Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының
Осы редакция 2006 ж. 27 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса берiлiп отырған: Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы туралы Ереже; Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссия туралы Ереже бекітілсiн; 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссия 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес (2-қосымша) кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Үкіметінiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi № 949 қаулысымен бекітілген Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы туралы ЕРЕЖЕ 1. Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрi - Мемлекеттік сыйлық) әдебиет, өнер және сәулет саласындағы отандық мәдениеттi дамытудағы құнды үлес деп танылған шығармалар үшiн мемлекеттік көтермелеу нысаны болып табылады. 2. Мемлекеттік сыйлық беру дегенiмiз оған тағайындалған адамдарға ғұмыр бойына "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты" атағын берудi, диплом, құрмет белгiсiн, белгiленген нысандағы куәлiктi тапсыруды және бiр жолғы атауды ақшалай сыйақы төлеудi бiлдiредi. 3. Мемлекеттік сыйлықты тапсыру салтанатты жағдайда өтедi. Мемлекеттік сыйлықты тапсыру салтанаты Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк Күнiне орайластырылады. 4. Мемлекеттік сыйлықтың ақшалай сыйақысының мөлшерiн Мемлекеттік сыйлық берiлетiн жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. ҚР Үкіметінiң 24.12.96 ж. № 1599 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда 5. Мемлекеттік сыйлық екi жылда бiр рет 10 атауда берiледi. 6. Мемлекеттік сыйлық алуға жұмыстарды қабылдау аяқталғанға дейiн бес жылдан аспайтын уақыт бұрын және кемiнде бiр жыл бұрын ашық жарияланымға арналып орындалған жеке және ұжымдық авторлардың дайын интеллектуалдық өнiм бiрлiгi түріндегі шығармалары ұсыныла алады. ҚР Үкіметінiң 08.11.02 ж. № 1180 қаулысымен 7-тармақ толықтырылды 7. Мемлекеттік сыйлық алуға бiр жұмыс қайтадан ұсынылмайды. Бiр кандидатура Мемлекеттік сыйлыққа бiр саладан артық, сондай-ақ жұмыстар жиынтығы бойынша ұсынылмайды. Авторлар ұжымы құрамына кiретiндердi қоспағанда, авторлар қайтыс болғаннан кейiн Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылмайды. 8. Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстардың авторлары ұжым болса, ұсынылатын адамдардың құрамына тек негiзгi және шын мәніндегі авторлар енгiзiледi және олардың саны 5-тен аспауға тиiс. 9. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары шығармашылық одақтар, ұйымдар Мемлекеттік сыйлықты алуға ұсыну құқығына ие. 10. Шығармалар мен жұмыстарды ұсыну тәртібі, оларды қабылдау, сараптамадан өткізу мен iрiктеу, талқылау мен Мемлекеттік сыйлыққа ұсыну туралы шешiм қабылдауы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Қазақстан Республикасының Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комиссия жүзеге асырады. 11. Мемлекеттік сыйлық алу конкурсына қатысатын жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетiлуге және талқылануға жатады. Талқылау материалдары Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комиссиясына жiберiледi және конкурстық iрiктеу кезiнде ескерiледi. Үкіметінiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi № 949 қаулысымен бекітілген Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) сарапшы-кеңесшi орган болып табылады және әдебиеттiң, өнер мен сәулеттiң беделдi қайраткерлерiнiң арасынан құрылып, өз қызметiн қоғамдық бастамашылық негiзiнде жүзеге асырады. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі Мемлекеттік сыйлық берiлетiн жылы бекiтедi. Комиссияның құрамы 60 адамнан аспауға тиiс. 2. Комиссияның жұмысын оның төрағасы басқарады. 3. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес: Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстардың алдын ала қаралуын, оларды ұсыну тәртібінiң сақталуын қамтамасыз етедi; жұмыстарды iрiктейдi және оларды конкурсқа қатысуға жiберу туралы ұсыныстар енгiзедi, баспасөзде авторлары мен ұсынған ұйымдарын көрсете отырып, конкурсқа жiберiлген еңбектердiң тiзiмiн жариялайды, жұмыстардың кең және ашық талқылануын ұйымдастырады; конкурсқа жiберiлген жұмыстарды қарайды, Комиссияға түскен материалдар мен құжаттарды зерделейдi, сыйлықтарды тағайындау туралы шешiм қабылдайды; Мемлекеттік сыйлық лауреаттарының дипломдарын, куәлiктерi мен құрмет белгiлерiн ресiмдейдi. Мемлекеттік сыйлық беруге ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау, олар бойынша қорытындылар мен ұсынымдар әзiрлеу үшiн әдебиет, өнердiң, көркем шығармашылықтың тарихы мен теориясының жекелеген салалары бойынша секциялар мен сараптау комиссияларын құруға; жұмыстарды рецензиялауға әдебиет пен өнер, көркем шығармашылықтың тарихы мен теориясы саласынан мамандар тарту; Комиссия мүшелерiн, сарапшылар мен сараптау комиссияларын сахна қойылымдарымен, монументальдық өнер, сәулет туындыларымен және басқа да жұмыстармен орналасқан жерiнде танысу үшiн жiберу құқықтары берiледi. ҚР Үкіметінiң 24.12.96 ж. № 1599 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды Комиссия екi кезеңде қарайды. Бiрiншi кезеңде сыйлықтар алу конкурсына қатысатын жұмыстар iрiктеледi, екiншi кезеңде - Төралқа үш секцияның бiрлескен мәжілісiнде әрқайсысымен сыйлық беру туралы шешiм қабылдайды. Жұмыстарды алдын ала iрiктеу туралы шешiмдi Комиссия жай көпшiлiк ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Мемлекеттік сыйлық беру туралы шешiм жасырын дауыс беру арқылы қабылданады. Мемлекеттік сыйлық беру үшiн мәжіліске қатысушылардың кемiнде 3/4-i жұмысты жақтап дауыс беруге тиiс. Комиссия мен оның секцияларының мәжілістерi олардың құрамының кемiнде 2/3-i оған қатысқанда заңды болып табылады. 6. Комиссия мүшесiнiң жұмысы Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жағдайда, оның авторы секциялар мен Комиссияның мәжілістерiнiң жұмысына қатыспайды. 7. Комиссия бұқаралық ақпарат құралдарында Мемлекеттік сыйлық алуға жұмыстарды ұсыну тәртібі мен мерзiмдерi туралы хабарландыруларды, авторлары мен ұсынған ұйымдарды көрсете отырып, конкурсқа қабылданған жұмыстардың тiзiмiн жүйелi түрде жариялайды, сондай-ақ өзiнiң ағымдағы жұмысы туралы хабарлап отырады. 8. Мемлекеттік сыйлық беру туралы шешiмдi Комиссия жасырын дауыс беру нәтижелерi бойынша қабылдайды және ол Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен соң күшiне енедi. Мемлекеттік сыйлық беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы баспасөзде Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Күнiне қарай жарияланады. Үкіметінiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi № 949 қаулысына 1-қосымша ҚР Үкіметінің 27.10.98 ж. № 1085 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 16.10.00 ж. № 1529 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 09.10.02 ж. № 1099 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 28.10.02 ж. № 1110 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінiң 08.12.04 ж. № 1283 қаулысымен құрам өзгерді Қазақстан Республикасы ?кіметінiң жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегi комиссияның құрамы Төралқа: Әйтiмова - Қазақстан Республикасы Бiрғаным Сарықызы Премьер-Министрiнің орынбасары, төрайым Қосыбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет, Есетжан Мұратұлы ақпарат және спорт министрi, төрайым орынбасары Аманшаев - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат Ермек Әмiрханұлы және спорт вице-министрінің міндетiн атқарушы, жазушы-драматург, жауапты хатшы Қирабаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Серiк Смайылұлы академиясының академигi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) Молдағалиев - Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Тұманбай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) Мұсаходжаева - Қазақстан Республикасының халық әpтici, Айман Қожабекқызы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) Оңғарсынова - Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Фариза Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) Оразбаев - Қазақстан Республикасының халық әртiсi, Сәбит Қоңырбайұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) Оразалин - Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Нұрлан Мырқасымұлы төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) Щеголихин - Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Иван Павлович Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) Әдебиет секциясы Қасқабасов - әдебиеттанушы, Қазақстан Республикасы Сейiт Асқарұлы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты секция төрағасы (келісім бойынша) Абдрахманов - жазушы-публицист, филология ғылымдарының Сауытбек Абдрахманұлы кандидаты (келісім бойынша) Асқаров - жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әлібек Асылбайұлы сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) Есдаулетов - ақын, "Қазақ әдебиетi" газетiнiң бас Ұлықбек Оразбайұлы редакторы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) Кәкiшев - профессор, филология ғылымдарының Тұрсынбек докторы (келісiм бойынша) Күлкенов - жазушы, "Ана тілі" газетiнiң бас редакторы Мереке (келісiм бойынша) Мағауин - Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Мұхтар "Жұлдыз" журналының бас редакторы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) Мамраев - әдебиеттанушы, филология ғылымдарының Бейбiт Баймағамбетұлы докторы (келісім бойынша) Медетбеков - жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Темiрхан сыйлығының лауреаты (келісiм бойынша) Михайлов - ақын, "Простор" журналының бас редакторы Валерий Федорович (келісім бойынша) Мұқай - жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы Баққожа Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) Мұртаза - Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Шерхан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) Мырза-Әли - Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Қадыр Ғинаятұлы ақын (келісім бойынша) Нұрғалиев - әдебиет сыншысы, Қазақстан Республикасы Рымғали Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша) Нұрпейiсов - Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Әбдіжәмiл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) Раушанов - ақын (келісім бойынша) Есенғали Сарай - жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнеc сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) Шапай - әдебиет сыншысы (келісім бойынша) Тұрсынжан Червинский - "Казахстанская правда" ашық акционерлік Олег Чеславович қоғамының президентi (келісім бойынша) Музыка, театр және кино секциясы Әубәкiрова - Қазақстан Республикасының халық әртiсi, Жәния Яхияқызы профессор, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, секция төрағасы Тiлеухан - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген Бекболат Қанайұлы әртiсi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) Әбдiрашев - Қазақстан Республикасының халық әртісi, Төлепберген Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрiнiң көркемдiк жетекшісi және бас дирижерi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ахмедияров - Қазақстан Республикасының халық әртiсi, Қаршыға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дүйсекеев - Қазақстан Республикасының еңбек Кеңес сiңiрген қайраткерi, композитор, "Қазақконцерт" мемлекеттік гастрольдiк- концерттік бiрлестігінің көркемдiк жетекшiсi Yсенбаева - Қазақстан Республикасының халық әртiсi, Нұржамал Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) Клушкин - Қазақстан Республикасының халық әртісi Юрий Степанович (келісiм бойынша) Рахмадиев - композитор, КСРО халық әртiсi, Қазақстан Еркеғали Рахмадиұлы Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) Андриасян - Қазақстан Республикасының халық әртiсi, Рубен Суренович М.Ю.Лермонтов атындағы Мемлекеттік орыс академиялық драма театрының көркемдiк жетекшісi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әшімов - Қазақстан Республикасының халық әртiсi, Асанәлі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) Капустин - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген Юрий Николаевич әртiсi (келісім бойынша) Обаев - Қазақстан Республикасының халық әртiсi, |