|
|
|
«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі (2007.29.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008 ж.12 қарашадағы № 1048 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстанның Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: ҚР Үкіметінің 2007 ж. 26 наурыздағы № 229 (бұр. ред. қара); 2007.29.05. № 432 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамына «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына: Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі - Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаевты; Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі - Виктор Васильевич Супрунды сайлау ұсынылсын. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі № 885 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесi
1. «Қазақстанның Даму банкі» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 659 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 18, 232-құжат). 2. «Қазақстанның Даму банкі» жабық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы № 1662 қаулысы. 3. «Қазақстанның Даму банкі» жабық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 582 қаулысы. 4. «Қазақстанның Даму банкі» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 1343 қаулысының 1-тармағы, 2-тармағының 2) тармақшасы мен 3) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші абзацтары. 5. «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы № 787 қаулысы. 6. «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1143 қаулысы. 7. «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 933 қаулысы. 8. «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № 1149 қаулысы. 9. «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 3 сәуірдегі № 229 қаулысы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |