|
|
|
«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың (2006.17.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Мыналардың: 407-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының; 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 407-қосымша
690 - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған "Сайлау өткізуді ұйымдастыру" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 795207 мың теңге (жеті жүз тоқсан бес миллион екі жүз жеті мың теңге). ҚР Үкіметінің 2006.17.11. № 470и Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдерінің сайлауын өткізу туралы» 2006 жылғы 6 маусымдағы № 130 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімін бекіту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 Жарлығы; "Қызметтік телефондар және мемлекеттік органдардың аппараттарын орналастыру үшін алаңдардың нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының аппараты штатының саны туралы" 1998 жылғы 29 қазандағы № 1108 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландыратын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметшілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. ҚР Үкіметінің 2006.17.11. № 470и Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Парламент Сенаты, Мәжілісі депутаттарын, мәслихаттар депутаттарын және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауда жүктелген функцияларды барынша тиімді орындау үшін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының қызметін қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2006.17.11. № 470и Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының Парламент депутаттарының, мәслихаттар депутаттарының және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауларын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру мақсатында қамту, сайлауларды өткізу кезінде аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асыру, комиссияны материалдық-техникалық жарақтандыру, оқулық семинар өткізу; қызметшілердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес өз лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіби шеберліктерін жетілдіру үшін кәсіби қызмет саласындағы оқыту бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерін, икемділігі мен машықтарын жаңарту, "Сайлау" ААЖ бағдарламасын сүйемелдеу. ҚР Үкіметінің 2006.17.11. № 470и Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелер: - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының орталық аппаратын 51 бірлік штат санының лимиті бойынша қамту, орталық аппарат қызметкерлерінің материалдық-техникалық жарақталуын 100% қамтамасыз ету; - Республика бойынша тұтас алғанда Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығару; - сайланған комиссияларының қызметіне қажетті материалдық-техникалық жағдайлар жасау; - аумақтық және округтік сайлау комиссияларының шешімдері мен іс-әрекеттеріне түскен арыздар мен шағымдар қарау; - саны - 10 адамның кәсіби деңгейін жоғарылату, саны - 25 адамға мемлекеттік тілді үйрету, саны - 20 адамға ағылшын тілін үйрету. Түпкілікті нәтижелер: - Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асыруға бірыңғай қолдануын қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар жасау; - мемлекеттік қызметшілердің сұранысын кәсіпқойлық деңгейін көтеруде - 20%, мемлекеттік тілді үйренуде - 50%, ағылшын тілін үйренуде - 40% қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтижесі: - бюджеттік қаржыны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қызметінің сапасын жоғарылатуға пайдалану; - бюджеттік қаржыны дер кезінде және толық игеру; - орталық аппараттың бір мемлекеттік қызметшісін қамтуға арналған қаржылық-шаруашылық шығыстар - 9725,5 мың теңге; - штаттан тыс бір қызметкерді қамтуға арналған қаржылық-шаруашылық шығыстар - 499,5 мың теңге; - бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін жоғарылатуға арналған орташа шығыстар - 22,3 мың теңге; - бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді үйретуге арналған орташа шығыстар - 1З,76 мың. теңге; - бір мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілін үйретуге арналған орташа шығыстар - 6,0 мың теңге; - Сенатқа бір депутатты сайлауға арналған орташа шығыстар - 860,0 мың теңге; - Мәжіліске бір депутатты сайлауға арналған орташа шығыстар - 2616,0 мың теңге; - мәслихаттарға бір депутатты сайлауға арналған орташа шығыстар - 115,0 мың теңге. Уақтылығы: - сайлауларды "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңға сәйкес өткізуді қамтамасыз ету; - жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімдерде атқару. Сапасы: - осы заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес, мемлекеттік қызметтің талаптары бойынша мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін жоғарылату; - мемлекеттік тілді үйрену курсын өткен соң мемлекеттік қызметшілердің 10% іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүзеге асыратын болады; - ағылшын тілін үйрену курсын өткен соң мемлекеттік қызметшілердің 5% ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін болады; - біліктілігін жоғарылату курсын өткен соң мемлекеттік қызметшілердің 2% жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалатын болады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |