|
|
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Солтүстіксуқұрылыс» Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында су шаруашылығы объектілерінің құрылысы жөніндегі өңірлік дирекция» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Солтүстіксуқұрылыс» Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында су шаруашылығы объектілерінің құрылысы жөніндегі өңірлік дирекция» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Павлодарсушар» су шаруашылығы жөніндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы Павлодар республикалық мемлекеттік кәсіпорнын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде: реттік нөмірі 22-жол алынып тасталсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |