Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы
Осы редакция 2005 ж. 1 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау проблемаларын кешенді шешуді іске асыруға бірыңғай мемлекеттік көзқарасты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ереже бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысымен бекітілген Кәмелетке толмағандардың құқықтарын Қорғау жөніндегі комиссия туралы Yлгі ереже 1. Жалпы ережелер 1. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау проблемаларының кешендi шешiлуiн iске асыруға бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру мақсатында құрылған тұрақты қызмет ететiн орган болып табылады. ҚР Үкіметінің 14.06.02 ж. № 646 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Облыстық, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) комиссиялар жергiлiктi атқарушы орган жанынан құрылады. Комиссия құрамы әкiмнiң шешiмiмен бекітіледi. ҚР Үкіметінің 14.06.02 ж. № 646 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамында төрағадан (әкiмнiң орынбасарынан), төрағаның орынбасарынан (аумақтық iшкi iстер органы бастығының орынбасарынан), комиссияның 6-12 мүшелерiнен және тиiстi мемлекеттік органның аппаратында штаттық лауазымды қызмет атқаратын комиссияның жауапты хатшысынан құрылады. ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 272 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Комиссия кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қараусыз қалуының алдын алуға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға мүдделi iшкi iстер органдарының, білім және ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және өзге де ведомстволар өкiлдерiн бiрiктiредi. 5. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы ереже мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтi құқықтық кесiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар негiзiнде жүзеге асырады. 6. Комиссия өз қызметiнде жергiлiктi атқарушы орган алдында жауапты, сондай-ақ жоғары тұрған комиссияның бақылауында болады және оған есеп бередi. заңдылық; кәмелетке толмағандармен адамгершілiк қарым-қатынас; кәмелетке толмағандарға, ата-анасына немесе оның заңды өкiлдерiне сыйласымды қарым-қатынас; кәмелетке толмағандар, ата-анасы немесе оның заңды өкiлдерi туралы ақпараттың құпиялылығы; кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мәселелерi бойынша оның ата-анасымен немесе заңды өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасау; кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны үшiн лауазымды адамдар мен азаматтардың жауапкершiлiк қағидаттарына негiзделедi. 2. Комиссияның негiзгi функциялары ҚР Үкіметінің 14.06.02 ж. № 646 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді 8. Облыстық комиссиялардың негiзгi функциялары мыналар болып табылады: 1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) комиссиялардың қызметiне бағыт беру, оларға әдiстемелiк көмек көрсету; 2) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, кәмелетке толмағандардың денсаулығын сақтау, олардың өмiр сүру, тәрбие, білім беру, еңбек пен демалыс жағдайларын жақсарту жөніндегі аймақтық бағдарламаларды әзiрлеу, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде олардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асыру; 3) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының, қараусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерiнiң алдын алу жөніндегі аймақтық бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу; 4) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қараусыз қалуының алдын алу, оларды тудыратын себептердi жою, балалар мен жасөспiрiмдердi орналастыру және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу; 5) есеп беретiн комиссиялардың қабылдаған шешiмдерi мен қаулыларының негiздiлiгiн тексеру. Қабылданған шешiмдердi негiзсiз деп таныған жағдайда тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарға оларды жою туралы ұсыныстармен шығады; 6) комиссия қаулыларында және ұсыныстарында көрсетiлген кемшiлiктер мен бұрмалаушылықтарды жою жөніндегі шараларды орындамаған немесе қабылдамаған жағдайларда лауазымды адамдарды белгіленген тәртiппен жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу; 7) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қараусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерiнiң алдын алу жөніндегі жұмыстың жай-күйi туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзудың анықталған фактiлерi туралы мүдделi органдарды хабардар ету; 8) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу мәселелерiн шешуде балаларды тәрбиелеумен және оқытумен айналысатын органдар мен ұйымдар жұмысының оң тәжiрибелерiн қорыту және тарату, оларға ұйымдастыру-әдiстемелiк көмегiн көрсету; 9) әдiлет органдары мен өзге де ұйымдарда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктермен, дiни ұйымдармен, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының, қараусыз қалуының және өзге де қоғамға қарсы iс қимылдарының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мәселелері жөнiндегі азаматтармен өзара iс қимыл жасау; 10) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына немесе шектелуiне байланысты кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдерi мен басқа да адамдардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарау; 11) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн белгiленген тәртiппен сотқа жүгiну; 12) кәмелетке толмағандардың қылмыстар, құқық бұзушылықтар және қоғамға қарсы әрекеттердi жасауға ықпал ететiн себептер мен шарттарды анықтау және талдау және оларды жою жөніндегі шараларды белгiлеу; 13) білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, орналасу саласындағы заңдылықтардың бұзылуын жою жөніндегі ұсынымдарды енгізу туралы ұсыныстарды құзыреттi органдарға жеткізу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау. ҚР Үкіметінің 14.06.02 ж. № 646 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді 9. Республикалық маңызы бар қаланың (астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі жанындағы комиссиялардың негiзгi функциялары мыналар болып табылады: 1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда және қорғауда оларға жәрдем көрсету; 2) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қараусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерiнiң алдын алу жөніндегі жұмыстың жай-күйi туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы анықталған фактiлерi туралы мүдделi ведомстволарға үнемi хабарлап отыру; 3) өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн жағдайдағы кәмелетке толмағандарды анықтау және әлеуметтiк ақтау, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау, олардың өмiрi мен денсаулығын қорғау жөніндегі өздерiнiң мiндеттерiн орындамайтын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қалыпты дене және рухани дамуына терiс әсер ететiн немесе олармен қатыгездiкпен қарым-қатынас жасайтын ата-аналарды немесе өзге де заңды өкiлдерiн анықтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; 4) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына немесе шектелуiне байланысты кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдерi мен басқа адамдардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарау; 5) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн белгiленген тәртiппен сотқа жүгiну; 6) мемлекет көмегiне мұқтаж кәмелетке толмағандарды қолдау туралы қорғаншылық және қамқорлық органдарына ұсыныстар енгізу; 7) кәмелетке толмағандарды дене және психикалық күш көрсетуден, кемсiтудiң барлық нысандарынан, жыныстық және өзге де пайдаланудан, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекет жасауға тартудан қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдау; 8) қылмыстық жауапкершiлiк жүктелетiн жасқа толғанға дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық белгiлерi бар, қоғамға қауiптi әрекет фактiлерi бойынша материалдарды қарау; 9) өз құзыретi шегiнде кәмелетке толмағандар жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау; 10) әкiмшiлiк заңнамаға сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар құру; 11) балаларды тәрбиелеумен және оқытумен, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алумен айналысатын тиiстi мемлекеттік органдарға, сондай-ақ олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдарға: тәрбиелеу колонияларынан босатылған; арнайы білім беру ұйымдарынан оралған; әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған; білім беру ұйымдары тарапынан көмек пен бақылауға мұқтаж басқа да кәмелетке толмағандармен жеке алдын-алу жұмысын жүргiзудiң қажеттiлiгi туралы ақпарат жiберу; 12) спирттiк iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын, психотроптық немесе есеңгiрететiн заттарды қолданатын кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды тиiстi емдеу-алдын алу және ақтау шараларын жүргiзу үшiн ата-аналары келісімiмен денсаулық сақтау мекемелерiне жiберу; 13) жалпы білім беретiн оқу орындарына мектеп жасындағы кәмелетке толмағандардың ұзақ қатыспағандығы туралы білім беру ұйымдары әкiмшiлiгiнiң ұсынымдарын қарау; 14) кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерiне Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде және осы ережеде көзделген жағдайлар мен тәртiпте ықпал ету шараларын қабылдау; 15) арнайы білім беру ұйымының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп кәмелетке толмағанның көрсетiлген мекемеде болуын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ кәмелетке толмағанның онда болу мерзiмін оның жасаған әрекетiнде қылмыс немесе қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар жағдайларда ұзартуға немесе заңнамамен белгiленген осы мекемеде болу жасына жетуiне байланысты басқа арнайы білім беру ұйымдарына ауыстыру мәселелерi бойынша, сондай-ақ кәмелетке толмағанның немесе оның заңды өкiлдерiнiң өтiнiшi бойынша сотқа ұсыныс дайындау; 16) кәмелетке толмаған сотталушыны жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату жөнiнде не оған жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның мейлiнше жеңiлiрек түрiмен ауыстыру туралы жазаны атқарушы мекеменiң немесе орган ұсынымының сот отырысында қаралуына кәмелетке толмағандардың құқықтарын ұсынушы ретінде қатысу; 17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәмелетке толмағандардың білім беру және мәдениет ұйымдарында, уақытша оқшаулау, бейiмдеу және ақтау орталықтарында, кәмелетке толмағандарға арналған тәрбие колонияларында, арнайы білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың тәрбиелеу, оқыту, ұстау, денсаулығын сақтау жағдайларын тексеру және құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында тиiстi аумақтарда орналасқан арнайы білім беру ұйымдарында болу. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ ұстау, оқыту және тәрбиелеу жағдайларын бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою жөнiнде ұсыныс енгiзедi; 18) білім беру ұйымдарында олардың меншiк нысанына қарамастан кәмелетке толмағандармен тәрбие, құқық, білім беру және сауықтыру жұмыстарының жай-күйiн зерттеу. 3. Республикалық маңызы бар қаланың (астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі жанындағы комиссиялардың қолданатын шаралары ҚР Үкіметінің 14.06.02 ж. № 646 қаулысымен тақырып өзгертілді 10. Кәмелетке толмағандарды орналастыру жөніндегi комиссия қабылдайтын шаралар: 1) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге және оқытуға, қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алуға жауапты басқа органдармен бiрлесiп, олардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн жағдайда орналасқан, білім беру ұйымдарына ұзақ уақыт қатыспаған, мемлекет көмегiне мұқтаж жасөспiрiмдердi анықтайды, олардың жеке есебiн жүргiзедi, осы кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешiм қабылдайды және қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылайды; 2) кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешiмдi білім беру, iшкi iстер, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтiк қорғау органдарына жiбередi, олар өз кезегiнде екi апта мерзiмде қабылданған шаралар туралы комиссияға хабарлауға мiндеттi; 3) ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң жоқтығына, ата-анасының ата-аналық құқығынан айырылуына байланысты арнайы білім беру ұйымдарынан шыққан немесе тәрбие колониясынан босатылған кәмелетке толмағанның бұрынғы тұрғылықты жерiне оралуы мүмкiн емес немесе қажет болмаған жағдайларында, сондай-ақ кәмелетке толмағанның тәртібіне терiс әсер ететiн өзге де себептерге байланысты көрсетiлген мекемелердiң орналасқан жерi бойынша комиссия кәмелетке толмағанның мүдделерiн есепке ала отырып, білім беру ұйымдарына орналастыру немесе еңбекке орналастыру жөнiнде, сондай-ақ ол үшiн тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасау жөнiнде көмек көрсетедi. Комиссия мәселенi кәмелетке толмағанның жазбаша өтiнiшi мен тиiстi мекеме әкiмшілiгiнiң дәлелдi қорытындысы берiлген күнiнен бастап он күн iшiнде қарайды. Қажет болған жағдайларда кәмелетке толмағанға қорғаншылық немесе қамқорлық белгiлеу үшiн комиссия тиiстi қорғаншылық және қамқорлық органына өтiнiш білдiредi. 11. Комиссияның кәмелетке толмағандарға қолданатын ықпал ету шаралары. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершiлiк туындайтын жасқа жеткенге дейiнгi әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары немесе қылмыс белгiлерi бар қоғамға қауiптi әрекеттерi жөніндегі iстердi қарау кезiнде комиссия кәмелетке толмағанның жас ерекшелiгiн, өмiр сүру және тәрбие жағдайларын, психикалық даму деңгейiн, жеке адамның өзге де ерекшелiктерiн, әлеуметтiк жағдайы мен мiнез-құлқын, жасы үлкендердiң рөлi мен ықпалын, сондай-ақ әкiмшiлiктiк заңнамамен көзделген шаралардан басқа, кәмелетке толмағанды арнайы білiм беру ұйымдарына жiберу туралы сотқа өтiнiш беру. ҚР Үкіметінің 14.06.02 ж. № 646 қаулысымен 12-тармақ өзгерді 12. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерiне комиссия қолданатын ықпал ету шаралары. Кәмелетке толмағандардың балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі өз мiндеттерiн орындамайтын не олардың дене тәрбиесiнiң қалыпты және өнегелi дамуына керi әсерiн тигiзетiн ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерiне комиссия мынадай ықпал ету шараларын қолдана алады: кәмелетке толмаған келтiрген материалдық зиянды өндiрiп алу туралы сотқа өтiнiш беру; кәмелетке толмағанның өмiрiне немесе оның денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде кәмелетке толмағанды ата-анасынан немесе оны қамқорлыққа алған өзге де заңды өкiлдерiнен дереу алып қою туралы, сондай-ақ қорғаншыны немесе қамқоршыны өздерiнiң мiндеттерiн орындаудан шеттету туралы, баланы тәрбиелеуге беру туралы шарттың бұзылуы туралы не асырап алуды (қыз бала асырап алуды) сот тәртібімен жою туралы қорғаншылық және қамқорлық жасау органына өтiнiш беру; ата-аналық құқығын шектеу жөнiнде немесе айыру не оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де шаралар қолдану туралы сотқа өтiнiш беру. 4. Комиссияның материалдарды қарау тәртібі ҚР Үкіметінің 14.06.02 ж. № 646 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді 13. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңнамасымен өзiнiң құзыретiне жатқызылған кәмелетке толмағандар жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iс республикалық маңызы бар қаланың (астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі жанындағы комиссия қарайды. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау процесiнде комиссия қылмыс белгiлерiн тапқан жағдайда, онда ол тиiстi ақпаратты iшкi iстер органдарына жiбередi. 14. Комиссия кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкiлдерiне қатысты материалдарды: кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң өтiнiшi бойынша; өзiнiң жеке бастамасы бойынша; азаматтардың ақпараттары бойынша; білім беру ұйымдарының ұсыныстары бойынша, сондай-ақ олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдардың өтiнiштерi; қылмыстық жауапкершiлiк туындаған жасқа толғанға дейiн қоғамға қауiптi әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты iшкi iстер органдарының немесе прокуратураның материалдары бойынша қарайды. Комиссия кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкiлдерiне қатысты материалдарды осы Ережемен және Қазақстан Республикасының құқықтық кесiмдерiмен белгiленген тәртiппен қарайды. ҚР Үкіметінің 14.06.02 ж. № 646 қаулысымен 15-тармақ өзгерді 15. Комиссия отырыстарын дайындау. Комиссияның қарауына келiп түскен материалдардың уақытылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету мақсатында оларды комиссияның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары алдын-ала зерттейдi. Комиссияның қарауына келiп түскен материалдарды алдын ала зерттеу процесiнде ол: осы материалдардың деректерiн қарау оның құзыретiне жататындығын; комиссия отырысына шақыртып алуға немесе шақыруға жататын адамдар шеңберiн; материалдарды дұрыс және уақытылы қарау үшiн маңызы бар жағдайларға қосымша тексеру жүргiзу, сондай-ақ қосымша материалдарды талап ету қажеттiлiгiн анықтайды. Комиссия материалдарды алдын-ала зерттеу нәтижелерi бойынша мынадай шешiмдер қабылдай алады: материалдарды қарауға тағайындау және кәмелетке толмағанды, оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкiлдерiн, отырысқа қатысуы мiндеттi деп танылған басқа да адамдарды комиссия отырысының күнi мен орны туралы хабардар ету; келiп түскен материалдардағы мәлiметтерге тексеру жүргiзу немесе оны жүргiзудi тиiстi мамандарға тапсыру; комиссия отырысында қарауға жататын мәселелердiң нақтылығы бойынша кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң өтiнiшiн қарау; кәмелетке толмағанның комиссия отырысына келуiн қамтамасыз ету жөнiнде осы Ереженiң 16-тармағында көзделген шараларды қабылдау. Кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi, адвокат комиссия отырысы басталғанға дейiн оның қарауына дайындалған материалдармен танысуға құқылы. Осы тармақта көрсетiлген адамдардың материалдармен танысу құқығы оларды комиссия отырысына шақыру туралы шақыру қағазында түсіндіріледі. Комиссияның алған материалдары олардың комиссияға келiп түскен күнiнен бастап он бес күн iшiнде қаралуы тиiс. ҚР Үкіметінің 14.06.02 ж. № 646 қаулысымен 16-тармақ өзгерді 16. Комиссия отырысына қатысушы адамдардың келуiн қамтамасыз ету. Кәмелетке толмаған комиссия отырысына қатысудан жалтарды деуге негiз болған кезде, комиссия келуiн қамтамасыз ету үшiн жауапкершiлiктi ата-анасына немесе өзге де заңды өкiлдерiне, не ол тәрбиеленетiн білім беру ұйымдары әкiмшiлiгiне жүктейдi, олар осы мәселе бойынша жазбаша мiндеттемелер бередi. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне хабарланғаннан кейін комиссия отырысына дәлелді себептерсіз келмеген ретте: қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған, он төрт жасқа шыққан кәмелетке толмағандар; әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, он алты жасқа шыққан кәмелетке толмағандар мәжбүрлеп жеткізіледі. Кәмелетке толмағандар қоғамға қауіпті іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық туындайтын жасқа жетпеген жағдайда мәжбүрлеп жеткізілуге олардың заңды өкілдері тартылады. 17. Комиссия отырыстарын өткізу тәртібі. Комиссия отырысы қажетiне қарай, бiрақ кемiнде айына екi рет өткiзiледi және әдетте, ашық болып табылады. Кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында комиссия қаралатын материалдардың сипатын ескере отырып, iске қатысушы адамдардың өтiнiшi бойынша жабық отырыс өткізу туралы дәлелдi қаулы қабылдай алады. Комиссия қажет кезiнде iстерi қаралатын адамдардың оқу, жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi бойынша көшпелi отырыс өткiзе алады. Комиссия отырысы егер оған, комиссия мүшелерiнiң кемiнде жалпы санының жартысы қатысса заңды болып табылады. Комиссия отырысына оның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары төрағалық жасайды. Кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды комиссия тек кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң қатысуымен ғана қарайды. Кәмелетке толмағанның тiлегi бойынша комиссия жұмысына қатысуға оның адвокаты жiберiледi. Комиссия отырысын өткізу күнi, орны мен уақыты туралы прокурорға мiндеттi түрде хабарлануы керек. Қылмыстық жауапкершiлiк туындайтын жасқа толғанға дейiн қоғамға қауiптi әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды қарау кезiнде отырысқа прокурор шақырылады. Комиссия отырысының басында төраға қандай материалдар қаралатынын хабарлайды, отырысқа қатысушы адамдармен таныстырады. Мұнан кейiн қажеттi құжаттар жарияланады, келiп түскен материалдар, сондай-ақ негiзделген шешiм қабылдау үшiн маңызы бар жағдайлар зерттеледi, өтiнiштер қаралады, отырысқа қатысушы адамдардың сөзi тыңдалады. Қаралатын материалдардың мәнi бойынша өтiнiштердi кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi, адвокаты, материалдарды қарауға қатысушы мамандар, сондай-ақ комиссияға кәмелетке толмағанға қатысты ұсынымдармен өтiнiш бiлдiрген адамдар және олардың заңды өкiлдерi бередi. Берiлген өтiнiштердi қарау нәтижелерi комиссия отырысының хаттамасына енгiзiледi. Комиссия отырысында кәмелетке толмағанға керi әсерiн тигiзетiн жағдайларды зерттеу уақытында комиссияның оны залдан шығаруға құқы бар, бұл туралы комиссия отырысының хаттамасында жазылады. ҚР Үкіметінің 14.06.02 ж. № 646 қаулысымен 18-тармақ өзгерді 18. Комиссия қаулысы. Кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкiлдерiне қатысты материалдары, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу үшiн жауапты органдардың ұсынымдары олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдардың өтiнiштерi, азаматтардың ақпараттары бойынша комиссия қаулы қабылдайды, онда: Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк заңнамасында көзделген жаза және ықпал ету шараларын қолдану туралы; |