|
|
|
“Салық салуда жеңiлдiгi бар шет мемлекеттердiң тiзбесiн бекіту туралы”
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1318 Қаулысымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексi (Салық кодексi) 130-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Салық салуда жеңiлдiгi бар шет мемлекеттердiң тiзбесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 784 қаулысымен Бекітілген
Салық салуда жеңілдігі бар шет мемлекеттердің тізбесі
1. Андорра Княздығы. 2. Антигуа және Барбуда Мемлекеті. 3. Багам аралдары Достастығы. 4. Барбадос Мемлекетi. 5. Бахрейн Мемлекеті. 6. Белиз Мемлекетi. 7. Бруней Даруссалам Мемлекетi. 8. Вануату Республикасы. 9. Гватемала Республикасы. 10. Гренада Мемлекетi. 11. Джибути Республикасы. 12. Доминика Республикасы. 13. Индонезия Республикасы. 14. Испания (Канар аралдарының аумағы бөлiгiнде ғана). 15. Кипр Республикасы. 16. Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкiмшiлiк аудандарының аумақтары бөлiгiнде ғана). 17. Ислам Федеральдық Республикасы Комор аралдары. 18. Коста-Рика Республикасы. 19. Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана). 20. Либерия Республикасы. 21. Лихтенштейн Княздығы. 22. Маврикий Республикасы. 23. Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана). 24. Мальдив Республикасы. 25. Мальта Республикасы. 26. Маршалл аралдары Республикасы. 27. Монако Княздығы. 28. Мьянма Одағы. 29. Науру Республикасы. 30. Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана). 31. Нигерия Федеративтiк Республикасы. 32. Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлiгiнде ғана). 33. Бiрiккен Араб Әмiрлiгi (Дубай қаласының аумағы бөлiгiнде ғана). 34. Палау Республикасы. 35. Панама Республикасы. 36. Самоа Тәуелсiз Мемлекетi. 37. Сейшель аралдары Республикасы. 38. Сент-Винсент және Гренадины Мемлекетi. 39. Сент-Китс және Невис Федерациясы. 40. Сент-Люсия Мемлекетi. 41. Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның Бiрiккен Корольдiгi (мынадай аумақтары бөлiгiнде ғана): 1) Ангилья аралдары; 2) Бермуд аралдары; 3) Британдық Виргин аралдары; 4) Гибралтар; 5) Кайман аралдары; 6) Монтсеррат аралы; 7) Теркс және Кайкос аралдары; 8) Мэн аралы; 9) Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары). 42. Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлiгiнде ғана). 43. Тонга Корольдiгi . 44. Филиппин Республикасы. 45. Шри-Ланка Демократиялық Республикасы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |