|
|
|
2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың: 41-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 16 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 41-ҚОСЫМША
203 - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеуді, бақылауды қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1097797 мың теңге (бір миллиард тоқсан жеті миллион жеті жүз тоқсан жеті мың теңге) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 147, 147-1, 147-2, 147-3, 147-4, 147-5-баптары, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңы; «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13, 14, 17, 18-баптары; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысы; «Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы № 455 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұтынушылардың, мемлекеттің және мемлекеттік және табиғи монополия субъектілерінің мүдделерінің балансына жету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: табиғи және мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметін бақылау мен реттеу; табиғи монополиялардың жұмыс істеуіне, тариф түзу мәселелеріне қатысты заңдардың жобаларына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сараптама жүргізуді жүзеге асыру; мемлекеттік органдардың ақылы қызметтер көрсету тәртібін бақылау; өз қызметін мемлекеттік монополияға жатқызылған салада жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін реттеу мен бақылау; табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін, мемлекеттік органдар көрсететін ақылы қызметтердің мемлекеттік тіркелімін жүргізу; мемлекеттік мекемелер монополиялық түрде жүзеге асыратын қызметтерге есеп айырысу әдіснамасы мен бағалар белгілеу ережесін жетілдіру; табиғи монополия саласындағы тарифтердің (бағалардың, ставкалардың, алымдардың) немесе олардың шекті деңгейлерінің есеп айырысу әдістемесін жетілдіру; мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру. ҚР Үкіметінің 2007.10.09. № 784 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Тарифтердің мөлшеріне әсер ететін табиғи монополиялар субъектілерінің қаржы операцияларын жүргізудегі бұрмалаушылықтарын анықтау; тарифтерде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің шығындарын оңтайландыру. Табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің тұтынушыларға әсер етуіне талдау жүргізу, тарифтер серпінінің халықтың жекелеген салалары мен табыстарына әсер етуіне болжау жасауды жүзеге асыру. 48 адамның, оның ішінде аумақтық органдар қызметкерлерінің 24 адамның кәсіби деңгейін арттыру; 140 адамға, оның ішінде аумақтық органдар қызметкерлерінің 110 адамына мемлекеттік тілді үйрету. Түпкі нәтиже: Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтиже: Бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 17,06 мың теңге. Бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді үйретуге жұмсалатын орташа шығын - 17,55 мың теңге. Уақтылығы: Жасалған шарттарға сәйкес жыл ішінде. Сапасы: Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету тарифтердің (тарифті сметалардың) шығын бөлігіне енгізілетін шығыстар негізділігін анықтау.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |