Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 353 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 8, 125, 142, 153, 165, 175, 182, 240-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар; 2) кеден қоймасының кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi; 3) бажсыз сауда дүкенiнiң кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi; 4) тауарларды кеден аумағында қайта өңдеудiң кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi; 5) тауарларды еркiн айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi; 6) тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi; 7) еркiн қоймаларда тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған жекелеген тыйым салулар мен шектеулер; 8) тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі жекелеген операцияларға арналған шектеулер бекiтілсін. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысымен бекітілген Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар 1. Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынған тауарлар 1. Әр тектi әскери үлгiдегi қару-жарақ және оның оқ-дәрiлерi, жаппай қырып-жою қаруы, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдар мен жабдықтар. Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмдерiне сәйкес әкелiнуi мүмкiн. 2. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар, сондай-ақ оларды тұтынуға арналған керек-жарақтар. Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген тауарларды әкелу Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн. 3. Мемлекеттік және қоғамдық құрылысқа нұқсан келтiруге бағытталған, соғысты, терроризмдi, зорлық-зомбылықты, нәсiлшiлдiктi насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұндағы материалдар. 2. Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарлар 4. Әр тектi әскери үлгiдегi қару-жарақ, оның оқ-дәрiлерi және әскери жабдықтар, жаппай қырып-жою қаруы, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдар мен жабдықтар. Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмдерiне сәйкес әкетiлуi мүмкiн. 5. Өнер туындылары, көне заттар және елеулi көркем, тарихи, ғылыми немесе мәдени құндылықты бiлдiретiн өзге де заттар. Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген заттар тек Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен берiлетiн Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң ерекше рұқсатымен ғана әкетiлуi мүмкiн. 6. Қызыл кiтапқа енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктер әлемiнiң өкiлдерi және киiк мүйiзi. Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне және Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияға сәйкес әкетiлуi мүмкiн . 7. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар, сондай-ақ оларды пайдалануға арналған құралдар. Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген тауарларды әкету Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн. 8. Күшi жойылған бағалы қағаздар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысымен бекітілген Кеден қоймасының кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi 1. Әр тектi әскери үлгiдегi қару, оның оқ-дәрiлерi, әскери жабдықтар мен жарылғыш заттар. 2. Қару-жарақ, әскери техника, оларды өндiруге арналған арнайы жиынтық бұйымдар. 3. Мемлекеттік және қоғамдық құрылысқа нұқсан келтiруге бағытталған, соғысты, терроризмдi, зорлық-зомбылықты, нәсiлшiлдiктi насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұнды материалдар. 4. Өнер туындылары, көне заттар және елеулi көркем, тарихи, ғылыми немесе мәдени құндылықты бiлдiретiн өзге де заттар. 5. Киiктердiң, маралдардың, теңбiл бұғылар мен үзбаралардың мүйiздерi, сондай-ақ теңбiл бұғының терiлерi. 6. Күшi жойылған бағалы қағаздар. 7. Қару-жарақ заттарын, оқ-дәрiлердi және ұшу аппараттарын дайындауға арналған станоктар мен машиналар. 8. Есiрткi және психотроптық заттар, сондай-ақ оларды тұтынуға арналған керек-жарақтар. 9. Күштi әсер ететiн улар. 10. Радиоактивтi материалдар. 11. Шифрлар және шифрланатын (криптографиялық) құралдар. 12. Жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге және ақпараттардың жария етiлуiнiң техникалық арналарын анықтауға арналған арнайы техникалық құралдар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысымен бекітілген Бажсыз сауда дүкенiнiң кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi 1. Әр тектi әскери үлгiдегi қару, оның оқ-дәрiлерi және әскери жабдықтар, есiрткi және психотроптық заттар, сондай-ақ оларды пайдалануға арналған керек-жарақтар. 2. Мемлекеттік және қоғамдық құрылысқа нұқсан келтiруге бағытталған, соғысты, терроризмдi, зорлық-зомбылықты, нәсiлшiлдiктi насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұнды материалдар. 3. Өндiрiстiк және әскери-техникалық мақсаттағы тауарлар. 4. Ауыр салмақты тауарлар (салмағы 20 кг-дан астам) және абажадай тауарлар (ұзындығы, енi және биіктігі бойынша өлшемдерiнiң жиынтығы 200 см-ден астам). 5. Спирттiң барлық түрлерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысымен бекітілген Тауарларды кеден аумағында қайта өңдеудiң кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi ҚР Үкіметінің 03.11.04 ж. № 1142 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысымен бекітілген Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудiң кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi ҚР Үкіметінің 03.11.04 ж. № 1142 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысымен бекітілген Тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі ҚР Үкіметінің 28.07.04 ж. № 797; 03.11.04 ж. № 1142 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді
|