|
|
|
«Тұтыну нарығындағы бағаларды тұрақтандыру жөніндегі қосымша шаралар туралы»
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
Ішкі нарықты жеміс-көкөніс өнімімен толтыру үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар, Көлік және коммуникация министрліктері, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері мұнай өнімдері, газ, электр энергиясы, темір жол көлігінің қызметтері, табиғи монополиялардың қызметтері бағаларының (тарифтерінің) негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдасын. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) халыққа арналған тауарлар мен қызметтердің негізгі тобы, бірінші кезекте ет пен жеміс-көкөніс өнімі мен өзге азық-түлік бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмысты күшейтсін; 2) штабтардың азық-түлік тауарларын халыққа жылжыту мәселелері жөніндегі тиімді жұмысын, көрсетілген штабтардың жанынан сенім телефондарын, сондай-ақ халық арасында тиісті өңірде жергілікті базарларға жеміс-көкөністің және басқа да ауыл шаруашылығы өнімінің жеткізілуін кеңейту жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндіру жұмысын қамтамасыз етсін; 3) көлік құралдарынан сатуды және «жол маңында сатуды» ұйымдастыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімінің саудасы үшін қосымша мамандандырылған алаңқайларды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастырсын; 4) санитарлық-эпидемиологиялық, фитосанитарлық және өртке қарсы қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ете отырып, тез бұзылатын жас жеміс-көкөніс, жеміс-жидек, бақша өнімдерін сату орындарына оларды жеткізудің оңайлатылған тәртібі жөнінде шаралар қабылдасын; 5) тұрақты негізде оңтүстік өңірлерден, сондай-ақ шектес мемлекеттерден жеткізушілерді тарта отырып, республика өңірлерінде тез бұзылатын жеміс-көкөніс, бақша және ет өнімінің жәрмеңкелерін өткізсін. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер, Көлік және коммуникация министрліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тез бұзылатын жас жеміс-көкөніс, жеміс-жидек, бақша өнімін Өзбекстан мен Қырғызстаннан Қазақстан өңірлеріне тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарын заңсыз тоқтату, тексеру және кідірту жағдайын болдырмау жөнінде тиісті шаралар қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 15 сәуірден бастап 1 қазан аралығында тез бұзылатын жеміс-көкөніс, жеміс-жидек, бақша өнімін тасымалдау кезінде темір жол тарифтерін 50%-ға маусымдық төмендетуді қамтамасыз етсін. 5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Қаржы, Көлік және коммуникация, Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау министрліктері тез бұзылатын жас жеміс-көкөніс, жеміс-жидек, бақша өнімін мемлекеттік шекара арқылы «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өткізудің оңайлатылған тәртібін ұйымдастырсын. 6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, тұрақты негізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен баратын пунктке дейінгі тез бұзылатын жас жеміс-көкөніс, жеміс-жидек, бақша өнімінің бағаларына, көлеміне мониторинг жүргізсін және ай сайын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне ақпарат берсін. 7. Қазақстан Республикасы Қаржы, Көлік және коммуникация, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау, Индустрия және сауда министрліктері тез бұзылатын жас жеміс-көкөніс, жеміс-жидек, бақша өнімін жылдам өткізу мақсатында өзбек және қырғыз тараптарымен өткізу пункттерінде көрсетілген өнімі бар көлік құралдарын «бір аялдама» қағидаты бойынша өткізу тәртібін келісу жөнінде жұмыс жүргізсін. 8. Қазақстан Республикасы Қаржы, Көлік және коммуникация, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау министрліктері Қазақстан өңірлеріне тез бұзылатын жас жеміс-көкөніс, жеміс-жидек, бақша өнімін тасымалдауды қамтамасыз ететін, автокөлік құралдары белгіленген талаптарға сәйкес келетін тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері арқылы және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау және ішкі істер органдарының бекеттері арқылы жүріп өтуінің оңайлатылған тәртібін қамтамасыз етсін. 9. «Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 217 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 12, 121-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оларға қатысты жеңілдетілген тәртіп көзделмеген тауарларды оңайлатылған тәртіппен өткізуінің салмақтық және құндық нормаларында: 2) тармақшадағы «ЕурАзЭҚ» деген сөздің алдынан «қосымшаға сәйкес тез бұзылатын жас жеміс-көкөніс, жеміс-жидек, бақша өнімін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақшадағы «болса» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) автокөлік құралдарының заңнамада белгіленген жол берілетін салмақтық параметрлері сақталған кезде осы қаулыға қосымшаға сәйкес тез бұзылатын жас жеміс-көкөніс, жеміс-жидек, бақша өнімі бойынша жалпы салмағы қоса есептегенде 10000 (он мың) килограмға дейін болса»; осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын. 10. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен шектес мемлекеттердің құзыретті органдарына осы қаулыға сәйкес қабылданатын шаралар туралы хабардар етсін. 11. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 285 қаулысына Қосымша
Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оларға қатысты жеңілдетілген тәртіп көзделмеген тауарларды оңайлатылған тәртіппен өткізуінің салмақтық және құндық нормаларына қосымша
Тез бұзылатын жас жеміс-көкөніс, жеміс-жидек, бақша өнімінің тізбесі
1. Картоп. 2. Томат. 3. Түйнекті пияз, сарымсақ. 4. Қауданды қырыққабат. 5. Сәбіз, шалқан, асханалық қызылша, тамырлы балдыркөк, шалғам. 6. Қияр. 7. Жүзім. 8. Алма, алмұрт және алқоры. 9. Өрік, шие, қызыл шие, шабдалы, қараөрік. 10. Қарбыз, қауын. 11. Тәтті бұрыш. 12. Баклажан.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |