|
|
|
«Ұлттық акционерлік, мемлекеттік холдинг және акционерлік компаниялар, (1996.25.04. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2005.06.10. № 1004 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 шiлдедегi № 849 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,1994 ж., № 32, 355 бап) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1994-1995 жылдарда реформаларды тереңдету мен экономиканы тұрақтандыру жөніндегі iс-қимылдарының жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Ұлттық акционерлік, мемлекеттік холдинг және акционерлік компаниялар, акционерлік қоғамдар және ұжымдық кәсiпорындар балансындағы әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн жекешелендiрудiң тәртібі туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 22 ақпандағы № 193 қаулысымен бекітілген
Ұлттық акционерлік, мемлекеттік холдинг және акционерлік компаниялар, акционерлік қоғамдар және ұжымдық кәсiпорындар балансындағы әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн жекешелендiрудiң тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Бұл ереже Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасын орындау мақсатында әзiрленген және ұлттық акционерлік, мемлекеттік акционерлік және холдинг компаниялар (бұдан әрi - компаниялар), акционерлік қоғамдар және ұжымдық кәсiпорындар балансындағы әлеуметтiк-мәдени және тұрмыс объектiлерiн жекешелендiрудiң тәртібін және оны әзiрлеу мен өткізу жөніндегі ұйымдық шараларды белгiлейдi. 2. Осы Ережеде келтiрiлген тәсiлдер компаниялар, акционерлік қоғамдар немесе ұжымдық кәсiпорындар балансындағы әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн жекешелендiрудiң бiрыңғай тактикасын белгiлеудi қамтиды, оның өзi кәсiпорындардың қаржы жағдайын жеңiлдетуге, әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерi халыққа көрсететiн қызметтiң сапасын жақсартып, түр-түрiн көбейтуге, әлеуметтiк қызмет саласында бәсекелестiк жағдай туғызуға, белгiлi бiр аймақтың әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiнiң қарап тұрған активтерiн iске қосуға мүмкiндiк бередi. 3.Мемлекеттік мүлiк жөніндегі аумақтық комитеттер компаниялар, акционерлік қоғамдар немесе ұжымдық кәсiпорындар балансындағы әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiнiң жалпы тiзбесiн жасайды. Ол тiзбе үш топқа бөлiнедi. Бiрiншi топқа белгiлi бiр аймақ пен жалпы республика үшiн әлеуметтiк маңызы бар әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерi кiредi. Бұл топтағы объектiлер тiзiмi баланс ұстаушымен, жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарымен келісілгеннен кейiн белгiленген ретпен солардың қарамағына берiледi. Егер шаруашылық жүргiзушi субъектiлер меншiгіндегі әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн кезiнде қолданылған заңдарға сәйкес сатып алған болса, әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн беру немесе сату жергiлiктi өкiмет органы мен меншiк иесiнiң өзара келісімi бойынша жүзеге асырылады. Бiрiншi топқа енгiзiлген әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерi берiлген сәтiнен бастап, тiкелей мақсаты бойынша пайдаланылады. Екiншi топқа компаниялар, акционерлік қоғамдар немесе ұжымдық кәсiпорындар балансында болатын және шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң әлеуметтiк инфрақұрылымын қалыптастыру үшiн қажет, сол шаруашылық жүргiзушi субъект одан әрi ұстауды өз мiндетiне алатын әлеуметтiк-мәдени тұрмыс объектiлерi енгiзiледi. Бұл топтағы объектiлер тiзiмi компаниялардың, акционерлік қоғамдардың немесе ұжымдық кәсiпорындардың басшыларымен келісіледi. Одан соң сол объектiлер шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң жарғылық қорына мемлекеттік жарна түрiнде енгiзiледi яки, шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң тiлегi бойынша, кейiн сатып алу құқығымен оның балансында қалдырылады. Сонымен қатар оларды шаруашылық жүргiзушi субъектi дереу сатып алатындай нұсқаның қаралуы мүмкiн. Әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiнiң бұл тобы объектiлердiң бiрiншi тобы анықталғаннан кейiн қалыптастырылады, жергiлiктi атқарушы өкiмет органымен келісілгеннен кейiн оны мемлекеттік мүлiк жөніндегі аумақтық комитет бекiтедi. Екiншi топқа енгiзiлген әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн барлық жағдайларда әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн беру туралы шарт жасалған сәттен бастап, бес жыл бойы қайта сатуға және олардың қызмет бағдарын өзгертуге болмайды. Үшiншi топқа компаниялар, акционерлік қоғамдар немесе ұжымдық кәсiпорындар балансындағы, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн де, сондай-ақ сол аймақ үшiн де әлеуметтiк маңызы жоқ әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерi енгiзiледi. Осы топтағы объектiлер тiзiмi жергiлiктi атқарушы өкiмет органымен келісілiп, оны мемлекеттік мүлiк жөніндегі аумақтық комитет бекiтедi. Объектiлердiң осы тобы бойынша мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитет оларды қолданылып жүрген заңға сәйкес жекешелендiру туралы шешiм қабылдайды, оны әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiсi өз балансындағы компанияның, акционерлік қоғамның немесе ұжымдық кәсiпорынның басшылығымен алдын-ала келісіп алады. Егер әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiсi компанияның, акционерлік қоғамның жарғылық қорына кiрсе немесе бұрын қолданылған заңға сәйкес құрылған ұжымдық кәсiпорынның меншiгi болып табылса, оны шаруашылық жүргiзушi субъект қолданылып жүрген заңға сәйкес өзi сата алады. Компания немесе акционерлік қоғам, сондай-ақ ұжымдық кәсiпорын осы Ереже бекітілгенге дейiн жергiлiктi атқарушы өкiмет органының балансына берген әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерi шағын жекешелендiру объектiлерiн жекешелендiрудiң қолданылып жүрген нормативтiк актілерінде белгiленген тәртiппен, мемлекеттік мүлiк жөніндегі аумақтық комитетпен және жергiлiктi атқарушы өкiмет органымен келiсе отырып, жекешелендiрiледi.
2. Әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн жекешелендiру механизмi
ҚР Үкіметінің 1996.25.04. № 507 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Үшiншi топтағы әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн жекешелендiру алдында тиiстi әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн компаниялар, акционерлік қоғамдар немесе ұжымдық кәсiпорындар балансынан бөлiп алу түріндегі ұйымдық шаралар көзделедi. Бұл жағдайда бөлiнiс балансы жасалады. Бөлiп алынған объектiлер кейiн екi ай iшiнде шағын жекешелендiру шеңберiнде аукцион-конкурс саудаластығы арқылы сатылуға немесе акционерлік қоғамдар етiп қайта құрылып, акциялардың мемлекеттік пакетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi мен оның аумақтық органдары өткiзетiн аукциондарда немесе тендерлерде сатылатын болуға тиiс. ҚР Үкіметінің 1996.25.04. № 507 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Сатушының шешiмi бойынша, объектi компанияның, акционерлік қоғамның немесе ұжымдық кәсiпорынның балансынан шығарылғаннан кейiн және объектi саудада сатылғанға дейiн, оны бұрынғы баланс ұстаушының өткен режимде пайдалануына болады. Бұл орайда сатылатын сәтiне дейiн бұл объектiнiң жаңа заңды ұйым етiп өзгертiлуiне жол берiлмейдi. 6. Сатып алынған әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерi немесе олардың мүлiктерi үшiн ақы төлеу, жекешелендiру туралы мәмiленi ресiмдеу, есеп айырысудың тәртібі жекешелендiру процестерiн реттейтiн нормативтiк актiлерге сәйкес жүргiзiледi. ҚР Үкіметінің 1996.25.04. № 507 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді 7. Компаниялар, акционерлік қоғамдар немесе ұжымдық кәсiпорындар балансында тұрған әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн сату жөніндегі аукциондар мемлекеттік меншiк объектiлерiн шағын жекешелендiру шеңберiнде сатып алу жөніндегі аукциондар, коммерциялық конкурстар ұйымдастыру туралы ережеге және оған толықтыруларға сәйкес өткiзiледi. Компаниялар, акционерлік қоғамдар немесе ұжымдық кәсiпорындар балансында тұрған әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерi негiзiнде құрылған акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетiн сату жөніндегі аукциондар, тендерлерде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң 1994 жылғы 10 маусымдағы № 138 қаулысымен бекітілген Акциялардың мемлекеттік пакетiн сатудың тәртібі және оны сатудан алынған қаражатты пайдалану (оны сатудан алынған қаражатты пайдаланудан басқасы) туралы ережеге сәйкес өткiзiледi.
3. Сатудан түскен түсiмдi бөлу
ҚР Үкіметінің 1996.25.04. № 507 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда 8. Әлеуметтiк-мәдени объектiлердi сатудан алынған қаражат сауданы ұйымдастыру мен өткізуге арналған шығыстарды қоспай, мемлекеттік бюджет кiрiсiне жiберiледi.
ҚР Үкіметінің 1996.25.04. № 507 қаулысымен (4-бөлiм) 9, 10, 11-тармақтар алынып тасталды
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |