“Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетін өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің тiзбесiн бекіту туралы” (2006.11.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2007 ж. 28 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетін өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң тізбесі бекітілсiн. 2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң әскери қызметшілері мен өртке қарсы мемлекеттік қызметтiң белгiленген тәртiппен тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақыға құқығы бар арнаулы атақ берiлген қызметкерлері лауазымдарының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 11 қаңтардағы № 43 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 1, 14-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Үкіметінiң 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетiн өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң тiзбесi
ҚР Үкіметінің 2006.11.08. № 760 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау комитетi төрағасының орынбасары, "Өрт сөндiру және авариялық құтқару жұмыстары қызметi" мемлекеттік мекемесiнiң және оның филиалдарының, басқармалардың, мамандандырылған жасақтардың, жасақтардың, бөлiмдердiң, бөлiмшелердiң, мамандандырылған өрт сөндiру бөлiмдерiнiң, өрт сөндiру бөлiмдерiнiң, техникалық қызметтiң өрт сөндiру бөлiмдерiнiң, күштер мен құралдарды жедел басқару орталықтарының, өрт сөндiру байланысы орталық пункттерiнiң, қарауылдардың, "ұсталмайтын қорлар" қоймаларының, бекеттердiң (кадр, қаржы, медицина, шаруашылық қызметтерiн және оқу мекемелерiн қоспағанда) бастықтары. 2. "Өрт сөндiру және авариялық құтқару жұмыстары қызметi" мемлекеттік мекемесi және оның филиалдары, басқармалар, мамандандырылған жасақтар, жасақтар, бөлiмдер, мамандандырылған өрт сөндiру бөлiмдерi, өрт сөндiру бөлiмдерi, техникалық қызметтiң өрт сөндiру бөлiмдерi, күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы (кадр, қаржы, медицина, шаруашылық қызметтерiн және оқу мекемелерiн қоспағанда) бастықтарының орынбасарлары. 3. Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторлар, инженерлер, анықтаушылар, ерекше маңызды iстер жөніндегі анықтаушылар, инспекторлар, диспетчерлер, өрт сөндiру жетекшiсiнiң көмекшiлерi (кадр, қаржы, медицина, шаруашылық қызметтерiн және оқу мекемелерiн қоспағанда). 4. Бас инспекторлар, бас мамандар, өрт сөндiру жетекшілерiнiң орынбасарлары, өрт сөндiру жетекшiлерiнiң көмекшiлерi, мамандандырылған жасақтар бастықтарының, бастықтарының көмекшілерi (жедел кезекшiлер), инженерлер, инспекторлар, анықтаушылар (кадр, қаржы, медицина, шаруашылық қызметтерiн және оқу мекемелерiн қоспағанда). 5. Газ-түтiннен қорғау қызметтерiнiң, құтқарушылардың, өрт сөндiру машиналарын жүргізу жөнiндегі аға нұсқаушылар (жүргiзушiлер). 6. Газ-түтiннен қорғау қызметiнiң, байланыстың аға шеберлерi. 7. Аға механиктер, жүргізушiлер, техниктер, радиотелефоншылар, өрт сөндiрушiлер, өрт сөндiрушi-құтқарушылар, бақылаушылар, прожекторшылар. 8. Радиостанциялардың бастықтары, бөлiмшелердiң командирлерi, сүңгуiрлер, жүргiзушiлер, диспетчерлер, шеберлер, кiшi инспекторлар, мотористер, радиотелефоншылар, өрт сөндiрушiлер, өрт сөндiрушi-құтқарушылар, прожекторшылар, барлық атаудағы техниктер, бақылаушылар, механиктер.
|