралады; 3) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым енгiзiлмесе; 4) өтiнiш беруші белгiленген біліктiлiк талаптарына сай келмесе; 5) өтiнiш берушiге қатысты оған осы қызмет түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешімi болса, лицензия берілмейдi. Лицензия беруден бас тартылған кезде өтiнiш берушiге лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде жазбаша түрде уәждi жауап беріледi. 1) лицензиядағы талаптарды лицензиат орындамаған; 2) лицензияда белгiленген қызмет түрiн лицензиаттың жүзеге асыруына сот тыйым салған; 3) лицензиар лицензияның қолданылуын тоқта тұрған себептер жойылмаған; 4) лицензия алу кезiнде лицензиат көпе-көрiнеу жалған ақпарат берген жағдайларда лицензия қайтарып алынуы мүмкін. 16. Лицензиар себептерiн көрсетiп, лицензияның қолданылуын алты ай мерзiмге дейiн тоқтата тұрады. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды сот лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтiнiшi бойынша жүргiзедi. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмге сот тәртібімен шағым беруге құқылы. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың орындылығы туралы сот шешiмi болған кезде оның қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi лицензиар осындай шешiмдi қабылдаған күннен бастап есептеледi. Олар бойынша лицензияның қолданылуы тоқтата тұрылған себептер жойылғаннан кейін лицензия қолданылуы жаңартылады. 1) лицензия берiлген мерзiм аяқталған; 2) лицензия жүзеге асыруға берiлген іс-әрекет толық көлемде жасалған; 3) лицензия қайтарылған; 4) заңды тұлға оның бip түрiнен екiншi түрiне қайта құрылған (ұйымдық құқықтық нысаны өзгерген) жағдайларды қоспағанда, лицензия беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес белгiленетiн жағдайлардан басқа, азамат кәсiпкерлiк қызметi тоқтатқан, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда; 5) лицензия лицензиарға өз еркімен қайтарылған жағдайда лицензия күшiн тоқтатады. 18. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ лицензия ережелерiн сақталуын лицензиар жүзеге асырады. Бiлiктiлiк талаптары мен белгiленген ережелердiң сақталуын лицензиар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзедi. 6. Ереженi бұзғаны үшін жауапкершілiк 19. Мемлекеттік органдар (лицензиарлар) мен олардың лауазымды адамдары лицензиялау туралы заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгіленген жауапкершiлiкке тартылады. |