|
|
|
«2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (2007.26.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 240, 241, 242 243, 244, 245, 246, 247, 248, 249, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 259-1, 260, 261, 262, 263, 264, 265, 266, 267, 268, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 281, 282, 282-1, 283, 284, 285, 286, 287, 288, 289, 289-1, 289-2, 290, 291-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 240-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Білім және ғылым саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007. 29.05 № 438 Қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаң редакция (бұр.ред.қара) 1. Құны: 1417120 мың теңге (бір миллиард төрт жүз он жеті миллион бір жүз жиырма мың теңге). ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8 , 12, 21, 27, 30, 35-баптары; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 3 , 21-24-баптары; «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы; "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысы; "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредитациялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 976 қаулысы; "Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялаудың жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 421 қаулысы; "Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 460 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шараларының жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" мемлекеттік грантын тағайындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы № 812 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың орындалуын қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2007. 29.05 № 438 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ғылыми зерттеу ұйымдарын жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; лицензиялар беру және білім беру, ғылым ұйымдарының біліктілік талаптарын сақтауын бақылау; өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру; балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың қалыптасуын қамтамасыз ету; 30 адамның кәсіби деңгейін арттыру, 90 адамды мемлекеттік тілге оқыту, 40 адамды ағылшын тіліне оқыту. Түпкі нәтиже: халықаралық стандарттарды енгізуді есепке ала отырып білім жүйесін жетілдіру. Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға кететін орташа шығындар - 5,03 мың теңге, бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді үйретуге кететін орташа шығындар - 30,61 мың теңге, бір мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілін үйретуге кететін орташа шығындар - 19,2 мың теңге. Уақтылығы: жасалған шарттарға және бекітілген қаржыландыру жоспарларына сәйкес министрлік аппаратын ұстауға бөлінген бюджеттік қаражатты игеру. Сапасы: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың мәртебесін көтеру. Қазіргі экономикалық талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сай келетіндей арттыру. Мемлекеттік тілді үйрету курсынан өткен мемлекеттік қызметшілердің 45 пайыз іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізетін болады, 2 пайыз - ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 241-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған "Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 9211576 мың теңге (тоғыз миллиард екі жүз он бір миллион бес жүз жетпіс алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 26-бабы; "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 2895 Жарлығы; Қазақстан Республикасының Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығы "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту туралы"; "Республикалық бюджет есебінен орындалатын қолданбалы ғылыми зерттеу бағдарламаларын құрудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 Қаулысы; "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің қаулысы 2002 жылғы 27 желтоқсан № 1385; "2006-2008 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасында биотехнология жөніндегі кластерді қалыптастыру үшін қазіргі заманғы технологияларды әзірлеу" ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы № 554 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканың базалық салаларының қажеттіктерін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, ғылымды көп қажет ететін жаңа өндірістер ұйымдастыру үшін оңтайлы жағдайлар жасау, "зерттеу-әзірлеу-кадрлар даярлау-өнеркәсіптік игерудің бірыңғай ғылыми-өндірістік" тізбекке көшуге септігін тигізетін ғылыми-техникалық және өзге салаларда инновациялық қызметті дамыту. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу. Отандық технологиялардың бәсекелестік қабілетін көтеру, өндірістің ғылымды көп қажет ететін салаларын тұрақты дамыту үшін жағдай жасау; елдің экспортқа бағдарланған өнеркәсіп кешенін құру мақсатымен ғылым мен отандық жаңа технологиялар жетістігін іске асыру. Қажетті жабдықтар мен аспаптар, реактивтер, қосалқы бөлшектер сатып алуда бірінші кезектегі қажеттікті қанағаттандыру; ғылыми ұйымдарды осы заманғы жабдықпен, аспаптармен және есептеу техникасымен жарақтау; осы заманғы жоғары өнімді жабдықтарды және ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде ғылыми зерттеулердің деңгейін көтеру, деректердің электрондық каталогі мен проблемалық базаларын жасау. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: конкурс нәтижесіне сәйкес басым бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің бұйрығымен бекітілген тақырыптар бойынша, іргелі және қолданбалы ғылыми бағдарламалар бойынша жобалар жүргізу. 12 ғылыми ұйымдарға, соның ішінде жоғары оқу орындарындағы 10 ғылыми лабораторияларға жекелеген құралдары және жабдықтарды сатып алу және 5 ғылыми ұйымдарға ғимараттарын күрделі жөндеу. Жабдықтар сатып алу ғылыми ұйымдардың ағымдағы міндеттерді сапалы әрі мезгілінде орындауына мүмкіндік береді және олардың өңдейтін ақпаратының шапшаңдығын арттырады. Ғылыми ұйымдардың ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу ғылыми қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді; ғылыми ұйымдардың ғылыми жабдықтармен жабдықталуының 58 %; ғылыми ұйымдарда күрделі жөндеу жүргізудің жалпы қажеттілігінен 32%. Түпкі нәтиже: табиғи және әлеуметтік жүйелер туралы принципиалды жаңа білімдер алу, жүйелі экономиканың қайта ұйымдастыру ғылыми негіздерін әзірлеу, қоғамның, мәдениеттің, ғылымның тұрақты дамуы; Қазақстандық ғылым ұстанымының ТМД қатысушы елдердің жалпы ғылыми-технологиялық кеңістігі шеңберінде және ғылыми еңбектің әлемдік бөлігінде нығайту; экспорттық және импорты ауыстырушы өнімдерді көбейту және ғылыми өндірістерді дамытуға ықпал ететін тез сатылып алынатын әзірлемелерді құру және енгізу; синтетикалық және табиғи медициналық дәрі-дәрмектерді шығару; өнімі мол түрдегі ауыл шаруашылық дәнді дақылдарды жылдам жасау әдістерін әзірлеу. Қаржылық-экономикалық нәтиже: - бір ұйымға жабдықтар сатып алуға арналған орташа шығыстар - 222 900 000,0 теңге; - бір ұйымның күрделі жөндеуіне арналған орташа шығыстар - 81417600 теңге; - жоғары оқу орындарындағы бір ғылыми лабораторияға сатып алынатын жабдықтарға кететін орташа шығыстар - 200 000 000,0 теңге. Уақтылығы: шарт бойынша жұмысты жүргізу кестесіне сәйкес. Сапасы: ғылыми мақалалар, авторлық куәліктер, патенттер, технологиялық регламенттер, тәжірибе үлгілері, технологиялық процестер. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы сұраныстарына сәйкес ғылыми зерттеулер жүргізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 242-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған "Ғылыми-мәдени құндылықтарды сақтау" деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакция (бұр.ред.қара) 1. Құны: 6 763 мың теңге (алты миллион жеті жүз алпыс үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 31-бабы; "Академик Қ.И.Сәтпаевты мәңгі есте қалдыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 14 сәуірдегі № 332 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: академик Қ.И.Сәтпаевтың мұраларын сақтау, мұражай қорлары мен мұрағаттарда жатқан көрнекті ғалым, Қазақстан ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қ.И.Сәтпаевтың өмірі мен қызметі туралы ілім-білімді білімдік-тәрбиелікпен және мақсаткерлікпен таратуды жүзеге асыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке, интеллектуалдық, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: - мұражайға келген азаматтардың орташа жылдық саны кем дегенде 5250 адам. Түпкі нәтиже: жұртшылықты Қазақстан Республикасындағы ғылым мен техниканың дамуының тарихи көріністерімен таныстыру Өскелең ұрпақтың ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қ.И.Сәтпаевтың қызметіне және тұтас алғанда Қазақстан ғылымына деген танымдық қызығушылығын дамыту; ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қ.И.Сәтпаевтың өмірін, ғылыми және қоғамдық қызметін насихаттау арқылы өз өмірін Қазақстанның ғылымы мен техникасын дамытуға арнағысы келетін жастардың санын көбейту, олардың Отанға деген патриоттығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың дүниетанымын кеңейту. Қаржылық-экономикалық нәтиже: - бір мұражай экспонатын сақтауды қамтамасыз етуге арналған орташа шығыс - 9393 теңге. Уақтылығы: Көзделген кесте бойынша жоспарланған іс-шаралар өткізу. Сапасы: республика халқының мәдени деңгейін көтеру және мұражай колекциясы базасында Ғылым академиясының бірінші Президенті Қ.Сәтпаевтың қызметімен жұртшылықты таныстыру.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |