Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін Осы редакция 2006 ж. 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 959 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесi 1. Осы Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын жасаудың құрылымы мен тәртібін айқындайды. 1-тарау. Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының құрылымы 2. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы (бұдан әрi - Бюджеттік сыныптама) бюджет түсiмдерi мен шығыстарын сыныптама объектілерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бюджеттік сыныптама Қазақстан Республикасы бюджет жүйесiнiң барлық деңгейдегi бюджеттерi көрсеткiштерiнiң салыстырмалығын қамтамасыз етедi. 3. Бюджеттік сыныптаманы бюджеттi жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган заңнамалық кесiмдердiң, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының негізiнде әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 4. Бюджеттік сыныптама өзiне мыналарды қамтиды: бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы; бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы; бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы. 5. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: сыныптамалық код - түсiмнiң әрбір түрi, бюджет шығыстарының әрбір түрлерi және бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша, олардың белгiлi бір сипаттамалары бойынша, түсiмдер сыныптамасының, шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасының деңгейлерi бойынша жеке бекітілетiн цифрлық белгі (топтамалық код); iс-әрекеттiң аяқталу мерзiмi - ол басталған сәттен бастап тиiстi сыныптамалық код бойынша түсiмдердi есепке алу немесе шығыстарды қаржыландыру тоқтатылатын күн. 2-тарау. Бюджет түсімдерінің сыныптамасы 6. Барлық деңгейдегi бюджеттер түсiмдерiнiң белгiлi бір сипаттамалар бойынша осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген салықтарды, төлемдердi және бюджетке түсетiн басқа да түсiмдердi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне негiзделген топтамасы бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы болып табылады. 7. Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы мыналардан тұрады: түсiмдердiң экономикалық белгілерi бойынша топтамасын бiлдiретiн санаттар. Сыныптамалық коды 1 белгіден тұрады; түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтайтын сыныптар. Сыныптамалық коды 2 белгіден тұрады; түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша неғұрлым егжей-тегжейлi топтайтын iшкi сыныптар. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады; бюджетке түсетiн төлем немесе түсiм түрiн айқындайтын ерекшелiктер. Сыныптамалық коды 2 белгiден тұрады. 8. Түсiмдердiң әрбір түрiнiң түсiмдер сыныптамасының барлық деңгейлерiнiң кодтарынан қалыптасатын алты белгілi коды болады. 9. Түсiмдердiң әрқилы түрлерi үшiн бірдей алты белгіден тұратын кодтарды белгілеуге жол берiлмейдi. 10. Сыныптама санаттары бойынша түсiмдердi тарату Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес жүзеге асырылады. 11. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы өзiне мынадай негізгі санаттарды қамтиды: 1 - салықтық түсiмдер; 2 - салықтық емес түсiмдер; 3 - негізгі капиталды сатудан түсетiн түсiмдер; 4 - ресми трансферттерден түсетiн түсiмдер; 5 - бюджеттік кредиттерді өтеу; 6 - мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер; 7 - қарыздардың түсiмi; 8 - бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы. 12. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады. 3-тарау. Шығыстардың функционалдық сыныптамасы 13. Мемлекет функцияларының орындалуын, республикада мемлекеттік саясатты iске асыруды бейнелейтiн функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады. 14. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден тұрады: функционалдық топтар; функционалдық iшкi топтар; бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi; бюджеттік бағдарламалар және кiшi бағдарламалар. 15. Функционалдық топ - бюджет шығыстарын салалық белгiлері мен функционалдық бағыты бойынша бірiктiру. Сыныптамалық коды 2 белгiден тұрады. 16. Мемлекеттік басқару органдары орындайтын функцияларға байланысты бюджет шығыстары мынадай функционалдық топтар бойынша сыныпталады: 01- Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 02- Қорғаныс 03- Қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi 04- Білім беру 05- Денсаулық сақтау 06- Әлеуметтік көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру 07- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 08- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк 09- Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану 10- Ауыл, cу, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 11- Өнеркәсiп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi 12- Көлiк және коммуникациялар 13- Өзгелерi 14- Борышқа қызмет көрсету 15- Ресми трансферттер 16- Қарыздарды өтеу 17. Функционалдық ішкi топ (бұдан әрі - ішкі функция) бюджет қаражатының функционалдық топ iшiнде жұмсалу бағытын нақтылайды. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады. 18. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi оларға жүктелген функциялар мен өкiлеттiктерге сәйкес айқындалады. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негiздеуге және iске асыруға жауапты мемлекеттік орган. Сыныптамалық коды 3 белгiден тұрады. 19. Бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкiмшiсiне өзiнiң жеке сыныптамалық коды берiледi. 20. Жергілiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетін жергiлiктi мемлекеттік басқарудың үлгілiк құрылымына негiзделе отырып айқындалады. 21. Бюджеттік бағдарлама - бюджеттің мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі шығыстары. Сыныптамалық коды 3 белгіден тұрады. 22. Бюджеттік кiшi бағдарлама бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі бюджет шығыстарының нақты бағыттарын ашады. Сыныптамалық коды 3 белгіден тұрады. 23. Шығыстардың функционалдық сыныптамасына кодтар тағайындау функционалдық топтың, функционалдық iшкi топтың, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң, бюджеттік бағдарлама мен кішi бағдарламаның кодтарынан қалыптасатын 12 белгілi кодтан тұрады. Шығыстардың барлық функционалдық сыныптамасында жалғыз болатын тәсiлмен жүзеге асырылады. Егер бағдарлама кiші бағдарламаларға бөлінбесе, олардың орнына 000 сыныптамалық коды көрсетіледi. 24. Экономикалық нәтижелеріне байланысты бюджеттік бағдарламалар мыналарға бөлiнедi: Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекет мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған, тұрақты сипаты бар немесе бюджеттік даму бағдарламаларына жатпайтын біржолғы iс-шаралар өткiзуді көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар; бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік даму бағдарламалары. Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдеріне сәйкес бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекет мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған, тұрақты сипаты бар немесе бюджеттік даму бағдарламаларына жатпайтын біржолғы іс-шаралар өткiзудi көздейтін шығыстарды бір бюджеттік бағдарламаға бірiктіруге жол берiлмейдi. 25. Iске асыру тәсiліне байланысты бюджеттік бағдарламалар мыналарға бөлiнедi: бір әкiмшi iске асыратын жеке бюджеттік бағдарламалар; бюджетте бюджеттік бағдарламалардың бір әкiмшiсi бойынша бекітілетін және қаржы жылы ішінде бюджеттік бағдарламалардың түрлi әкiмшiлерi арасында бөлiнуге тиiсті бөлiнетiн бюджеттік бағдарламалар. 26. Бюджеттік бағдарламаларда 001-ден 999-ға дейiнгі сыныптамалық код болады. Аттас, оның iшiнде таратылатын бюджеттік бағдарламаларды орындау кезінде қолданылатын және бюджеттік бағдарламалардың бірнеше әкiмшiлерiне бекiтілген бюджеттік бағдарламалардың бір коды болады және олар 100-ден 199 аралығындағы кодтар бойынша жiктеледi. 27. Бюджеттік кiшi бағдарламаларда 001-ден 999-ғa дейiнгі сыныптамалық код болады. Бірнеше әкiмшiлерге бекітілген аттас бюджеттік кiшi бағдарламалар 001-ден 099 аралығындағы кодтар бойынша жiктеледi. 28. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады. 4-тарау. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы 29. Бюджеттік бағдарламаларды iске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды бейнелейтін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады. 30. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру мыналардан тұрады: шығыстарды экономикалық белгілерi бойынша топтастыратын санаттар. Сыныптамалық коды 1 белгіден тұрады; шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргiзетiн операциялардың негізгі түрлері бойынша топтастыратын сыныптар. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады; шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлері бойынша неғұрлым егжей-тегжейлi топтастыратын iшкi сыныптар. Сыныптамалық коды 3 белгiден тұрады; бюджеттік бағдарламаны iске асыру үшін мемлекеттік мекеме жүргізетін операцияның түрін айқындайтын ерекшеліктер. Сыныптамалық коды 3 белгіден тұрады. 31. Ерекшеліктердiң сыныптамалық кодтары шығыстардың экономикалық сыныптамасының жоғары тұрған деңгейлерiнiң сыныптамалық кодтарынан бөлек қолданыла алады және әртүрлі санаттарда, сыныптарда, iшкі сыныптарда қайталанбауға тиіс. 32. Экономикалық сыныптама мынадай санаттардан тұрады: ағымдағы шығындар - мемлекеттік мекемелердің өз функцияларын жүзеге асыруға байланысты шығындары; күрделi шығындар - негiзгi капиталды құруға, қалпына келтіруге немесе сатып алуға байланысты шығындар; бюджеттік кредиттер - қайтарымды, мерзімді және ақылы негізде бюджеттен бөлiнетiн ақша; қаржы активтерiн сатып алу - мемлекеттік меншiкке заңды тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын сатып алу жөніндегі операциялармен байланысты шығыстар; қарыздарды өтеу - қарыздар бойынша негізгi борышты өтеуге жұмсалатын шығыстар. 33. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады. 34. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының негізiнде бюджеттік жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес ерекшелiктердiң анықтамасы мен ерекшелiктер бойынша шығындардың тiзбесi көрсетiлетiн бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінiң құрылымын жасайды және бекiтедi. 2-бөлiм. Бюджеттік сыныптаманы жасау, бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі 5-тарау. Бюджеттік сыныптаманы жасау, бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртiбі 35. Мемлекеттік басқару органдарының Бюджеттік сыныптамаға өзгерістер мен/немесе толықтырулар енгізу жөніндегі нормативтiк негізделген тиiстi ұсыныстары бюджеттi жоспарлау процесiнде, сондай-ақ Бюджеттік сыныптамаға өзгерістер немесе толықтырулар енгізудi болжайтын нормативтiк құқықтық кесiм қабылданған жағдайда бюджеттi атқару барысында бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлетті органға енгізiледi. 36. Бюджеттік сыныптаманың жобасына алдағы қаржы жылына арналған бюджет жобасын жоспарлау үшiн қажеттi өзгерістер мен/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар ағымдағы жылдың 1 мамырына дейiн енгізiледi. 37. Алдағы қаржы жылына арналған Бюджеттік сыныптама жобасын бюджеттік жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлетті орган ағымдағы жылдың 1 маусымына дейiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру үшiн орталық мемлекеттік және жергiлiктi атқарушы органдарға жiбередi. 38. Тиiстi бюджет деңгейлерiнен қолданыстағы сыныптамалық кодтар алынып тасталған жағдайда, Бюджеттік сыныптаманы жасау кезiнде олардың қолданылуының аяқталу күнi көрсетiледi. 39. Бюджеттік сыныптаманың жобасы алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауына енгiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізiледi және жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылғы 20 желтоқсанға дейiн бекітіледi. 6-тарау. Бюджет түсімдерінің сыныптамасын жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі 40. Бюджеттік сыныптамада түсiмдердiң жаңа түрлерiн енгізу, қолданыстағыларды алып тастау немесе өзгерту бюджет түсiмдерiнiң тиiстi түрлерiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң негізiнде жүргiзiледi. Бұл ретте, нормативтiк құқықтық кесiмдi әзiрлеуге жауапты орган ол бекітілгеннен кейiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға бюджет түсiмдерiнiң жаңа түрлерiн енгізу туралы, қолданыстағыларды алып тастау немесе өзгерту туралы ұсыныс енгiзедi. 41. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік басқару органдарының бюджет түсiмдерiнiң жаңа түрлерiн енгізу туралы, қолданыстағыларды алып тастау немесе өзгерту туралы тиiсті ұсыныстарының қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң нормаларына, сондай-ақ осы Ережеде көрсетiлген талаптарға сәйкестігін қарайды. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бұл ұсыныстардан негiздi түрде бас тартады не белгiленген тәртiппен Бюджеттік сыныптамаға өзгерістер мен/немесе толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзiрлейдi. 7-тарау. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі 42. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың жаңа әкiмшілерiн енгізу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту орталық мемлекеттік орган құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, сондай-ақ қажет болған кезде олардың функциялары өзгерген жағдайда жүзеге асырылады. 43. Жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың жаңа әкiмшілерiн енгізу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту жергілiктi мемлекеттік басқарудың үлгiлiк құрылымы өзгертілген жағдайда жүзеге асырылады. 44. Бюджеттік сыныптамада жаңа бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) енгізу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту бюджет шығыстарының тиiстi түрлерiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдер негізiнде жүргізiледi. 45. Жергiлiктi атқарушы органдар жаңа жергiлiктi бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) енгізу туралы, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту туралы ұсыныстарды тиiстi орталық салалық мемлекеттік органдарға жiбередi, олар бұл ұсыныстардың қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкестiгi, өкiлеттiктердi мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында тарату мәнiне қарайды. Сәйкес келмеген жағдайда орталық салалық мемлекеттік органдар жергілiктi атқарушы органдарға Бюджеттік сыныптамаға өзгерістер мен/немесе толықтырулар енгізуден негiзделген бас тарту жасайды. Сәйкес келген жағдайда орталық салалық мемлекеттік органдар жергiлiктi атқарушы органдар ұсыныстарының жиынтық тiзбесiн жасайды және өздерiнiң қорытындыларымен бірге бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға жiбередi. 46. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган орталық салалық мемлекеттік органдардың жаңа республикалық және/немесе жергілiктi бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) енгізу туралы, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту туралы ұсыныстарының олардың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкестiгiн, нормативтiк құқықтық негiздемесiнiң болуын, сондай-ақ осы Ережеде көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн қарайды. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бұл ұсыныстардан негiздi түрде бас тартады не белгіленген тәртiппен Бюджеттік сыныптамаға өзгерістер мен/немесе толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзiрлейдi. 47. Тек бюджет нақтыланған немесе түзетiлген кезде ғана ағымдағы қаржы жылы бюджетiнiң атқарылуы барысында жаңа бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) енгізуге, қолданыстағыларын алып тастауға немесе өзгертуге болады. 8-тарау. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртiбі 48. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының жаңа ерекшелiгiн енгізу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту бюджет шығыстарының тиiсті түрлерiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдер негiзiнде, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұсыныстары ескерiле отырып жүргiзiледi. 49. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган мемлекеттік органдардың шығыстардың экономикалық сыныптамасының жаңа ерекшелiгiн енгізу туралы, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту туралы тиiстi ұсыныстарының қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң нормаларына, сондай-ақ осы Ережеде көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн қарайды. 50. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Бюджеттік сыныптама бекітілгеннен кейiнгi 3 жұмыс күнi iшiнде бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы негiзiнде бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын жасайды және бекiтедi. Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесіне 1-қосымша Бюджет түсімдерінің сыныптамасы ┌──────────────────────────────────────────────────────────────────┐ │Санаты │ │ │Сыныбы │ │ │ │Ішкі сыныбы │ │ │ │ │Ерекшелігі │ │ │ │ │ │Қолданылуының аяқталатын күні │ │ │ │ │ │ │Атауы │ ├──┴───┴───┴───┴────────────────────────┴──────────────────────────┤ │0 │ │ 00 │ │ 0 │ │ 00 │ └──────────────────────────────────────────────────────────────────┘ Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесіне 2-қосымша Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы ┌──────────────────────────────────────────────────────────────────┐ │Функционалдық топ │ │ │Ішкі функция │ │ │ │Бағдарламалардың әкімшісі │ │ │ │ │Бағдарлама │ │ │ │ │ │Кіші бағдарлама │ │ │ │ │ │ │Қолданылуының аяқталатын күні │ │ │ │ │ │ │ │Атауы │ ├──┴───┴───┴───┴───┴─────────────────────┴─────────────────────────┤ │00 │ │ 0 │ │ 000 │ │ 000 │ |