|
|
|
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы (2014.19.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесі бекітілсін. 2. «Республикалық меншіктегі ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын ерекше маңызды топтық жүйелерден ауыз су беру қызметінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 76 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 2, 40-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегi № 248 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2008.20.03. № 276 Қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен барлық мәтін бойынша «топтық» деген сөзден кейін «және оқшау» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара) Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесi
1. Осы Ереже тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат есебінен және шегінде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2011.17.02. № 146 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.23.08. № 943 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: су беруші - ауыз су беру жөнінде сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелеріне қызмет көрсететін және су шаруашылығы жүйелері қызметтерін көрсету жөніндегі табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға; су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға. ҚР Үкіметінің 2011.23.08. № 943 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.19.07. № 799 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Субсидиялар су ресурстарын коммерциялық мүдделерге пайдалануды қоспағанда, өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін су пайдаланушыларға ауыз су беру жөніндегі сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелеріне қызмет көрсететін су берушілердің шығындарын толық немесе ішінара өтеуге (көрсетілген қызметтердің құнын арзандатуға) арналады. ҚР Үкіметінің 2012.19.04. № 489 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.19.07. № 799 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда 4. Әрбір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) үшін субсидиялардың сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі - бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) ұсынған, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарына сәйкес қалыптастырылған сомалар негізінде бекітіледі. ҚР Үкіметінің 2011.17.02. № 146 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Субсидиялар су берушілерге елді мекендердегі бір тұрғынға белгіленген орташа тәуліктік үлестік су тұтыну шегінде субсидияларды ескере отырып, тарифтер бойынша су пайдаланушылардың бөлінген нүктелеріне ауыз су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтер үшін төленеді. ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.29.01. № 40 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.17.02. № 146 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.23.08. № 943 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.19.04. № 489 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.14.09. № 1201 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді 6. Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтауды топтық су құбырлары және оқшау жүйелері бөлінісінде су берушілер үшін берілген ауыз судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін, Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған, тиісті қаржы жылдарына арналған субсидиялар мөлшерін табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтің айырмасы ретінде: 1) үйлері немесе пәтерлері ішкі сумен жабдықталған, жеке су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 30 (отыз) теңгені; 2) теңгерімдік тиесілілігі шегінде орналасқан және бірыңғай су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған сумен жабдықтау желілерін пайдаланатын су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 40 (қырық) теңгені; 3) бұдан әрі тазалауды және оны ауыз су су тұтыну жағдайына дейін жеткізуді қажет ететін, ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше топтық және оқшау жүйелерінен берілген 1 (бір) текше метр суға 0 (нөл) теңгені шегергенде белгіленген лимиттің шегінде кепілдік берілген сапада ауыз су беру жөнінде көрсетілген қызметтер үшін белгілейді. ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.19.04. № 489 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.19.07. № 799 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-1-тармақ жаңа редакцияда 6-1. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдері мен Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті жылға арналған төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде облыстардың және Астана, Алматы қалалары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлемдеріне сәйкес облыстық бюджеттерге және Астана, Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударады. ҚР Үкіметінің 2014.19.07. № 799 Қаулысымен 6-2-тармақпен толықтырылды 6-2. Сумен жабдықтаудың топтық, оқшау жүйелері бойынша облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттік бағдарлама әкімшісі тиісті жылға арналған төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес ауыз су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлеміне сәйкес су берушілерге субсидиялар сомасын аударады. ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 (бұр.ред.қара); 2009.15.07. № 1071 (бұр.ред.қара); 2011.23.08. № 943 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.19.04. № 489 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.19.07. № 799 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Ауыз су беру жөніндегі қызметтерге субсидиялар алу үшін су беруші: 1) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органымен және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерімен келісілген субсидияларды ескеріп, берілетін ауыз су көлемін, көрсетілетін қызметтерге ақыны және табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ауыз су беру жөніндегі қызметтерге бекіткен тарифті көрсете отырып, тариф бойынша ауыз су беруге арналған шарт жасалатын су пайдаланушылардың тізбесін (бұдан әрі - су пайдаланушылардың тізбесі) ұсынады; 2) осы Ережеге қосымшаға сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерімен келісілген және үш данада (су беруші, су пайдаланушы, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы үшін) жасалған субсидияларды ескеріп, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде қызметтер көрсету актілерімен қоса бере отырып, су пайдаланушылар бөлінісінде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ай сайын субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін береді; 3) ҚР Үкіметінің 2012.14.09. № 1201 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.04. № 489 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.19.07. № 799 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді 8. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы. су пайдаланушылардың тізбесін алған күннен бастап он күн мерзімде оны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде бекітеді; су пайдаланушылар бөлінісінде ұсынылған субсидиялар ескеріле отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін, осы Ереженің 7-тармағына сәйкес қызметтер көрсетуді негіздейтін құжаттарды ай сайын тексереді және алған күнінен бастап он күн мерзімде бекітеді; ауыз су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін және төлемге шоттарды алған күнінен бастап он күн мерзімде оларды субсидияларды төлеу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдарына ұсынады; есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін субсидиялардың тиесілі сомаларын су берушілердің есеп шоттарына аударады; облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне қарай, бірақ тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бекіткен нысан бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне төленген субсидиялар көлемі туралы есеп пен субсидиялардың нысаналы пайдаланылғанын көрсететін басқа да есептерді береді. ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.04. № 489 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.19.07. № 799 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ жана редакцияда 9. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердің аударылмағаны үшін жауапты болады. ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен мазмұн 10-тармақпен толықтырылды 10. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес келмейтіндей пайдаланғаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін жауапты болады. ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен мазмұн 11-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.19.04. № 489 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.19.07. № 799 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ жана редакцияда 11. Қандай да бір облыс және Астана, Алматы қалалары бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті жылға арналған республикалық бюджетке көзделген қаражат шегінде субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2011.23.08. № 943 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.04. № 489 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегi қызметтердің құнын субсидиялау ережесіне 1 қосымша
«БЕКІТЕМІН» Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы ____________________________ 20 ___ жылғы «___» __________
Су пайдаланушылар бөлінісінде ауыз су беру жөніндегі нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімі ________________________ 20 жылғы _____ (су берушінің атауы) (ай)
кестенің жалғасы
Су беруші ________________________________________________
Ескертпе: 2-бағанда су пайдаланушылар облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы бекіткен су пайдаланушылар тізбесіндегідей ретпен келтіріледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |