«Қазына» орнықты даму қоры» акциоиерлік қоғамы директорлар кеңесінің
(2006.14.09. берілген толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 3 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес құрамда «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін; екі ай мерзімде үшінші тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2006.14.09. № 865 Қаулысымен қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 347 қаулысына қосымша
«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия Асқар Болатұлы және сауда вице-министрi
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика Марат Әпсеметұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрi
Елемесов - Қазақстан Республикасының Қаржы вице- Асқар Раушанұлы министрi
Орынбаев - Қазақстан Республикасы Президентінің Ербол Тұрмаханұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Келімбетов - «Қазына» орнықты дамыту қоры" Қайрат Нематұлы акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы
Мыңбаев - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару Сауат Мұхаметбайұлы жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы атқарушы директорының міндетін атқарушы, тәуелсіз директор
Дамитов - тәуелсіз директор Қадыржан Қабдошұлы
Ахметов - «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлерінің және Серік Нығметұлы жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы, тәуелсіз директор.
|