Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттік басқару үлгі (2005.27.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiнiң 58-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттік басқару үлгi құрылымы бекітілсiн. 2. Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының әкiмдерi: 1) жергілiктi мемлекеттік басқару құрылымын осы қаулыға сәйкес келтiрсiн; 2) әкiмдер аппараттарындағы салалық бөлiмшелердiң функцияларын жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарға бере отырып, оларды таратсын. 3. Орталық мемлекеттік органдар екi апта мерзiмде облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерiне Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келiсілген департаменттердiң (басқармалардың, бөлiмдердiң) ұсынылып отырған құрылымын жiберсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енетiн 3-тармақты қоспағанда 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттік басқару үлгi құрылымы
ҚР Үкіметінің 2005.16.02. № 141-1 (бұр. ред. қара); 2005.27.12. № 1294 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрылым өзгерді
1. Облыстық әкімдік
1. Облыс әкімінiң аппараты 2. Сәулет және қала құрылысы департаменті (басқармасы) 3. Iшкi саясат департаменті (басқармасы) 4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы департаменті (басқармасы) 5. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (басқармасы) 6. Денсаулық сақтау департаменті (басқармасы) 7. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (басқармасы) 8. Мәдениет департаменті (басқармасы) 9. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру департаменті (басқармасы) 10. Білiм беру департаменті (басқармасы) 11. Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары департаменті (басқармасы) 12. Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаменті (басқармасы) 13. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті (басқармасы) 14. ҚР Үкіметінің 2005.27.12. № 1294 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 15. Ауыл шаруашылығы департаменті (басқармасы) 15-1. Құрылыс департаменті (басқармасы) 16. Қаржы департаменті (басқармасы) 17. Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті (басқармасы) 18. Мұрағаттар және құжаттама басқармасы (бөлімi) 19. Жер қатынастары басқармасы 20. Тiлдерді дамыту жөніндегі басқарма 20-1. Тарифтер басқармасы (бөлімі) 21. Дене тәрбиесi және спорт басқармасы (бөлімі) 2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі 1. Республикалық маңызы бар қала, астана әкiмінiң аппараты 1-1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын әкiмшiлендiру департаментi (басқармасы); 2. Сәулет және қала құрылысы департаментi (басқармасы) 3. Iшкi саясат департаменті (басқармасы) 4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы департаменті (басқармасы) 5. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментi (басқармасы) 6. Тұрғын үй департаментi (басқармасы) 7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментi (басқармасы) 8. Денсаулық сақтау департаменті (басқармасы) 9. Мәдениет департаментi (басқармасы) 10. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру департаменті (басқармасы) 11. Білім беру департаменті (басқармасы) 12. Жолаушылар көлiгі және автомобиль жолдары департаментi (басқармасы) 13. Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi (басқармасы) 14. Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау департаменті (басқармасы) 15. ҚР Үкіметінің 2005.27.12. № 1294 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 15-1. Құрылыс департаментi (басқармасы) 16. Қаржы департаменті (басқармасы) 17. Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті (басқармасы) 17-1. Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментi (басқармасы) 18. Мұрағаттар және құжаттама басқармасы (бөлiмі) 19. Жер қатынастары басқармасы 20. Тiлдердi дамыту жөніндегi басқарма 20-1. Тарифтер басқармасы (бөлімі); 20-2. Ауыл шаруашылығы басқармасы (бөлімі) 21. Дене тәрбиесi және спорт басқармасы (бөлімі) 3. Ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі 1. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімiнiң аппараты 2. Iшкi саясат бөлiмi 3. Сәулет және қала құрылысы бөлімі 4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi 5. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi 5-1. Жер қатынастары бөлімі 6. Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi 7. Білім бөлімі 7-1. Кәсіпкерлік бөлімі 8. Ауыл шаруашылығы бөлімі 8-1. Құрылыс бөлімі; 8-2. Дене шынықтыру және спорт бөлімі 9. Қаржы бөлiмi 10. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімi
4. ҚР Үкіметінің 2005.27.12. № 1294 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) |