|
|
|
Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы (2012.28.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1506 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.28.06. № 867 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 ақпандағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2012.28.06. № 867 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2012.28.06. № 867 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 1270 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 628-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ережесі. ҚР Үкіметінің 2012.28.06. № 867 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1252 Қаулысымен біліктілік талаптары өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.28.06. № 867 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 449 қаулысымен бекітілген
Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары: 1) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуды; 2) мақта қолхаттарын беру есебін; 3) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі мақта тазалау зауытының және мақта қабылдау пункттерінің болуын; 4) мақта тазалау зауытында: кемінде бір мақта қабылдау пунктінің; шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдықтың; таразы жабдығының; желдету жабдығының; тиеу-түсіру тетіктерінің; мақтаның сапасын анықтауға арналған өндірістік-технологиялық зертхананың; мақтаны сақтауға арналған арнайы бөлінген орынның болуын; 5) мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінде: шитті мақтаны жинақтауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаңның; таразы жабдығының; сынамаларды іріктеуге және шитті мақтаның сапасын анықтауға арналған зертханалық жабдықтың; тиеу-түсіру тетіктерінің болуын; 6) мақта тазалау зауытында, сондай-ақ мақта тазалау зауыты орналасқан орыннан тыс жердегі мақта қабылдау пунктінде өткізу режимінің болуын; 7) тиісті білімі бар (басшылар үшін - жоғары техникалық немесе технологиялық білім, мамандар үшін - техникалық және кәсіптік (техникалық немесе технологиялық) білім)* техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының болуын қамтиды. Мақта тазалау зауытының, сондай-ақ мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінің аумағы қоршалуға тиіс.
Ескертпе: *тиісті білімнің болуы диплом көшірмесімен расталады (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариус куәландырған).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |