|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 Қаулысымен күші жойылды
2006 жылғы 23 қаңтардағы кеңесте Қазақстан Республикасының Президенті берген тапсырмаларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі бұрын қабылданған нұсқаулықтарды осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Орталық атқарушы органдар өз регламенттерін осы қаулыға сәйкес келтірсін. 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Үкіметі Регламентінің 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 28-тармағын, 30-тармағының екінші бөлігін, 32, 53, 67-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегi № 256 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің РЕГЛАМЕНТI
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді. 2. Үкіметтің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерімен және осы Регламентпен реттеледі. 3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - Премьер-Министр) мен Үкіметтің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрі - Кеңсе) жүзеге асырады. 4. Құпия және құпия емес іс қағаздарын ұйымдастыруды және жүргізуді, Премьер-Министрге, оның орынбасарына және Кеңсе Басшысына арналған хат-хабарларды, оның ішінде әр түрлі байланыс және деректер беру арналары арқылы келіп түсетін хабарларды қабылдауды, өңдеу мен таратуды Кеңсе Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырады. 5. Соттарда Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Yкімет пен Премьер-Министрдің мүдделерін білдіруді және қорғауды, сондай-ақ Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша конституциялық іс жүргізуге қатысуды талқылау мәні болған мәселелер құзыретіне енетін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді. 6. Үкіметтің нормативтік құқықтық кесімдеріне ресми түсініктеме беруді Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі жүзеге асырады. 7. Үкіметтің құзыретіне енетін кадр мәселелерін шешу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 8. Премьер-Министр, оның орынбасары және Кеңсе Басшысы өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен ұйымдарының басшыларына олармен алдын ала келіспей-ақ орындалуға міндетті тапсырмалар бере алады.
2. Кіріс хат-хабарларын қарау
9. Премьер-Министрге және оның орынбасарына (бұдан әрі - Үкімет басшылығы) арналған хат-хабарды Кеңсе алдын ала қарайды. Орталық және жергілікті атқарушы немесе өзге де мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын және олар бойынша Үкімет немесе Премьер-Министр шешімдерінің қабылдануын талап етпейтін мәселелер бойынша Үкімет басшылығына арналған заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтініштерін Кеңсе кейіннен авторына хабарлай отырып, мәселенің мән-жайы бойынша қарау үшін тиісті органға жібереді. Сондай-ақ Кеңсе: мемлекеттік органдардың, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың Үкімет немесе Премьер-Министр шешімдерінің қабылдануын талап ететін, оның ішінде республикалық бюджеттен және Үкіметтің резервінен қаражат бөлу туралы, бірақ өтініштерде көтерілетін мәселелер құзыретіне енетін орталық атқарушы органдарда пысықталмаған өтініштерін авторларына қайтарады; аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің, Астана және Алматы қалаларының аудандары әкімдерінің, аудандық маңызы бар қалалар аудандары әкімдерінің, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің олармен және тиісті мемлекеттік органдармен келісілмеген өтініштерін тиісінше облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне жібереді. Кеңсе Үкімет басшылығына және Кеңсе Басшысына арналған, мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысы немесе бірінші басшының міндетін атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкімет басшылығына және Кеңсе Басшысына арналған құжаттарға қол қоюға бірінші басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға (бұдан әрі - басшы) қол қойған құжаттарды қабылдайды. Өзге арналған және басқа лауазымды тұлғалар қол қойған құжаттар қабылданбайды. Кеңсе берілуі белгіленген есептілікте көзделмеген ақпаратты; салықтарды төлеу мерзімін ұзарту туралы өтініштерді; әзірлеуші органдардың олар дайындаған нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын және өзге құжаттарды орталық атқарушы органдар жұмыс органдары болып табылатын мүдделі мемлекеттік органдардың немесе ведомствоаралық комиссиялардың қарауы туралы тапсырма беру өтініші бар арыздарын; жабық конверттердегі хат-хабарларды (құпия, кадр мәселелері бойынша және басқа қаладан келгендерді қоспағанда), осы Регламенттің және "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысыменбекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың (бұдан әрі - Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық) талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды қабылдамайды. 10. Орталық атқарушы органдар мен олардың ведомстволары өздеріне келіп түсетін хаттарды, өтініштерді және өзге де құжаттарды қарайды әрі өздерінің ережелеріне және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес олардың құзыретіне енетін барлық мәселелер бойынша өз бетінше шешімдер қабылдайды. Орталық атқарушы органдар олардың бірлескен құзыретіне енетін мәселелерді шешу үшін қажет болған кезде белгіленген тәртіппен олардың басшылары қол қойған бірлескен бұйрықтар түрінде шешімдер қабылдайды. Орталық атқарушы органдар өз бетінше шешуі тиіс мәселелер бойынша Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдері қабылданбайды. Орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары нормативтік құқықтық кесімдер шығаруға құқығы жоқ. 11. Ведомстволар тиісті мемлекеттік органның басшысының келісімі (ведомствоның хатында бұрыштамасы) болған кезде ғана, сондай-ақ Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының олардың атына берген тікелей тапсырмаларына жауап жіберген кезде өз бетінше Үкіметтің атына өтініш білдіре алады. Мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері Үкіметтің атына өз бетінше өтініш білдіруге құқығы жоқ. 12. Тиісті шешім қабылдау үшін Үкімет басшылығының атына бастамашылық тәртіппен жіберілетін қызметтік хат-хабарды мемлекеттік органдар мынадай жағдайларда енгізеді: 1) егер мәселені шешу Үкіметтің тікелей құзыретіне енсе, енгізіп отырған мемлекеттік орган оны өзінің өтінішінде көрсетеді; 2) орталық атқарушы органдардың арасында қағидатты сипаттағы және қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша еңсерілмес келіспеушіліктер болған кезде; 3) егер мәселені шешу ведомствоаралық үйлестіруді талап етсе. Мұндай жағдайларда хат-хабар шешім қабылдау үшін мәселенің мазмұнына қарай және Премьер-Министр, оның орынбасары және Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес Премьер-Министрге немесе оның орынбасарына жіберілуі тиіс.
3. Үкімет мәжілістерін жоспарлау
13. Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелер заңнамада белгіленген Үкімет өкілеттіктерін ескере отырып анықталады. 14. Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін кезекті тоқсан басталғанға дейін Үкімет мүшелерінің, агенттіктер төрағаларының ұсыныстары бойынша Кеңсе жасайды. Үкімет мәжілістерінде қарау жоспарланып отырған мәселелердің тізбесі Премьер-Министрдің өкімімен бекітіледі. Жоспарланған мәселелердің бекітілген тізбесі Үкімет мүшелеріне, агенттіктердің төрағаларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне және қажет болған кезде басқа да мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың басшыларына жөнелтіледі. Жоспарланған мәселені қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімді мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік органның немесе өзге де мүдделі органның (ұйымның) басшысы қол қойған, Премьер-Министрдің атына жазылған жазбаша өтініш негізінде Премьер-Министр не онымен келісім бойынша Кеңсе Басшысы қабылдайды. Көрсетілген шешім туралы өзінің құзыретіне орай мүдделі мемлекеттік органдар хабардар етіледі.
4. Yкімет мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібi
15. Үкімет мәжілістері Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесіне сәйкес немесе қажет болған кезде, бірақ кемінде айына бір рет өткізіледі және оны Премьер-Министр не Қазақстан Республикасының Президенті (бұдан әрі - Президент) шақырады. 16. Үкімет мәжілістеріне Премьер-Министр, ал ол болмаған кезде Премьер-Министр белгілеген міндеттерді бөлуге сәйкес Премьер-Министрді алмастыратын не Премьер-Министр белгілеген тәртіппен Премьер-Министрдің міндетін атқарушы Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық етеді. Мәжілістерге Президент қатысқан кезде Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр төрағалық етеді. Үкімет мәжілістері ашық болып табылады әрі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Президенттің не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша Yкіметтің жабық мәжілістері өткізілуі мүмкін. 17. Мәжіліс, егер оған Yкімет мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады. Yкімет мүшелері мәжілістерге алмастыру құқығынсыз қатысады. Мәселенің Үкімет мәжілісінде қаралу нәтижелері бойынша қатысушы Үкімет мүшелерінің көпшілік дауысымен хаттамалық шешім қабылданады, ал дауыстар тең болған кезде мәжіліске төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. 18. Үкімет мәжілістеріне, әдетте, Премьер-Министрмен келісілген тізбе бойынша агенттіктердің төрағалары, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысады. Үкімет мәжілістеріне Мемлекет басшысының кесімдерімен осындай құқық берілген лауазымды тұлғалар да қатыса алады. Үкімет мәжілістеріне Кеңсенің шақыруы бойынша Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, Кеңсе қызметкерлері мен өзге де адамдар қатыса алады. Үкімет мәжілістеріне шақырылғандардың тізімін анықтау немесе нақтылау жөніндегі ұсынысты мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік орган талқыланатын мәселелерге қарай мәжіліске дейін кемінде 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізеді. Yкімет мәжілісіне шақырылғандардың тізіміне Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы қол қояды. Шақырылғандардың Үкімет мәжілісіне қатысуын Кеңсе қамтамасыз етеді. 19. Мемлекеттік органдар Үкімет мәжілісінде қарауға арналған мәселені дайындау кезінде мынадай талаптарды сақтайды: 1) мәжіліске ұсынылатын құжаттар Үкімет мәжілістерінде қаралатын мәселелер бойынша хаттамалық шешімдердің жобаларына, анықтамаларға, салыстырма кестелерге, ақпараттық (талдамалық) және басқа да материалдарға мемлекеттік органның басшысы әр парағына қол қояды және ол қол қойған ілеспе хатпен енгізіледі; 2) әрбір мәселе бойынша хаттамалық шешім жобасының, анықтаманың, өзге де қажетті материалдардың тақырыбы бірдей болуы және мәселенің мәнін толық көрсетуі тиіс. Әдетте, олардың көлемі 5 бет мәтіннен аспауы тиіс (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндер үшін № 14 мөлшерлі "TimesNewRoman" қарпі қолданылады); 3) Үкімет мәжілісінде бейнелі ақпарат көрсету туралы мәселе мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік органның басшысымен, Кеңсе Басшысымен алдын ала келісілуі тиіс; 4) Үкімет мәжілісіне құпия материалдар Кеңсеге Үкімет қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес енгізіледі. Үкімет мәжілістеріне материалдар дайындаған кезде орталық атқарушы органдардың ведомстволары осы Регламенттің 11-тармағының талаптарын сақтауы тиіс. 20. Yкімет мәжілісінде қарауға дайындалған материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде мәжіліске дейінгі 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей Кеңсеге енгізіледі. Кеңсе Премьер-Министрмен не оны алмастыратын немесе Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғамен келісім бойынша Кеңсе Басшысы бекітетін мәжілістің күн тәртібінің жобасын жасайды, күн тәртібін тиісті материалдармен бірге Үкімет мүшелеріне және Кеңсе Басшысы қол қойған мәжіліске шақырылғандардың тізіміне сәйкес басқа да лауазымды тұлғаларға дереу жолдайды. Мемлекеттік органдар Үкімет мәжілісіне материалдарды уақтылы ұсынбаған жағдайда Кеңсе Басшысы бұл туралы Премьер-Министрге немесе оны алмастырушы не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаға баяндайды. Үкімет мәжілістеріне материалдардың уақтылы ұсынылмағандығы үшін жауапкершілік осы органдардың бірінші басшыларына жүктеледі. Премьер-Министрдің не оны алмастырушы немесе Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның тапсырмасы бойынша Үкімет мәжілісі шұғыл түрде өткізілетін айрықша жағдайларда материалдар Кеңсеге ол өткізілетін күні енгізілуі мүмкін және Үкімет мәжілісіне қатысушыларға мәжілісте тікелей жеткізіледі. 21. Мәжіліске қатысып отырғандар өздерінің атына немесе өздері білдіріп отырған органдардың (ұйымдардың) атына тапсырмалар мен олардың орындалу мерзімінің деректер жазбасын жүргізуі тиіс. Үкімет мәжілісінің хаттамасын дайындау мақсатында, әдетте, Кеңсенің тиісті бөлімшесінің мәжіліске қатысып отырған қызметкері хаттамалық жазбалар жүргізеді, оларда талқыланып отырған мәселелердің атауы мен мәні, баяндамашылар және талқылау кезінде сөз сөйлеушілер, олардың сөйлеген сөздерінің, ескертулердің негізгі мазмұны және Үкімет мүшелері қабылдаған шешімдер тіркеледі. Әдетте, кейіннен фонограммалары толығымен жазылатын және оларды басып шығарылатын, Үкімет мәжілістерінің дыбыстық жазбасы жүргізіледі. Қажет болған кезде Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша мәжілістің бейне жазбасы жүргізілуі мүмкін. Үкімет мәжілісінің хаттамасын мәжілісте қаралған мәселелер құзыретіне жататын Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері дайындаған хаттамалық тапсырмалардың тұжырымдамалары негізінде Кеңсенің құжаттамалық қамтамасыз етуге жауапты бөлімшесі мәжіліс аяқталған күнінен бастап үш күн мерзімде елтаңбалық бланкіге жасайды. Бұдан кейін хаттамаға Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша), мәжіліске қатысқан Премьер-Министрдің орынбасары, Кеңсе Басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға бұрыштама соғады және мәжіліске төрағалық етуші қол қояды. Президенттің төрағалық етуімен өткізілген Үкімет мәжілістері хаттамаларының жобаларын Кеңсе келісу және Мемлекет басшысына қол қоюға ұсыну үшін Президент Әкімшілігіне енгізеді. 22. Президент төрағалық еткен мәжілістерді қоспағанда, Үкімет мәжілістерінің әрбір хаттамасына күнтізбелік жылдың басынан бастап кезегімен реттік нөмір беріледі. Хаттамалар немесе олардың үзінді көшірмелері оларға қол қойылған күні Yкімет мүшелеріне, ал қажет болған кезде мәжілістерде тиісті тапсырмалар берілген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға жөнелтіледі. Жоғарыда көрсетілгендерден басқа, Үкімет мәжілістері хаттамаларының түпнұсқалары, оларға қоса берілетін құжаттар, фонограммалардың басып шығарылғандары, ауызекі ақпаратты магнитті жеткізгіштер және бейне материалдар тұрақты сақтаудағы құжаттар тізімдемесіне енгізіледі және Кеңсе мұрағатында сақталады.
5. Орталық атқарушы органдардың Yкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындау кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібi
23. Орталық атқарушы органдардың Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындау кезіндегі өзара іс-қимылы, әдетте, аппарат басшылары немесе аппараттың Мемлекет басшысының кесімдері мен тапсырмаларының, Үкімет кесімдерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылығы, Yкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысы, өзінің бірінші басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуы жөніндегі жұмысын ұйымдастыруға, іс қағаздарын жүргізуге және құжаттардың өтуіне, орындалуын бақылауға және атқарушылық тәртіпке жауап беретін олардың міндетін атқарушы тұлғалар арқылы жүзеге асырылады. 24. Орталық атқарушы органдар аппараттарының қызметін ведомствоаралық үйлестіруді Кеңсе Басшысы орталық атқарушы органдардың аппараттары басшыларымен (олардың міндетін атқарушы тұлғалармен) апта сайын кеңестер өткізу жолымен жүзеге асырады, оларда заң жобаларын, Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындаудың проблемалық мәселелері қаралады. Кеңеске шақырылғандардың тізімдерін жасауды және оларды шақыруды Кеңсе Басшысының нұсқауына сәйкес оның қабылдау бөлмесі қамтамасыз етеді. Кеңес, әдетте, алдын ала күн тәртібі жасалмай және материалдар енгізілмей өткізіледі. Кеңестің хаттамасы жасалады, оларды фонограммасының жазбасы жүргізіледі. Кеңестің нәтижелері хаттамалар түрінде ресімделеді. Кеңес хаттамаларын дайындауды, Кеңсенің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен келісуді, ресімдеуді және қол қоюға ұсынуды Кеңсенің тиісті бөлімшесі кеңес өткізілген күнінен бастап екі күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік органдардың Yкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындау және ресімдеу тәртібi
25. Мемлекеттік органдар Үкімет қаулыларының жобаларын (бұдан әрі - қаулылардың жобалары) дайындауды Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңнамалық кесімдердің, Президент кесімдерінің және өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің негізінде және оларды орындау үшін жүзеге асырады. Қаулылардың жобаларын уәкілетті органдар өз бастамалары бойынша немесе егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша әзірлейді. Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі - өкімдердің жобалары) дайындау әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу үшін жүзеге асырылады. Орталық атқарушы органдар арасында қағидатты сипаттағы және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі еңсерілмес келіспеушіліктер болған кезде келісілген шешімдер қабылдауды, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіруді талап ететін мәселелер бойынша қаулылардың жобалары Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Үкімет мәжілістерінде не Премьер-Министрде, оның орынбасарында немесе Кеңсе Басшысында өтетін кеңестерде қаралуы мүмкін. Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысында өтетін кеңестерді дайындау және өткізу тәртібі Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта белгіленген. 26. Қаулылар мен өкімдердің жобаларын дайындауды мемлекеттік органдар "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Конституциялық заңның, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарының, Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 шілдедегі № 678 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын ресімдеу жөніндегі нұсқаулықтың (заңдық техникасы) және осы Регламенттің талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырады. Қаулының (өкімнің) жобасын әзірлеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірінші басшысы оның Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясына және Үкімет Бағдарламасына сәйкес келуі, жобаның уақтылы, сапалы әзірленуі және белгіленген мерзімде Үкіметке ұсынылуы, жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі (оның ішінде магнитті жеткізгіштерге енгізілетін) мәтіндерінің дәлме-дәл болуы, осы Регламент талаптарының сақталуы үшін дербес жауап береді. 27. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты, импорты және транзиті мәселелері бойынша қаулылардың жобаларын дайындауды экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. Көрсетілген қаулылардың жобаларын келісу мен енгізу Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының оң қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру мен зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары жөніндегі қаулылардың жобаларын келісу мен енгізу мәселелері Yкімет бекіткен тиісті нұсқаулықпен айқындалады. Кадр мәселелері бойынша қаулылардың жобаларын дайындауды Кеңсе жүзеге асырады. 28. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулылар мен өкімдердің жобаларын әзірлеу және қабылдау Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" және "Жеке кәсіпкерлік туралы" заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 29. Қаулының (өкімнің) жобасын әзірлеуші, егер оны қабылдағаннан кейін мұндай қажеттілік туындаса, жобада бір мезгілде Үкіметтің және/немесе Премьер-Министрдің бұрын қабылданған шешімдерін қаулының (өкімнің) жобасына сәйкес келтіру жөніндегі нормаларды көздейді. 30. Әзірлеуші қаулының (өкімнің) жобасына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса береді, онда мынадай негізгі мәліметтер қамтылуға тиіс: 1) тиісті нормативтік құқықтық кесімдерге жасалған сілтеме бар жобаны қабылдауға негіз және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері; 2) жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі және Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (егер ол қажет болса); 3) жоба қабылданған жағдайдағы болжалды салдарлар; 4) нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімі; 5) жобада қаралатын мәселелер және оларды іске асыру нәтижелері бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері туралы мәліметтер; 6) енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық кесімдер қабылдау немесе қолданыстағы кесімдерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етіледі ме екендігін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулының (өкімнің) жобасына түсіндірме жазба міндетті түрде Үкіметтің кесімін қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) артуын растайтын есептемелердің нәтижелерін қамтуға тиіс. Қаулылар (өкімдер) жобаларының және оларға қосымшалардың әр парағына әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы алдын ала қол қояды, ілеспе хаттарға басшы қол қояды. Қаулы жобасында халықаралық шарттарға немесе өзге де құжаттарға (заңнамалық кесімдерден, Президент, Үкімет және Премьер-Министр кесімдерінен басқа) сілтемелер болған кезде әзірлеуші осы құжаттардың тиісінше Сыртқы істер министрлігі немесе жобаны әзірлеуші куәландырған мемлекеттік, орыс және қол қойылған өзге тілдердегі (әр түрлі оқылған кезде басымдығы бар) көшірмелерін міндетті түрде жобаға қоса береді. 31. Қаулылар мен өкімдердің жобалары олардың заңнамада белгіленген құзыретіне орай мүдделі мемлекеттік органдармен міндетті түрде келісіледі, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік жобада қаралатын мәселелердің мәні негізге алына отырып, сондай-ақ жобада мемлекеттік органдардың немесе олардың басшыларының атына тапсырмалар болған кезде белгіленеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |