|
|
|
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргізу
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 9 ақпандағы № 123 Қаулысымен күші жойылды
«Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы 27-бабының 16-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2006 жылғы 17 қазандағы № 999 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргізу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Заңның 7, 10 және 11-баптарында көзделген бұзушылықтарға тергеу жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Ереже Қазақстан Республикасының нарық субъектілері - жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларға (олардың филиалдары мен өкілдіктеріне), сондай-ақ мемлекеттік органдарға (бұдан әрі - тергеу субъектілері) қолданылады. 3. Ереже Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша тексерулер жүргізуге, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізуге байланысты қатынастарға қолданылмайды.
2. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына тергеу жүргізу тәртібi
4. Монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтардың бар екендігі туралы ақпараттан тұратын тексеру нәтижелері туралы анықтамаға қол қойылған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей тергеу туралы шешім қабылдайды. 5. Тергеу жүргізу кезінде, оны жүргізуге уәкілетті адамдар: 1) тергеу жүргізу туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылған мәселелер бойынша тиісті нормативтік құқықтық кесімдерді; 2) тергеу субъектілері бойынша статистикалық және талдау деректерін; 3) тергеу субъектілері ұсынатын құжаттар мен материалдарды; 4) тексеру, оның ішінде тергеу мәніне жататын басқа субъектілерге қатысты жүргізілетін нәтижелерді басшылыққа алады. 6. Монополияға қарсы органның тергеу туралы шешім қабылдаған күні тергеудің басталуы болып саналады. 7. Монополияға қарсы органның тергеу туралы шешімі: 1) тергеуді жүзеге асыратын тұлғаның (тұлғалардың) лауазымын, тегін, атын және әкесінің атын; 2) тергеу жүргізу негіздерінің көрсетілуін; 3) заңды бұзуға тартылған нарық субъектілерінің, мемлекеттік органдардың тізбесін; 4) тергеу жүргізу мерзімін қамтиды. 8. Тергеу туралы шешімге монополияға қарсы органның басшысы не ол уәкілеттік берген өзге тұлға қол қояды, монополияға қарсы органның мөрімен куәландырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар ескеріле отырып, арнайы журналда тіркеледі. 9. Монополияға қарсы органның лауазымды адамы үш жұмыс күні ішінде тергеу жүргізілетін нарық субъектісіне, мемлекеттік органға тергеу туралы шешімді және қызметтік куәлікті көрсетеді, не осы шешімді нарық субъектісі басшысының, мемлекеттік органның лауазымды адамының атына хабарлама берілетін тапсырыс хатпен почта байланысы арқылы жібереді. 10. Тергеу жүргізуге уәкілетті адамдардың талабы бойынша тергеу субъектісі жұмыс істеу үшін қажетті үй-жайды ұсынуы, тергеу жүргізуге өзге де жәрдем көрсетуі мүмкін. 11. Тергеу жүргізуге уәкілетті адамдар зерделейтін материалдар тергеу субъектісінің аумағында болған жағдайда соңғысы зерттелетін материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді. 12. Тергеу субъектісі тергеу жүргізуге уәкілетті адамдардың аумаққа немесе үй-жайға кіруіне кедергі келтірген кезде тергеу жүргізетін монополияға қарсы органның лауазымды адамы және нарық субъектісінің басшысы, мемлекеттік органның лауазымды адамы қол қоятын хаттама жасалады. Көрсетілген хаттамаға қол қоюдан бас тартқан кезде нарық субъектісінің басшысы, мемлекеттік органның лауазымды адамы бас тарту себептерінің жазбаша түсініктемесін беруге міндетті. 13. Тергеуді жүргізуге уәкілетті адамдардың көрсетілген аумаққа немесе үй-жайға кіруіне кедергі келтіруі, сондай-ақ хаттамаға қол қоюдан бас тартуы тергеуді жүргізбеуге негіз болып табылмайды. 14. Тергеуді монополияға қарсы органның тергеу жүргізу туралы шешімінде көрсетілген адамдар ғана жүргізуі мүмкін. 15. Тергеу барысында оны жүргізуге уәкілетті адамдар тергеу мәніне қатысы бар құжаттарды, сондай-ақ хат алысуды, белгілерді, безендірулерді (карталарды, диаграммаларды, суреттерді, схемаларды), фотографияларды, голограммаларды, кино-, бейнефильмдерді, дыбыстық жазбаларды, адамдардың түсініктемелерін зерделейді. тергеу субъектісінің атауынан; тергеу туралы шешімнің нөмірі мен күнінен; тергеудің басталған және аяқталған күнінен; тергеуді жүзеге асыратын адамның (адамдардың) лауазымынан, тегінен, атынан және әкесінің атынан; тергеу жүргізудің негіздемесінен; Заңның тиісті нормаларына сілтеме жасала отырып, анықталған Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтың сипаттамасынан, не олардың жоқтығы туралы көрсетуден; заң бұзушылық не бұзушылықтың жоқтығы фактісінің дәлелі болып табылатын қорытындыға қоса берілетін құжаттардың тізбесінен; тергеу жүргізген адамдардың, сондай-ақ тергеу субъектілерінің қолтаңбаларынан тұратын тергеу нәтижелері туралы қорытынды жасаумен аяқталады. 17. Қорытынды екі данада жасалады, оның біреуі тергеу субъектісіне тапсырылады. 18. Тергеу нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тергеу субъектісі оларды жазбаша түрде көрсетеді. 19. Тергеу тергеу туралы шешім қабылданған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей аяқталады. Қосымша тергеу қажет болған жағдайда, монополияға қарсы органның тергеу жүргізуге жауапты лауазымды адамы монополияға қарсы органның басшысына істелген жұмыс нәтижелері және тергеу мерзімін ұзарту қажеттілігінің негіздемелері жазылған қызметтік жазбаны ұсынады. 20. Монополияға қарсы органның басшысы отыз күнтізбелік күннен аспайтын тергеу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауға құқылы. 21. Тергеу мерзімін ұзарту туралы шешімнің көшірмесі оған қатысты тергеу жүргізілген нарық субъектісі басшысының немесе мемлекеттік органның лауазымды адамының атына хабарлама берілетін тапсырыс хатпен почта байланысы арқылы жіберіледі не нарық субъектісінің басшысына немесе мемлекеттік органның лауазымды адамына табыс етіледі. 22. Заңның бұзылуын тергеу нәтижелері бойынша қорытындының негізінде монополияға қарсы орган мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіздердің жоқтығы туралы; 2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы; 3) қылмыстық іс қозғау үшін материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы; 4) Заңның бұзылуын жою туралы нұсқама шығару туралы. 23. Тергеу субъектісіне тергеудің нәтижелері туралы қорытынды тапсырылған күні тергеу аяқталады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |