|
|
|
«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын (2006.31.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың: 400, 401, 402, 403, 404, 405-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының; 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 400-қосымша
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған «Қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және салтанатты рәсімдерді орындауға қатысу» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Құны: 1488772 мың теңге (бip миллиард төрт жүз сексен сегіз миллион жеті жүз жетпіс екі мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1428 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:мемлекет Басшысының және өзге күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін; аса маңызды мемлекеттік объектілердің күзетілуін; протоколдық рәсімдік іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу; рәсімдік іс-шараларды орындауға қатысу; аса маңызды мемлекеттік объектілерді, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін ғимараттарды, құрылыстарды және қызметтік үй-жайларды күзету; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы эталондарын күзету; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте әскери режим мен төтенше жағдай кезінде іс-шараларды іске асыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: күзетілетін адамдардың саны 10 дейін; күзетілетін объектілердің саны 8; өткізілген протоколдық рәсімдік іс-шаралардың саны 95; 1997-1998 жылдарға сыйақы төлемін алған әскер қызметшілердің саны 1132. Ақырғы нәтиже: % күзетілетін адамдардың қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі 100; % күзетілетін объектілердің қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі 100; % протоколдық рәсімдік іс-шаралардың орындалуы 100; % қару-жарақтың тиісті норма бойынша қамтамасыз етілуі 75; % әскери және автомобиль техникасымен тиісті норма бойынша қамтамасыз етілуі 80; % технологиялы жабдықтардың тиісті норма бойынша қамтамасыз етілуі 80. Қаржы-экономикалық нәтижесі: мемлекет Басшысының, өзге күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және протоколдық рәсімдік іс-шараларды орындау мақсатында ведомстволық мекемелердің жұмысын ұйымдастыру үшін орталық аппараттың 1 қызметкерін ұстауға бір жылдық орташа шығыс (мың теңге) 1437; мемлекет Басшысының, өзге күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және протоколдық рәсімдік іс-шараларды орындау үшін ведомстволық мекеменің 1 қызметкерін ұстауға жылдық орташа шығыс (мың теңге) 663; 1997-1998 жылдарға сыйақы төлемдері бойынша 1 қызметкерге жылдық орташа шығыс (мың теңге) 31,6. Уақтылығы: жұмыстарды атқару жоспарына сәйкес іс-шаралардың уақытында орындалуы 100. Сапасы: % өзінің қауіпсіздік жағдайына «қанағаттанған» күзетілетін адамдар 100.
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 401-қосымша
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған «Республикалық ұлан объектілерін салу» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны:50000 мың теңге (елу миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының12-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республикалық ұланның бөлімшелерін үнемі жауынгерлік әзірлікте ұстау үшін Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының инфрақұрылымын дамыту және жақсарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:Республикалық ұлан объектілерінің құрылысын салу жолымен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерді үнемі жауынгерлік әзірлікте ұстау және оларды ынталандыру үшін жағдай жасау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Мемлекеттік сараптамадан өткен бекітілген жобалау-сметалық құжаттар, 60 отбасына арналған Республикалық ұлан жатақханасының құрылысын салу бойынша атқарылған жұмыстардың көлемін. Ақырғы нәтиже: Республикалық ұланның әскери қызметшілеріне жағдай жасау үшін Республикалық ұланның объектілерін пайдалануға беру. Уақтылығы: Жұмыстарды атқару жоспарына және жасалған келісімдерге сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау. Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 402-қосымша
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған «Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін емдеу» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны:47539 мың теңге (қырық жеті миллион бес жүз отыз тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының13-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің науқастану пайызын мейлінше азайту; барлық науқастарға медициналық қызметті толық көлемде көрсету үшін қажетті медикаменттермен және медициналық препараттармен барынша қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Сапалы медициналық қамтамасыз етілуді алу үшін әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің өтініш жасау саны 13433; 1997-1998 жылдардың сыйақысын алған әскери қызметшілердің саны 11. Ақырғы нәтиже: % әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің науқастану деңгейінің төмендеуі 30. Қаржы-экономикалық тиімділігі: 1 әскери қызметшіні медициналық қамтамасыз етуге жылына жұмсалатын орташа шығыс (мың теңге) 0,9; 1 қызметкерді ұстауға жылына жұмсалатын орташа шығыс 1997-1998 жылдардың сыйақысын төлеу бойынша 1 қызметкерге жұмсалатын орташа шығыс (мың теңге) 48,4. Уақтылығы: тереңдетілген медициналық тексеруді мерзімінде өткен әскери қызметшілердің үлесі (%) 100; уақытында медициналық ем алған әскери қызметшілер (%) 100. Сапасы: % сапасына және уақтылығына қанағаттанған әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері (%) 100.
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 403-қосымша
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған «Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау» деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны:2060 мың теңге (екі миллион алпыс мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының15-бабы, «Қазақстан Республикасының ұланы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 8-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:жоғарғы әскери білімді мамандарды даярлау. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:барынша жоғары білікті кадрлармен жасақталуы мүмкін әскери лауазымдардың пайызын ұлғайту, жоғарғы әскери білімі бар әскери қызметшілердің пайызын көбейту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жоғары әскери білім алған әскери қызметшілер саны 5; біліктілікті арттыру курстарында оқып жүрген әскери қызметшілердің саны 4. Ақырғы нәтиже: жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен жасақталған әскери лауазымдардың саны 312; жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен толығымен жасақталатын әскери лауазымдардың саны 117; жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен толығымен жасақталатын әскери лауазымдардың саны 195. Қаржы-экономикалық нәтижесі: ЖОО-ның 1 тыңдаушысын оқытудың орташа құны (мың теңге) 329; Біліктілікті арттыру курстарында 1 тыңдаушыны оқытудың орташа құны (мың теңге) 132. Уақтылығы: оқу үшін төлемнің уақытында аударылуы Сапасы: % оқу жылында оқу бағдарламасын меңгерген әскери қызметшілер 100; % ЖӘОО түлектерінің санына және сапасына қанағаттанған Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы құрылымдық бөлімшелерінің басшылары 100.
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 404-қосымша
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған «Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету» деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны:100000 мың теңге (бір жүз миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының12-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының әскери қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілердің санын кеміту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: тұрғын үй алған адамдардың саны 17. Ақырғы нәтиже: % тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын жақсартқан әскери қызметшілер (259 мұқтаждардың ішінен 17 әскери қызметшіні) 6,5. Қаржы-экономикалық нәтижесі: сатып алынған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орташа құны (мың теңге) 91; 1 пәтердің орташа құны (мың теңге) 5883. Уақтылығы: тұрғын үймен уақытында қамтамасыз етілуі. Сапасы: % сатып алынған тұрғын үйдің сапасына қанағаттанған әскери қызметшілер 100.
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 405-қосымша
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған «Терроризмге және экстремизм мен сепаратизмнің басқа да көріністеріне қарсы күрес» деген 110 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны:75000 мың теңге (жетпіс бес миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасында терроризммен, экстремизммен және сепаратизммен күресудің мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 16 наурыздағы № 1305Жарлығы; «2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасында терроризммен, экстремизммен және сепаратизммен күресудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 483-17қ қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi:республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:терроризмдік, экстремизмдік және сепаратистік бағыттарындағы қылмыстарды ескерту, анықтау және жолын кесу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:терроризмдік, экстремизмдік және сепаратизм бағыттарындағы қылмыстарды ескерту, анықтау және жолын кесу бойынша ведомствоаралық шұғыл-алдын алу іс-шаралары менарнайы операцияларға қатысу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: күзетілетін объектілердің саны 8. Ақырғы нәтиже: % күзетілетін объектілердің арнайы және техникалық құралдармен жарақталуы 100. Қаржы-экономикалық нәтижесі: арнайы және техникалық құралдармен қамтамасыз етілген 1 әскери қызметшіге жұмсалатын орташа шығыс (мың теңге) 62. Уақтылығы: Өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес іс-шараларды уақытында орындау 100. Сапасы: % «қанағаттанарлық» және одан да жоғары деп террористік актілерді болдырмау жөніндегі іс-қимылдың уақыттылығын бағалаған республика азаматтары 100.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |