|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., № 6, 49-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспеде «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысын» деген сөздер «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 15-бабын» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін, 1949 жылдан бастап 1990 жыл кезеңінде радиациялық қатер аймақтарында және жеңілдетілген әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақта тұратын және тұрған азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы (бұдан әрі - өтемақы) төлеуді қамтамасыз етсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу ережесінде (бұдан әрі - Ереже): 3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Егер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары арнайы комиссиялардың жұмыс органы болып белгіленген жағдайда, зейнеткерлердің (жұмыс істейтін зейнеткерлерді қоса алғанда), мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтардың іс қағаздарының макеттерін тіркеу 4-қосымшаға сәйкес Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алу үшін азаматтарды тіркеу журналында жүзеге асырылады. Азаматтардың өтемақы тағайындау туралы жеке өтініш беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда, олар белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде өтемақы тағайындау туралы өтінішпен және қажетті құжаттармен өтініш беру үшін басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.»; бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «4. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңында (бұдан әрі - Заң) белгіленген тәртіппен берілген, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер және өтемақы алу құқығын растайтын куәлікпен қатар, мыналар тиісті радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін және кезеңін растайтын құжаттар болып табылуы мүмкін:»; 6) тармақша алынып тасталсын; 10-тармақтың екінші, үшінші, төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «Азаматтың өтемақы сомалары бюджет қаражатымен расталмағандықтан, ол бойынша өтемақыны есептеу жүргізілмеген теңгерімнен тыс арнайы шоты болған кезде арнайы комиссия шешімде банктегі мұндай шотты жабу қажеттігі туралы көрсетеді және бұл мәліметтерді банкке тізім бойынша береді.»; «Өтемақы тағайындау туралы шешімдердің жобаларында теңгерімнен тыс арнайы шотқа есептелген сома ескеріле отырып, төленетін өтемақы сомасы көрсетіледі.» деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Ic қағазының макетін дайындау барысында теңгерімнен тыс арнайы шотта есепте тұрған не нақты төленген өтемақы сомасы анықталған жағдайда, өтемақы тағайындау туралы шешімдердің жобасында анықталған өтемақы сомасын қоспағанда, (теңгерімнен тыс шотта нақты есепте тұрған не төленген) төленетін сома көрсетіледі, бұл ретте: 1) төленетін өтемақының есебі былайша жүргізіледі: аударылған соманың күні бойынша теңгерімнен тыс арнайы шотқа аударылған өтемақы сомасының есебі не өтемақы төлеу жүргізілген айлық есептік көрсеткіш анықталады; теңгерімнен тыс арнайы шотқа бұрын аударылған не нақты төленген өтемақы сомасы бұрын есептеу жүргізілген айлық есептік көрсеткіш санына ауыстырылады; төлеу сәтінде қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің шамасын негізге ала отырып есептелген өтемақы сомасы мен оны төлеу (аудару) сәтінде қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің санына ауыстырылған, нақты аударылған (төленген) өтемақы арасындағы айырма түрінде есептелген өтемақы төленуге қойылады; 2) өтемақыны немесе оның бұрын Банкке нақты аударылған бөлігін төлеуді Банк тікелей жүзеге асырады.»; «радиациялық қатер аймақтары» деген сөздерден кейін «, жеңілдетілген әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақтар» деген сөздермен толықтырылсын; «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының» деген сөздер алынып тасталсын және «Заңында» деген сөз «Заңда» деген сөзбен ауыстырылсын; Ережеге 4, 5, 7-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Yкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1319 қаулысына 1-қосымша
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу ережесіне 4-қосымша
Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алу үшін азаматтарды тіркеу журналы
Yкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1319 қаулысына 2-қосымша
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу ережесіне 5-қосымша
_____________________________ ауданы (қаласы) әкімінің жанындағы ___________________ арнайы комиссияның Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен деп тану (танудан бас тарту) туралы шешімi
№ ____хаттамаға, күні _______________ Азамат ____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты, санаты (зейнеткер, мемәлеуметжәрдемақы алушы / жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін) 1. Азамат ________________ _______бастап__________дейін _________ радиациялық қатер аймағында; _______бастап__________дейін _________ радиациялық қатер аймағында; _______бастап__________дейін _________ радиациялық қатер аймағында тұрған кезең үшін Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегуші деп саналсын. 2. Өтініш берушінің өтемақы төлемдері туралы деректерін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның (бұдан әрі - Банк), «Қазпочта» АҚ-ның деректерімен салыстырып тексеру қорытындылары бойынша мыналар анықталды: Азамат: ____________________________________________________ 1) 1993 жылдан бастап осы уақытқа дейінгі кезеңге өтемақы төлеу жүргізілген жоқ/жүргізілген (қажеттісінің асты сызылсын); _______(күні көрсетілсін)_______ теңге___ тиын сомасында жүргізілді. 2) теңгерімнен тыс арнайы шотқа (шоттың күнімен № көрсетілсін) жалпы сомасы _______теңге______ тиын нақты аударылды. 3) _______________________ теңгерімнен тыс арнайы шот ашылды. (шоттың № мен түрі көрсетілсін) Банктің деректеріне сәйкес, ол бойынша қаржыландыру жүргізілмеген, өйткені өтемақы сомалары бюджет қаражатымен расталмаған. 3. Банкпен салыстырып тексеру қорытындылары бойынша мыналар қажет деп санаймыз: 1) 1993 жылдан бастап төлеу сәтіне дейінгі кезеңде қаражатты қаржыландыру жүргізілмеген және теңгерімнен тыс арнайы шотында көрсетілген өтемақы сомасы бюджет қаражатымен расталмаған _______ (күні көрсетілсін) ашылған №______ теңгерімнен тыс арнайы шот жабылсын. 2) Банк №________ теңгерімнен тыс арнайы шотқа _________(күнi көрсетілсін) бұрын нақты аударылған өтемақы төлеуді жүзеге асырсын. 4. Азамат _________________ Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегуші ретінде тіркеуден бас тартылсын. 5. Қабылданған шешім туралы өтініш беруші хабардар етілсін.
Комиссияның төрағасы _________________ Комиссияның мүшелері _________________
Мөрдің орны
Yкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1319 қаулысына 3-қосымша
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу ережесіне 7-қосымша
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешім 200 ж. "____"_______ № ______
ҚР Еңбекминінің _____________ облысы бойынша департаменті, өтемақы алушының іс-қағаз № _______ Азамат ____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты, санаты (зейнеткер, мемәлеуметжәрдемақы алушы / жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін) Жынысы _______ Туған күні 19___жылғы "______"____________ 1. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 ж. 18.12. Заңының 12-бабына сәйкес: __________ радиациялық қатер аймағында 19___ж. бастап 19___ж. дейін тұрған кезең үшін ________ теңге сомасында (_____АЕК-де) __________ радиациялық қатер аймағында 19 __ж. бастап 19___ж. дейін тұрған кезең үшін ________ теңге сомасында (_____ АЕК-де) __________ радиациялық қатер аймағында 19___ ж. бастап 19__ ж. дейін тұрған кезең үшін _________ теңге сомасында (______ АЕК-де) __________ радиациялық қатер аймағында 19___ ж. бастап 19___ ж. дейін тұрған кезең үшін ________ теңге сомасында (_____ АЕК-де) __________ радиациялық қатер аймағында 19___ж. бастап 19___ж. дейін тұрған кезең үшін__________ теңге сомасында (_____ АЕК-де) біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы (бұдан әрі - өтемақы) тағайындалсын. Тағайындалған өтемақы сомасының жиыны: _____ теңге ______ тиын (АЕК-де) 2. Төленген өтемақының сомасы (оның ішінде теңгерімнен тыс арнайы шотқа аударылғаны) жылы ___________ теңге (АЕК-де________) жылы ___________ теңге (АЕК-де _______) 3. Төленетін өтемақының қалған сомасы (төленген (теңгерімнен тыс арнайы шотқа нақты аударылған) өтемақы алынып тасталсын). __________________________________________________________________ (сомасы жазумен, теңге) жылы ____________ теңге (АЕК-де_________) 4. Өтемақы тағайындаудан бас тартылсын ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (бac тарту негіздемесі) Тексерілді және бекітілді:
M.O. Департамент директоры ____________ ______________ (қолы) (тегі)
Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі бөлімнің бастығы ____________ ______________ (қолы) (тегі)
Тағайындау жөніндегі маман ____________ ______________ (қолы) (тегі)
Шешім жобасы дайындалды: М.О. ЗТМО бөлімшесінің бастығы ___________ ______________ (қолы) (тегі)
ЗТМО бөлімшесінің маманы ____________ ______________ (қолы) (тегі)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |