|
|
|
2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 392, 393, 393-1-қосымшаларға сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 392-ҚОСЫМША
406 - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 310 993 мың теңге (үш жүз он миллион тоғыз жүз тоқсан үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы Ережені бекіту туралы» 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығы; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 Заңы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы № 412 Заңы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыру: республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру, олардың атқарылуын, есеп пен есептілікті жүргізуін, бюджет қаражатын, байланысты гранттарды, мемлекет активтері, мемлекет кепілдік берген займдарды пайдалануын бағалау; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес республикалық бюджеттің мақсатсыз, негізсіз және тиімсіз пайдаланылуын анықтау және жол бермеу бойынша шаралар қабылдау. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: республикалық бюджет қаражаттарының, мемлекет кепілдік берген займдардың, байланысты гpанттарына, активтеріне, республикалық бюджеттен мемлекеттің міндеттемелерін өтеуге берілген қаражаттардың мақсатты және тиімді пайдалануын, республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен дер кезділігін, сондай-ақ республикалық бюджеттен түскен сомалардың Бюджет кодексінің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес қайтарылуын бақылау; өзінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: - республикалық бюджетке түскен түсімдердің толықтығы мен дер кездігін, сондай-ақ республикалық бюджеттен түскен сомалардың бюджеттік заңнаманың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес қайтарылуын, бюджет қаражаттарының, мемлекет кепілдік берген займдардың, байланысты гранттарына, активтеріне, республикалық бюджеттен мемлекеттік міндеттемелерін өтеуге берілетін қаражаттардың мақсатты және тиімді пайдалануына бақылау және сараптамалық іс-шараларын жүргізу; - халықаралық ұйымдармен және жоғары мемлекеттік қаржы бақылаудың шетелдік органдарымен өзара пайдалы ынтымақтастықты жалғастыру, өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда оң ұсынымдарды пайдалану; - 20 адамның кәсіби деңгейін арттыру, 30 адамға мемлекеттік тілді үйрету. Түпкілікті нәтиже: - республикалық бюджетті атқару кезінде жол берілген бұрмалаушылықтардың жойылуын бақылау; - республикалық бюджеттің атқарылу мәселесін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде, сондай-ақ жол берілген бұрмалаушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы ұсыныстар әзірлеу және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, орталық мемлекеттік органдарға жіберу; - өзінің мазмұны жөнінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінің қорытындысы болып табылатын аяқталған қаржы жылының республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсыну және оны Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау; - сыртқы қаржы бақылаудың әдіснамасын жетілдіру. Қаржы-экономикалық нәтиже: - бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 33,6 мың теңге; - бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді үйрету үшін жұмсалатын орташа шығын - 67,1 мың теңге. Уақтылығы: - жоспарланған бақылау және талдау іс-шараларын белгіленген мерзімде орындау; - бақылау және талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша Есеп комитетінің қаулысын қабылдау немесе оны белгіленген мерзімде ұсыну; - Есеп комитетінің республикалық бюджетті атқару жөніндегі бюллетенін тоқсан сайын шығару; - жасалған шарттарға сәйкес жыл бойы оқыту. Сапасы: - қаржылық бақылау объектілерінің жауапкершілігі мен қаржылық тәртіптіліктің деңгейін және бюджет заңнамасы мен өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын бақылауға алуды арттыру; - қаржылық бақылау объектілерінің жол берілген бұрмалаушылықтар мен кемшіліктерді жою, сондай-ақ оның қайталануына жол бермеу; - есепке алу мен есептілікті, сондай-ақ бюджеттік рәсімдерді жүргізуді жетілдіру; - мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сай, осы заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес арттыру; мемлекеттік тілге үйрету курсынан өткеннен кейін іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі 15%; біліктілікті көтеру курсынан өткеннен кейін жоғары тұрған лауазымға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі 5%.
№ 1220 қаулысына 393-ҚОСЫМША
406 - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ақпараттық дерекқорын дамыту» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4001 мың теңге (төрт миллион бір мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджеттік кодексі; «Қазақстан Республикасындағы республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау жүйесінің даму тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1208 қаулысы; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 Заңы, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы № 412 Заңы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ақпараттық деректер базасын дамыту. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: басқа ведомстволардан автоматтандырылған және жедел ақпарат алу үшін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ақпараттық деректер базасын құру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: - республикалық бюджеттің атқарылуына бақылауды жүзеге асыру кезінде материалдық және еңбек шығындарын қысқартады; - республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау объектісі бойынша шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты алудың уақытын қысқартады. Түпкі нәтиже: - республикалық бюджеттің атқарылуына сапалы, экономикалық, өнімді, тиімді және уақтылы бақылау жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 393-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 393-1-ҚОСЫМША
406 - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған 003 «Қаржылық тәртіп бұзушылықты зерттеу орталығы» РМК-ның жарғылық капиталын қалыптастыру» деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10920 мың теңге (он миллион тоғыз жүз жиырма мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 96 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік мекемелерге сыбайлас жемқорлық қылмыстарды және құқық бұзушылықтарды туындататын жағдайларды зерделеу, алдын алу және азайту, қаржылық бұзушылықтардың себептерін жою бойынша қызметтер көрсету мақсатында Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығын құру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жарғылық капиталды қалыптастыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже: «Қаржылық тәртіп бұзушылықты зерттеу орталығы» РМК-ның жарғылық капиталын қалыптастыру. Түпкілікті нәтиже: қаржылық тәртіп бұзушылықты зерттеу Орталығын құру.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |