|
|
|
«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың: 10-қосымшаға сәйкес Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың; 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 10-қосымша
106 - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 30324 мың теңге (отыз миллион үш жүз жиырма төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін белгілеу туралы" 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығы; "Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 992 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1094 Жарлығы; "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 3 қазандағы 1996 жылғы № 1217 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламент депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22 қыркүйектегі 2000 жылғы № 1428 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін жетілдіру, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалауды, адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі шаралар қабылдауды жүзеге асыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін қамтамасыз ету және оған адамның және Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын бақылауды жүзеге асыруда, Қазақстан Республикасының құқықтар мен бостандықтар және халықты құқықтық ағарту саласындағы заңдарын жетілдіруде, жан-жақты жәрдемдесу. Лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, дағдылар мен машықтарды жаңарту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін қамтамасыз ету және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық лимитіне сай саны 15 бірлік аппараты ұстау; - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың лауазымды адамдар мен ұйымдардың олардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен және халықаралық шарттармен кепілдік берілген құқықтарын және бостандықтарын бұзатын іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарын қарауы; - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің есебін қазақ және орыс тілдерінде 500 данадан шығару және Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы хабардар ету үшін Президентке, Парламентке, Үкіметке, Жоғарғы сотқа, Бас прокуратура мен басқа да орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға жіберу, Қазақстан Республикасының елшіліктері мен халықаралық ұйымдарына жіберу; - саны 4 адамның кәсіби деңгейін арттыру, саны 15 адамға мемлекеттік тілді оқыту; - Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жүргізген тексерулердің нәтижелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін ресми хабарлар дайындау; - іс-әрекеттері адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға әкеп соққан адамдарды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту туралы тиісті мемлекеттік органдарға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл енгізетін ұсынымдар дайындау; - мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді оқытумен 100% қамтамасыз ету; - жиһазбен 100% қамтамасыз ету. Түпкі нәтиже: - адам мен азаматтың, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың бұзылған, Конституциямен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру; - мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік деңгейін 26,6 пайызға арттырудағы қажеттілікті қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтиже: - адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бір мемлекеттік қызметшісін ұстауға жұмсалатын шығындар - 1984,3 мың теңге; - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бір штаттан тыс қызметкерін ұстауға жұмсалатын шығындар - 150,0 мың теңге; - бір мемлекеттік қызметшінің кәсіптік біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығындары - 22,0 мың теңге; - Ұлттық орталықтың бір мемлекеттік қызметшісіне мемлекеттік тілді оқытуға жұмсалатын орташа шығындары - 11,5 мың теңге. Уақтылығы: - азаматтардың шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімде қарау; - орталықтың жоспарына сәйкес жоспарланған іс-шараларды орындау; - жасатылатын шарттарға сәйкес жыл бойы оқыту. Сапасы: - қарауға қабылданған азаматтардың шағымдарын қанағаттандыру және олар бойынша шағын иелеріне жауаптар жіберу; - кәсіптік мемлекеттік қызмет талаптарына сай, қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткеннен кейін іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшкен мемлекеттік қызметшілердің 40 пайыз үлесі, біліктілігін арттыру курстарынан өткеннен кейін жоғарғы тұрған лауазымдарға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің 6,6 пайыз үлесі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |