|
|
|
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 368-1-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 368-1-қосымша
600 - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
1. Құны: 1437202 мың теңге (бір миллиард төрт жүз отыз жеті миллион екі жүз екі мың теңге) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 55 Жарлығы; «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы Заңы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бағалы қағаздар рыногын дамыту, оның халықаралық рынок капиталдарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту, қазақстандық капиталдың шетелдік бағалы қағаздар рыногына шығуы. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2006.05.09. № 843 (бұр.ред.қара); 2006.24.11. № 470л (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2006.05.09. № 843 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін нормативтік құқықтық негізбен 100 % қамтамасыз ету; 100 біліктілігі жоғары мамандарды жұмысқа тарту мемлекеттік қызметшілердің компьютермен және ұйымдастыру техникасымен жалпы қажеттіліктің 100 %-мен жарақтандырылуын қамтамасыз ету. Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту, халықаралық капитал рыноктарына ықпалдасу; Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды барынша тарту; қазақстандық капиталдың шетелдік бағалы қағаздар рыногына шығуын қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасы Алматы қаласының қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі орталық аппаратының бір мемлекеттік қызметшісін ұстауға арналған орташа шығын 13522,6 мың теңгені құрайды; бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға арналған орташа шығын - 25,75 мың теңге; Агенттіктің ақпараттың жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шығындардың орташа көлемі және ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету - 285,87; Уақтылығы: белгіленген кестеге сәйкес іс-шараларды уақтылы орындау. Сапасы: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының барынша көп санын тарту және қазақстандық және халықаралық бағалы қағаздар рыногының ықпалдасуын қамтамасыз ету.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |