|
|
|
Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттік сатып алу туралы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1222 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны осы қаулыға қосымшаға сәйкес сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар баспа өнiмiн беруші болып белгіленсiн. 2. Тиiстi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi, мемлекеттік кәсiпорындар, акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртiппен: осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен осы қаулыға қосымшада көрсетілген баспа өнiмiн мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды; осы қаулыға сәйкес сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды қамтамасыз етсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 1121 қаулысына қосымша
Сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар баспа өнімінің тізбесі
1. Визалық жапсырмалар. 2. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктің бланкілері - куәліктер: 1) тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы; 2) бала асырап алу туралы; 3) әке болуды анықтау туралы; 4) некенің бұзылуы туралы; 5) тууы туралы; 6) некеге тұру туралы; 7) қайтыс болғандығы туралы. 3. Астық қолхаттары - астық қабылдаушы кәсіпорын беретін, астық иесінен астықты сақтауға қабылдап алғанын растайтын екі жақты қойма куәлігі. 4. Әскери билеттер. 5. Негізгі жалпы білім туралы куәлік. 6. Негізгі жалпы білім туралы үздік үлгідегі куәлік. 7. Негізгі жалпы білім туралы куәлікке қосымша. 8. Орта жалпы білім туралы аттестат. 9. Орта жалпы білім туралы үздік үлгідегі аттестат. 10. Орта жалпы білім туралы "Алтын белгі" аттестат. 11. Орта жалпы білім туралы аттестатқа қосымша. 12. Білім алуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама. 13. Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты. 14. Мемлекеттік аралық бақылау сертификаты. 15. Кешенді тестілеу сертификаты. 16. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификат. 17. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлеріне біліктілік санаттарын беру туралы куәлік. 18. Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарында даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарының куәлігі. 19. Техникалық және қызмет көрсету еңбегінiң кәсiптерi (мамандықтары) бойынша кәсіптік дайындығының деңгейiн растау және білiктiлiк беру туралы сертификат. 20. Кәсiптiк бастауыш білім туралы диплом. 21. Кәсiптiк бастауыш білім туралы үздік үлгідегi диплом. 22. Кәсiптiк бастауыш білім туралы дипломға қосымша. 23. Кәсіптік орта білім туралы диплом. 24. Кәсіптік орта білім туралы үздік үлгідегі диплом. 25. Кәсіптік орта білім туралы дипломға қосымша. 26. Арнаулы жоғары білім туралы диплом. 27. Арнаулы жоғары білім туралы үздік үлгідегі диплом. 28. Арнаулы жоғары білім туралы дипломға қосымша. 29. Кәсiптiк жоғары білім туралы диплом. 30. Кәсіптік жоғары білiм туралы үздік үлгідегі диплом. 31. Кәсіптік жоғары білім туралы дипломға қосымша. 32. Жоғары ғылыми-педагогикалық білім туралы диплом. 33. Жоғары ғылыми-педагогикалық білім туралы үздік үлгідегі диплом. 34. Жоғары ғылыми-педагогикалық білім туралы дипломға қосымша. 35. Интернатураны бітіргені туралы куәлiк. 36. Клиникалық ординатураны бітіргені туралы куәлiк. 37. Ассистентура-тағылымдаманы бітіргені туралы куәлiк. 38. Ғылым кандидатының дипломы. 39. Ғылым докторының дипломы. 40. Ғылым кандидатының дипломы (қайта аттестаттау). 41. Доценттің аттестаты. 42. Профессордың аттестаты. 43. Чек кiтапшалары. 44. Бағалы қағаздардың бланкілерi. 45. Вексельдердің бланкілерi. 46. Темір жол көлігінде жүк тасымалдауын есепке алуға арналған қатаң түрдегi есепке алу бланкілерi. 47. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар беретiн лицензиялардың бланкілерi. 48. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар беретiн лицензияларға қосымшалардың бланкілерi. 49. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымды аккредиттеу туралы куәлік. 50. Куәлiк (шетелдiк дипломның қазақстандық дипломға баламалылығы туралы). 51. Офицерлердiң жеке басын куәландыратын куәлiгi. 52. Медальдарға куәлiктер. 53. Әскери тасымалдау құжаттары - 1-нысанды талап, 2-нысанды талап-жүк құжаты, 3-нысанды талап, багаж талоны. 54. Аңшы куәлiгi. 55. Жануарлар әлемiн пайдалануға арнайы рұқсаттардың бланкiлерi. 56. Жануарлар әлемiн пайдалануға маркалар-рұқсаттар. 57. СИТЕС Әкiмшілiк органының Қазақстан Республикасындағы рұқсаттарының бланкiлерi. 58. Ағаш кесу билетi. 59. Орман билеті. 60. Iшкi және сыртқы нарықтарда балықтың бекiре түрлерiнiң уылдырығымен сауда жасауға арналған маркалар. 61. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау уәкілетті органы беретiн хабарламалардың бланкiлерi. 62. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктердiң бланкілерi. 63. Табиғатты пайдалануға берiлген рұқсаттардың бланкiлерi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |