Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға кешірім жасауды жүзеге Осы редакция 2005 ж. 16 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 15)-тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін іске асыру тәртібін анықтау мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыру тәртібі туралы ереже (қоса беріліп отыр) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы осы Жарлық күшіне енген күннен бастап екі апта мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы Мемлекет басшысының қарауына ұсыныстар енгізсін. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің мына қаулыларының күші жойылған деп танылсын: 1) "Қазақстан Республикасында кешірім жасауды жүзеге асыру тәртібі туралы" 1992 жылғы 25 қаңтардағы № 586 қаулысы; 2) "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында кешірім жасауды жүзеге асыру тәртібі туралы" 1992 жылғы 25 қаңтардағы қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 1993 жылғы 7 қаңтардағы № 1052 қаулысы. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 2975 бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ Осы Ереже Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 15)-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға кешірім жасау тәртібін белгілейді. ҚР Президентінің 18.02.98 ж. № 3841 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді; 1-тармақтың 1) тармақшасындағы өлім жазасын өмір бойына бас бостандығынан айырумен алмастыру бөлігі ҚР Президентінің 04.02.04 ж. № 1288 Жарлығымен күшіне енгізілді Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|