Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын коммуналдық меншікке беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 378 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсіпорындар) заңнамада белгіленген тәртіппен мүліктік кешен ретінде коммуналдық меншікке берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және тиісті облыстардың әкімдерімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпорындарды қабылдау-беру бойынша қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде:
реттік нөмірлері 15, 18, 21, 22, 24, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 34, 37, 38, 40, 41, 43 және 45-жолдар алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 10 мамырдағы
№ 378 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті облыстардың коммуналдық меншігіне берілетін
кәсіпорындарының тізбесі
Р/с № | Коммуналдық меншікке берілетін кәсіпорындардың атауы | Коммуналдық меншігіне кәсіпорындар берілетін облыстардың атауы |
1 | 2 | 3 |
1 | «Жамбыл ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Жамбыл |
2 | «Львов» ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Қостанай |
3 | «Степноишим» ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Солтүстік Қазақстан |
4 | «Торғай ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Ақмола |
5 | «Дәнді дақылдар тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Ақмола |
6 | «Каменский» мемлекеттік мал тұқымын асылдандыру зауыты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны | Алматы |
7 | «Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Алматы |
8 | «Жеміс-жидек дақылдары тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Алматы |
9 | «Бірінші мамыр тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Алматы |
10 | «Шығыс Қазақстан тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Шығыс Қазақстан |
11 | «Зырян тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны | Шығыс Қазақстан |
12 | «Майлы дақылдар тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны | Шығыс Қазақстан |
13 | «Қарауылтөбе тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны | Қызылорда |
14 | »Тұқым шаруашылығы жөніндегі тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Оңтүстік Қазақстан |
15 | «Келес» тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Оңтүстік Қазақстан |
16 | «К. Қонысбаев атындағы тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Оңтүстік Қазақстан |
17 | «Алтын төбе» тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Оңтүстік Қазақстан |
18 | «Сарыағаш» тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Оңтүстік Қазақстан |
19 | «Ертіс» тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны | Павлодар |