|
|
|
«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың: 63, 64-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің; 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 63-қосымша
203 - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған «Табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеуді, бақылауды қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 923170 мың теңге (тоғыз жүз жиырма үш миллион бір жүз жетпіс мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңы; «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13, 14, 17, 18-баптары; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 1-30-баптары; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; «Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысы; «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 428 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысы; «Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы № 455 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұтынушылардың, мемлекеттің және мемлекеттік және табиғи монополия субъектілерінің мүдделерінің балансына жету; өздерінің лауазымдық міндеттемелерін тиімді орындау мен кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіби қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерін, іскерліктері мен машықтарын жаңарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: табиғи және мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметін бақылау мен реттеу; табиғи монополиялардың жұмыс істеуіне, тариф түзу мәселелеріне қатысты заңдардың жобаларына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сараптама жүргізуді жүзеге асыру; мемлекеттік органдардың ақылы қызметтер көрсету тәртібін бақылау; өз қызметін мемлекеттік монополияға жатқызылған салада жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін реттеу мен бақылау; табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін, мемлекеттік органдар көрсететін ақылы қызметтердің мемлекеттік тіркелімін жүргізу; мемлекеттік мекемелер монополиялық түрде жүзеге асыратын қызметтерге есеп айырысу әдіснамасы мен бағалар белгілеу ережесін жетілдіру; табиғи монополия саласындағы тарифтердің (бағалардың, ставкалардың, алымдардың) немесе олардың шекті деңгейлерінің есеп айырысу әдістемесін жетілдіру; мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Тарифті немесе тарифтік сметаны өзгертуге берілген өтінімдерді қарау кезінде кем дегенде 20 сараптамалық бағалау жүргізу; «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтау мақсатында табиғи монополия субъектілерінің қызметін қаржылық сараптау жөнінде кем дегенде 32 қорытынды және техникалық сараптау жөнінде кем дегенде 32 қорытынды өткізу; табиғи және мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметін реттейтін кем дегенде 9 нормативтік және нормативтік құқықтық актілер әзірлеу; 48 адамның кәсіби деңгейін көтеру, олардың ішінен: 20 адамды - мемлекеттік басқарудың осы заманғы әдістері мен технологияларына, 10 адамды - құқықтық білімге, 10 адамды - мемлекеттік сатып алу жүйесін зерделеуге үйрету, 8 адамды - ақпараттық технологияларға, оның ішінде аумақтық органдардың - 38 адамын үйрету; 47 адамға - мемлекеттік тілді, оның ішінде аумақтық органдардың - 37 адамын үйрету; орталық аппараттың және аумақтық органдардың материалдық-техникалық жарақтануын арттыру; Агенттіктің орталық аппаратын және оның аумақтық органдарын ақпараттық жүйелермен, техникамен жаңғырту. Түпкілікті нәтиже: Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін 13,3%-ға көтеруде, мемлекеттік қызметшілерді 13,1%-ын мемлекеттік тілге үйретуде қажеттілікті қамтамасыз ету; материалдық-техникалық жарақтандыру мен ақпараттық жүйелерді жаңарту деңгейі 47%-ға дейін көтеріледі. Қаржы-экономикалық нәтиже: Орталық аппарат бойынша бір мемлекеттік қызметшіні ұстауға жұмсалатын орташа шығын - 1277,48 мың теңге. Аумақтық органдар бойынша бір мемлекеттік қызметшіні ұстауға жұмсалатын орташа шығын - 843,68 мың теңге. Бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 12,72 мың теңге. Бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді үйретуге жұмсалатын орташа шығын - 14,78 мың теңге. Дер кезділігі: Мемлекеттік сатып алу туралы жасалатын шарттардың белгіленген мерзімдеріне сәйкес. Сапасы: Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне сараптамалар жүргізу: тарифтің мөлшеріне әсер ететін табиғи монополиялар субъектілерінің қаржы операцияларын жүргізудегі бұрмалаушылықты анықтауға, тарифтердегі ескерілетін табиғи монополия субъектілерінің шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді; нормативтік және нормативтік құқықтық актілер әзірлеу: тұтынушылар мен экономикаға арналған табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін әсерін талдауға және тарифтер серпінінің жекелеген салалар мен халықтың табыстарына әсерін болжамдауға мүмкіндік жасайтын құралдар енгізуге мүмкіндік береді; осы заманғы экономикалық талаптарға сәйкес, кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілге үйретілгеннен кейін іс жүргізе алатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі 13%-ды құрайды; біліктілікті арттыру курсынан өткеннен кейін жоғары лауазымға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 4%.
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 64-қосымша
203 - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған «Монополистер қызметінің мониторингі бойынша электрондық деректер базасын құру» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 104400 мың теңге (бір жүз төрт миллион төрт жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; «Табиғи монополиялар салаларында тарифтік саясатты дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы № 455 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау органдарын бұрмалаушылықтардың болуы туралы, уәкілетті орган бекіткен тарифтерді пайдалану және табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауды болдырмау үшін тарифтік сметаларды орындау туралы шынайы және жедел ақпаратпен қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ақылы қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілерінің, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың қызметінің автоматтандырылған мониторингі үшін деректердің талдау базасын жасау және енгізу, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және дамыту, есептеу, коммуникациялық, желілік жабдық лицензиялық жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етудің, операциялық жүйелер және оған берілген қосымшалардың құралдарымен жаңғырту және жарақтандыру, ақпараттық жүйелерді интеграциялау және ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету, Агенттіктің WEB-порталын жасау және оның е-үкіметтің WEB-порталымен интеграциялау мүмкіндігі. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Табиғи және мемлекеттік монополиялар субъектілері туралы бастапқы деректерді енгізу, деректер базаларын уәкілетті орган бекіткен реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтерімен толтыру, табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің серпінін талдау және олардың ақпаратын деректер базасының деректерін пайдалана отырып өңдеу. Түпкілікті нәтиже: Осы «Табиғи монополиялар қызметінің мониторингі бойынша электрондық деректер базасы» ақпараттық жүйені жасау off-line режимінде табиғи және мемлекеттік монополиялар субъектілері туралы 98% шынайы ақпаратты, тарифтік сметаның орындалуы жөніндегі есептерді, электрондық деректер базасына Агенттіктің аумақтық органдары мен табиғи монополиялар субъектілерінің өздері енгізген субъектілердің қаржы-шаруашылық қызмет есептерін жедел түрде алуға мүмкіндік береді. Қаржы-экономикалық нәтиже: Осы жүйе өтінімдер, өтініштер, тарифтік сметалардың орындалуы туралы есептер, табиғи монополиялар субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептер ұсыну, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық органдарынан және табиғи монополия субъектілерінен ақпараттар (құжаттар) алу уақытын жарты сағаттан екі және одан көп тәулікке дейін қысқартуға алып келеді. Дер кезділігі: Жасалған шарттардағы белгіленген мерзімдерге сәйкес. Сапасы: Агенттіктің аумақтық органдарынан және табиғи монополия субъектілерінен қажетті, жедел ақпаратты уақтылы алуды 100% қамтамасыз етеді; жүйеде жинақталып қалған монополиялар қызметі мен олардың тарифтік саясаты, өндірісті жетілдіру және қызметтер көрсету жөніндегі өткізілген іс-шаралар туралы мәліметтердің жариялылығы мен ашықтығын 100%, осы ақпаратқа мемлекеттік органдар мен халықтың 100% қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |