|
|
|
2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың: 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 1-ҚОСЫМША
101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.06.10. № 912 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Құны: 1542973 мың теңге (бір миллиард бес жүз отыз екі миллион жиырма жеті мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 805 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы № 1327 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктігін арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығы; «Байқоңыр» кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі туралы ережені туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 155 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекет басшысының қоғамдық-саяси тұрақтылықты, халық пен мемлекеттік билік бірлігін, Конституцияның мызғымастығын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, мемлекеттің егемендігін, конституциялық құрылысын қорғау мен күшейту жөніндегі, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі саясатын жүзеге асыру, Қазақстанның күллі халқының игілігі үшін қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың, экономикалық дамудың конституциялық қағидаларын, қазақстандық патриотизмді өмірге енгізу және мемлекет өмірінің неғұрлым маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу, елдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, оны іске асыру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудың тетігі мен тактикасын жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін тұжырымдау, өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру жөнінде қойылған біліктілік талаптарына сәйкес, білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік қызмет саласында теориялық және практикалық білімін, іскерлігі мен кәсіби дағдысын шыңдауды жүзеге асыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін құжаттамалық, құқықтық, ұйымдық, ақпараттық-талдау, хаттамалық және сыртқы саяси жағынан қамтамасыз ету; 2) мемлекеттік органдардың қызметіне жалпы бақылау, соның ішінде Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуына жалпы бақылау жасау; 3) республика Президентінің шешімдерін мүлтіксіз, егжей-тегжейлі әрі уақтылы орындау; 4) республика Президентін елдегі және шетелдегі істің жай-күйі туралы уақтылы әрі толық хабардар ету; 5) өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру жөнінде қойылған біліктілік талаптарына сәйкес, білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік қызмет саласында теориялық және практикалық білімін, іскерлігі мен кәсіби дағдысын шыңдауды жүзеге асыру; 6) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі қағидаларын «Байқоңыр» кешенінде орналасқан қазақстандық мемлекеттік билік органдарының іске асыруы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; 7) «Байқоңыр» кешенінде жұмыс істейтін қазақстандық мемлекеттік органдардың қызметіне Қазақстан Республикасының заңдық құзіретін және Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуде, оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмалары мен актілерінің орындалуына бақылауды қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: - Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін толығымен қамтамасыз ету, соның ішінде мемлекеттік органдардың қызметіне және нормативтік-құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасау; - бір мемлекеттік инспектордың жылына 7 іссапарда болуы (16 адам); - 151 адамның кәсіби біліктілігі деңгейін арттыру (соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының 11 қызметкері); - 280 адамды мемлекеттік тілге оқыту; - 48 адамды ағылшын тіліне оқыту; - «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілдікті материалдық-техникалық және ақпараттық-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз ету. Түпкі нәтиже: - елдің саяси тұрақтылығын, ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттік егемендігін нығайту, азаматтық қоғамды дамыту, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, халықтың саяси мәдениетін қалыптастыру, азаматтарды мемлекет басқару мен шешімдер қабылдауға тарту, атқарушылық билік жүйесін орталықтан алу, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту; - экономиканың индустриялық-инновациялық дамуы, кәсіпкерлік ортаны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, республика азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсарту, сапалы әрі қол жетімді білім беру, денсаулық сақтау; - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, елде тұратын түрлі этностық топтардың мәдениеті мен тілдерін дамыту, рухани өркендеу мен конфессияаралық келісім; - өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Қаржылық-экономикалық нәтиже: - бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығындар 18,4 мың теңге (соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты бойынша - 38,6 мың теңге); - бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға жұмсалатын орташа шығындар 35,9 мың теңге; - бір мемлекеттік қызметшіні ағылшын тіліне оқытуға жұмсалатын орташа шығындар 20,8 мың теңге. Уақтылығы: жасалған шарттарға және қойылған міндеттерге сәйкес жыл бойына орындалуы. Сапасы: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін белгіленген мерзімдерді ескере отырып, іс-шараларды 100 пайыз сапалы және уақтылы орындау. Кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сай, қазіргі экономикалық жағдайларға орай мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқыту курсынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің 40 пайызға мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшкен; ағылшын тілін оқыту курсынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметкерлердің 20,8 пайызға ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейді; біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің 33,1 пайызға жоғары лауазымдарға тағайындалған.
Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 2-ҚОСЫМША
101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық аспектілерін болжамды-талдамалық қамтамасыз ету» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 95856 мың теңге (тоқсан бес миллион сегіз жүз елу алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы № 1235 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 қыркүйектегі № 977 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы басшылығының республиканың саяси, әлеуметтік, экономикалық дамуының түрлі салаларында шешімдер қабылдауы, мемлекеттің стратегиялық даму аспектілерін ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан әзірлеу және негіздеу үшін баламалы ғылыми-талдамалық базаны қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: - Қазақстан Республикасының сыртқы саясат стратегиясы мен ұлттық қауіпсіздігі саласында тұжырымдамалық негіздер мен практикалық ұсынымдарды әзірлеу; - шет мемлекеттердің сыртқы саяси бағыты мен әлемдегі және шектес өңірлердегі әскери-стратегиялық ахуалға талдау мен болжау; - Қазақстан Республикасындағы экономикалық, әлеуметтік, этнодемографиялық және қоғамдық-саяси ахуалға талдау мен болжау; - экологиялық қауіпсіздік проблемаларын зерттеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: - мынадай тақырыптар бойынша шамамен 4 ірі халықаралық конференция өткізу: «Қазақстан Республикасының ғаламдану жағдайындағы қазіргі заманғы қаржы жүйесінің жай-күйі», «Орталық Азиядағы жаңа болмыстар: қазіргі заманғы геосаяси проблемалар және оларды шешуге көзқарас», «Орталық Азия мемлекеттері саяси транзиттің ерекшеліктері», «Каспий өңіріндегі ынтымақтастықтың қазіргі заманғы қауіпсіздік проблемалары мен басымдықтары»; - 4 мынадай тақырып бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізу: «Қазақстан Республикасындағы этносаяси ынтымақтастықтың жай-күйі мен оны дамыту перспективалары», «Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі шағын және орта бизнесті дамытудың қазіргі заманғы жай-күйі», «Қазақстан Республикасы саяси жаңғыруының негізгі бағыттары», «Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық қатынастардың жай-күйі және оны дамытудың перспективалары туралы»; - жүргізіліп жатқан зерттеулерді талдау баяндамалары, ғылыми мақалалар мен монографиялар түрінде жариялау, атап айтқанда, конференциялар материалдарының 4 жинағын, 6 монография (ішкі саясат мәселелері бойынша - 1, сыртқы саясат мәселелері бойынша - 3, экономикалық саясат мәселелері бойынша - 2) шығару, олар Қазақстан дамуындағы өзекті мәселелерге арналатын болады; - төрт мерзімді басылым шығару: «Казахстан - Спектр» (ғылыми сипаттағы материалдар жариялау - 4 нөмір), «ANALYTIC» (таза ғылыми зерттеу шеңберінен тыс, қолданбалы сипаттағы талдау материалдарын жариялау - 6 нөмір), «Central Asia's Affairs» (әлемнің жетекші талдау орталықтарының сарапшыларымен тікелей диалог орнату мүмкіндігін беретін Орталық Азияда ағылшын тілінде шығатын бірден-бір басылым - 4 нөмір), «Қоғам және Дәуір» (халықаралық қатынастар мен аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне, Қазақстан дамуының ішкі саяси және экономикалық мәселелеріне, қазіргі уақыттағы тарихи-философиялық және мәдени проблемаларға арналған - 4 нөмір); - өткізілетін конференцияларды көруді қамтамасыз ету үшін 4 теледидар сатып алу; - ҚСЗИ қызметкерлерінің кабинеттерін жабдықтау мен еңбек жағдайын жақсарту үшін 5 дана компьютер, 3 дана ноутбук, 1 дана баспалдақ сатып алу. Түпкі нәтиже: Шет мемлекеттердің сыртқы саяси бағытына, әлемдегі әскери-стратегиялық ахуалға, Қазақстан Республикасындағы экономикалық, әлеуметтік, этнодемографиялық және қоғамдық-саяси ахуалға болжау жасау арқылы Қазақстан Республикасының тұрлаулы да қауіпсіз дамуын қамтамасыз ету. Қаржылық-экономикалық нәтиже: - журналдар мен монографиялар шығару бойынша бір баспа қызметін көрсетудің орташа жылдық құны 226,67 мың теңге; - бір әлеуметтану зерттеуін жүргізудің орташа құны 1 250 мың теңге; - бір халықаралық конференция өткізудің орташа құны 183,5 мың теңге; - бір қатысушыға шаққандағы халықаралық конференциялар құнының арақатысы 1,0 мың теңге. Уақтылығы және сапасы: - тиісті кезеңге арналған көзделген жоспар бойынша іс-шаралардың орындалуын 100 пайыз сапалы да уақтылы ұйымдастыру, сондай-ақ елдегі ахуалдың дамуына байланысты жоспардан тыс іс-шаралар өткізу, зерттеулер жүргізу.
Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 3-ҚОСЫМША
101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Мұрағат қорының, баспа басылымдарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды арнайы пайдалану» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 109722 мың теңге (бір жүз тоғыз миллион жеті жүз жиырма екі мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; «Қазақстан Республикасы Президентінің Архивін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 14 қаңтардағы № 1502 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 52 өкімі. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын ақпарат тасығыштардың барлық түрлерінде тұрақты мемлекеттік сақтауды жақсарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің қызметінде пайда болатын құжаттарды және мұрағатта сақталған басқа да құжаттарды тұрақты мемлекеттік сақтау, олардың сақталуын және мемлекеттік есепке алынуын, мекемелердегі уақытша ведомстволық сақтаудағы құжаттарға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; - мұрағатты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және басқа да мемлекеттік мекемелердің құжаттарымен жасақтау; - мұрағат қорларына ғылыми-анықтамалық аппаратты дайындау және дамыту; - мұрағат құжаттарын жан-жақты пайдалануды ұйымдастыру және оларды ғылыми жариялау; - құжаттаманы басқаруды ұйымдастыруға қатысу және оның жағдайын бақылау; - мемлекеттік құпиялар бар құжаттармен жұмыста құпиялылық режимін сақтау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: - мемлекеттік мекемелердің басқару құжаттамасынан, мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлерінің жеке тұрғыдағы құжаттарынан мемлекеттік сақтауға 3,7 мың іс қабылдау; - 938 сақталу бірлігінің микрокөшірмесін жүргізу және аса маңызды құжаттардың көшірмелері сақтандыру қорының 125,3 мың кадрын дайындау, 4 мың істі тігу және түптеу, құжаттардың 140 мың парағын жөндеп-реттеу, компьютерлік графикамен нашар көрінетін мәтіндердің 2,5 мың парағын қалпына келтіру, микрофильмдердің 4 мың кадрына және қағаздағы құжаттардың 3 мың парағына цифрлау жүргізу; - мекемелер мен азаматтардың кем дегенде 200 тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық сұрауларын орындау, зерттеушілерді мұрағаттың оқу залы арқылы талап етілген ақпаратпен қамтамасыз ету; - каталогтың 29,8 мың карточкасын және 27,6 мың істің ғылыми-анықтамалық аппаратты жетілдіру; - бұқаралық ақпарат құралдарында 4 мақала және ғылыми жарияланымдар әзірлеу, мектеп пен жоғары оқу орындары оқушыларымен 4 тарихи-құжаттамалық көрме және 7 экскурсия өткізу болжанып отыр;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |