|
|
|
«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың: 399-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің; 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 399-қосымша
637 - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 138591 мың теңге (бір жүз отыз сегіз миллион бес жүз тоқсан бір мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету туралы" 1996 жылғы 28 наурыздағы № 2920 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы; "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Конституцияның Республиканың бүкіл аумағында жоғары тұруын және тікелей қолданылуын қамтамасыз ету; қойылып отырған біліктілік талаптарына сәйкес, өздерінің лауазымдық міндеттерін тиімді түрде орындау және кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында кәсіби қызметі саласындағы оқыту бағдарламасы бойынша теориялық және практикалық білімдерін, шеберлігі мен ептілігін жаңарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау; конституцияның нормаларына ресми түсіндірме беру; дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің және республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселені шешу; Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарау; Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарау; соттардың заңды немесе өзге бір нормативтік құқықтық актіні Конституцияға сәйкес емес деп тану туралы өтініштерін қарау; Парламентке елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауды жіберу; конституциялық құрылыс процесінде тәжірибе алмасу мақсатында халықаралық ұйымдармен және шет елдердің конституциялық бақылау органдарымен одан әрі ынтымақтасу; мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтижелері: - 37 бірлік лимитке сай Конституциялық Кеңестің аппаратын ұстау; - Республиканың бүкіл аумағында Конституцияның жоғары заңдық күшін, оның тікелей қолданылуын қолдау үшін және беделін нығайту үшін қажетті жағдай жасау; - елдің заңнамасы мен халықаралық шарттарының Республика Конституциясына сәйкестігін қамтамасыз ету; - конституциялық нормалардың мазмұнын дұрыс түсіндіру; - Республика Парламентіне елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдауды дайындау және жария ету; - халықаралық ұйымдармен және шетелдердің конституциялық юстиция органдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру, өз өкілеттігін іске асыру кезінде оң ұсыныстарды пайдалану; - тиражы 300 дана болып шығарылатын жыл сайынғы "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы" өз жұмысында пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне, Үкіметіне, Жоғарғы Сотына, Бас прокуратурасына және өзге де орталық мемлекеттік органдарына жіберіледі. Бұл басылымда Конституциялық Кеңестің өткен жыл ішіндегі барлық шешімдері жарияланады. Одан тыс ол Конституцияны, оның қағидалары мен идеяларын насихаттау, сондай-ақ қазақстандық тәжірибені зерделеу мақсатында халықаралық ұйымдар мен шетелдердің конституциялық бақылау органдарына жіберіледі; - мәжіліс залын, Кеңес Төрағасы мен мүшелерінің кабинетін жиһазбен 100% қамтамасыз ету; - компьютерлік техникамен 89% қамтамасыз ету; - Кеңес мүшелерін 100% көлікпен қамтамасыз ету; - 5 адамның кәсіби деңгейін арттыру, 37 адамға мемлекеттік тілді үйрету, 30 адамға ағылшын тілін үйрету. Түпкілікті нәтижелер: - конституцияға қайшы келетін нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттардың құқық қолдану практикасында қолданылуына жол бермеу; - негізгі Заңның нормаларын барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдар мен азаматтардың бірізді түсініп, қолдануын қамтамасыз ету; - конституциялық заңдылықтың бұзылуын жою және Конституцияның әлеуетін одан әрі пайдалану жөніндегі шараларды қабылдау қажеттігі туралы ұсыныстар әзірлеп, Мемлекет басшысы мен заң шығарушылық бастамасын жасау субъектілеріне жіберу; - конституцияның жоғары заңдық күшін қамтамасыз етумен айналысатын органдардың дүниежүзілік жүйесінде беделін көтеру және лайықты орын иелену; - мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтерудегі қажеттілігін өтеу 13,5%, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді үйренудегі қажеттілігін өтеу 100% және ағылшын тілін үйренудегі қажеттілігін өтеу 81,1%. Қаржылық-экономикалық тиімділігі: 1) конституциялық Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісін ұстауға кететін қаржылық-шаруашылық шығыс - 2887,0 мың теңге; 2) конституциялық Кеңестің штаттан тыс бір қызметкерін ұстауға кететін қаржылық шығыс - 386,5 мың теңге; 3) кеңестің бір мемлекеттік қызметшісінің біліктілігін арттыруға кететін орташа шығыс - 33,5 мың теңге; 4) кеңестің бір мемлекеттік қызметшісіне мемлекеттік тілді үйретуге кететін орташа шығыс - 13,32 мың теңге; 5) кеңестің бір мемлекеттік қызметшісіне ағылшын тілін үйретуге кететін орташа шығыс - 8,05 мың теңге. Уақытылығы: - өтініш субъектілерінің сұрау салуы бойынша заңнамада белгіленген мерзімде қаулы қабылдау; - жоспарланған іс-шаралардың белгіленген мерзімде орындалуы; - жыл сайынғы "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысын" сәуір айында басып шығару; - жасалынатын шарттарға сәйкес жыл бойы оқыту. Сапасы: - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытынды шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеуі; - кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына, қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткен соң мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшкен мемлекеттік қызметшілердің үлес салмағы - 27,02%; ағылшын тілін оқыту курстарынан өткен соң ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлес салмағы - 6,6%.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |